Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«АҚСУ ӨҢІРІ» ГАЗЕТІНЕ 90 ЖЫЛ

29.06.2024
КҮЛТӨБЕ
"АҚСУ ӨҢІРІ" ГАЗЕТІНЕ 90 ЖЫЛ

Халық үшін қалтқысыз қызмет істеп келе жатқан «Ақсу өңірі» газеті биыл 90 жасқа толды. Ата басылым бұл күні бұқара мен биліктің арасын жайдарман, жағымды жаңалықтарымен жалғап, ауданның жақсылығын асырып-ақ тұр. Құқықтық тәртіпті нығайту, кәсіпкерлікті дамыту, жас ұрпақ тәрбиесі, денсаулық сақтау саласы, мәдени, әдеби шаралар, спорт бағыты, ел ішіндегі еңбегі ерен тұғырлы тұлғалар жөнінде кеңінен мағлұмат таратуда. 


Тарихы терең, тағылымы мол аудандық газет тұрғысында әріден сөз қозғамай өтпеске болмас. Ақсу аудандық «Ақсу өңірі» газеті өткен ғасырдың 1934 жылы қазан айының 1-де жарық көрді. Ол кезде екі тілде – қазақшасы «Ленин жолы», орысшасы «Путь Ленина» деген атпен жарық көрген екен. Кейіннен орысша «Путь Ленина» газеті Сарқан ауданына беріледі де, қазақшасы «Ленин жолы» Ақсу ауылына көшіріліп, Ақсу аудандық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары аудандық Советінің газетіне айналған. Сол кездегі газет те сауатсыздықты жою, әйелдер құқығын қорғау, социалистік ауыл шаруашылығын өркендету сияқты маңызды тақырыптардағы мәселелерді қаузап отырған.

Аталған басылым соғыс жылдарында, соғыстан кейінгі уақытта да елдің рухын көтеру, халық шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында жұмыс істеді. Бұл жылдары газетті Д. Кемпіреков, Е. Абдрахманов, Б. Баймолдинова, Т. Рысқалиев, Е. Жақсылықов сынды бірқатар тұлғалар басқарған.

– 1962 жылы аудандық газеттер қысқартылып, олардың орнына территориялық газеттердің шығуына байланысты Ақсу аудандық «Ленин жолы» газетінің соңғы нөмірі 22 сәуірде шықты да содан кейін Сарқан ауданына көшірілді. Сол жерде «Ленин жолы» деген атпен шығып, Сарқан ауданының еңбеккерлерімен бірге Ақсу ауданының тұрғындарына да таратылды. 1963 жылы әр ауданда аудандық газеттер қайтадан шығатын болып, «Ленин жолы» газетінің редакциясы барлық техникалық жабдықтарымен Ақсу селосына көшірілді. Осы жолы оның аты «Өмір нұры» болып өзгертілді. Содан кейінгі кезеңде Т. Есімжанов, Т. Қалилаханов, Ж. Майтжанов, М. Қоңырбаева, Б. Аманбаев, С. Тінтаев және О. Жұмашевтар  газет редакторлары болды, – дейді «Ақсу өңірі» газетінің директор — бас редакторы Ләззат Қасымбекова.

Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан кейін газет оқырмандары арасында басылымның атын өзгерту туралы пікір туындап, олар өз ойларын газет редакциясына, аудан әкімшілігіне сан рет айтып жеткізеді. Осыған орай аудандық ақсақалдар алқасы, «Қазақ тілі» қоғамы және газет қызметкерлерінің ұйғарымымен 1998 жылғы  19 наурызда газеттің атын «Ақсу өңірі» деп өзгерту туралы шешім шығады. Содан бері мұнда көптеген мамандар қызмет істеп, басқа салаға ауысып, я болмаса зейнетке шығып жатады.

Қазіргі таңда барлық аудандық газеттер сияқты «Ақсу өңірі» газеті де жекеменшікте. Оның таралымы өткен жылы 3000 дана болса, биыл 2500 данадан асып, аудан халқына таратылуда.

Басылымның дизайны, көркемділігі, мақалалардың дұрыс орналасуы, оқырмандардың көңілінен шығуы жауапты хатшы әрі тілші Ербол Сымхановқа жүктелсе, есеп-қисабы Гүлжазира Ермұратқызының мойнында. Мұнда Жанар Аубакирова тілші және бағдарламашының қызметін атқарады. Газеттің веб сайтын Дидар Қасымов, ал, көлігін Бауыржан Абсематов жүргізеді.

Айтуға  оңай болғанымен газетте жұмыс істеу оңай емес, қадірлі оқырман. Шаруасы шаш- етектен келген шаруалардікіндей мұнда да күз, көктем демей әр уақытта қарбалас, әр сағат қауырт. Ақпараттың шынайылығы, оның жұртқа түсінікті жету, жетпеуіне тікелей тілші де, онымен бірге жасасып келе жатқан ұжым да жауапты. Сондықтан қаламды қару еткен журналистердің, олар қызмет еткен мекеменің арқалаған жүгі ауыр болмақ.

«Ақсу өңірі» газетінің ұжымын облыстық «Jetіsý» газетінің тілшілер қауымы 90 жылдық мерейтойымен құттықтайды! Руханиятқа қосар сүбелі үлестері таусылмасын деп тілек білдіреді. Зерделі оқырмандарының қатары сиремейтініне, ұлттың асыл мұратын асқақтатып, жоғын түгендеп, құндылығын қастерлеуде аянып қалмайтындарына сенім артады.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

11.07.2025
Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

11.07.2025
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

11.07.2025
«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.