Талдықорған: +22°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОР, ЗАҒИПҚА ШАМШЫРАҚ

28.10.2024
КҮЛТӨБЕ
ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОР, ЗАҒИПҚА ШАМШЫРАҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда Салтанат сарайында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.


Шарада облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев сөз алып, көпшілік қауымды мерекемен құттықтады.

– Сіздерді Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің  мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мейірімділік пен жақсылықтың бұл мерекесі барлығына жанашырлық қажеттілігін еске салатын жақсы дәстүрге айналды. Сіздердің әлеуметтік саладағы тынбай атқарып жатқан жұмыстарыңыз өте маңызды және қоғамға қажет, – деп халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғауда жан-жақты тер төгіп жүргендерге шексіз ризашылығын білдірді.

Салтанатты шарада ыстық ықыласын ақтарған «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Амантай Раев, Жетісу облысының есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарға арналған «Инклюзия» қоғамдық бірлестігінің басшысы Айгүл Оқбаева мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайға алғыс айтты. 

Марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, үздік деп танылған мемлекеттік мекемелерге ақшалай сыйлық тарту етілді. Бұдан бөлек сала мамандарына «Еңбек ардагері» медалі және «Әлеуметтік – еңбек саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. 

–  Жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы 40 жылғы еңбегім бағаланып, облыс әкімінен «Еңбек ардагері» төсбелгісін алдым. Алакөл ауданы М. Төлебаев атындағы мектепте 40 жыл бойы ұстаздық етіп, жас ұрпақты тәрбиеледім. Еңбегімнің ақталғанына қуаныштымын. Басқаларға да осындай жетістік тілеймін, – деген «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталған физика пәнінің мұғалімі Қарлығаш Жакуова. Облыстың әлеуметтік қорғау жүйесінде еңбек етіп жүрген қызметкерлердің саны   2 мыңнан асса, оның 500-ден астамы әлеуметтік қызметкерлер. 

Облыста әлеуметтік осал топқа жататын 43 мың азаматқа 5,1 млрд. теңге көлемінде түрлі әлеуметтік көмек берілді. Оның ішінде биыл алғаш рет 18 жасқа дейінгі 32 мыңға жуық мүгедектігі бар балаға 6 АЕК құрайтын бір реттік әлеуметтік көмек төленді. Сондай-ақ, 2024 жылдан бастап 18 жастан асқан бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторлы-курорттық емдеуде алып жүру үшін жеке көмекшілерге біржолғы әлеуметтік көмек бекітілді.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Байланыс аясынан тыс жерде

Байланыс аясынан тыс жерде

14.06.2026
Тіл – ұлттың жаны

Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

14.06.2026
Бангкоктың ғажайып келбеті

Бангкоктың ғажайып келбеті

14.06.2026
Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.