Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҒАСЫР ҒҰЛАМАСЫ

24 тамыз 2020
КҮЛТӨБЕ
ҒАСЫР ҒҰЛАМАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Димаш атамызбен әр кездесудің ерекше есте қалатыны белгілі. Оның мынасы маңыздырақ деп бөлектеп айту қиын, тіпті мүмкін де емес шығар. Сондай кездесулердің кейбір сәттеріне тоқтайын. 


1984 жылы Шымкент облыстық партия ко-митетінің секретары қызметіне ұсынылдым. Қалыптасқан дәстүр бойынша мұндай қызметке сайланар алдында СОКП Орталық комитетіндегі лауазымды тұлғалармен әңгімелесіп, солардың келісімін алып қайту қажет.

Мәскеуге жол жүрер алдында Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші секретары Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қабылдауында болдым. Кездесудің әрбір сәті күні бүгінгідей есімде.

Біздің партия басшысының кадрлармен сөйлесу кезінде өзінің ақкөңілділігімен баурап алатын ерекше қасиеті бар еді. Содан кейін де шығар, бойымдағы қысылып-қымтырылу сезімі алғашқы минутта-ақ ғайып болды.

Сол кезде атқарып жүрген қызметім жайындағы әңгімеден соң Димаш Ахметұлы алдағы жұмыстың жайына тоқталды. Мені ол кісінің облыстағы жағдайды, оның экономикасын, жетістіктері мен өзекті проблемаларын терең білетіндігі таңғалдырды. Кадрлар, өңірдің салт-дәстүр ерекшеліктері, осыған дейін жүздескен адамдар жайлы пікірін білдірді. Асығыс шешім қабылдауға асықпау қажеттігін де есіме салды. Менің жұмыс стилімнен хабары бар сияқты.

Әңгімені қорытындылай келе Димаш Ахметұлы былай деді: «Біз сізді облыстағы қызметке білікті партия қызметкері ретінде жіберіп отырмыз, сенімді ақтайтыныңызға күмәнім жоқ. Мәскеудегі әңгімеде республикадағы кейбір басшыларды орталықтың кереғар көзқарасынан қорғаймын деп өзіңіз жазықты болып қалып жүрмеңіз. Қазақстан КП Орталық Комитеті жіберген кадрдың дайындығы нашар деген қорытынды жасалуы мүмкін, бұл біздің абыройымызға дақ түсіретін жағдай. Ендеше партиялық жұмыстың негізгі мәселелері бойынша болатын әңгімеге тыңғылықты дайындалуыңыз керек».

Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші секретарының көрегендік ақылы маған үлкен демеу болды. Өйткені әңгіме өте күрделі жағдайда өтті, партиямыздың лидері болжаған қауіптің барлығы расталды. 

Әңгіме таңғы сағат 8-ден түнгі 12-ге дейін жалғасты. Партиялық жұмыс қана емес, кейде тіпті жеке өміріме қатысты да сұрақтар жаңбырша жауды. 

Менімен бірге басқа облыстардағы дәл осындай қызметке екі үміткер келген болатын, бірақ олар өте алмай қалды. Негізінде маған Димаш Ахметұлының ақыл-кеңестері көмектесіп, берген батасының шапағаты тиді ғой деп ойлаймын.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевпен алғашқы жүздесуім Совет аудандық партия комитетінің бірінші секретары қызметіне тағайындалардың алдында болған еді. «Алматы облыстық партия комитеті сізді ұсынып отыр, демек, сенім білдірді. Аудан үлкен, орталықта. Табыс тілеймін», – деді Димекең қысқа қайырып. Әңгіменің қысқа болғанына қарамастан СОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті бірінші секретарының қабылдауының өзі маған үлкен жауапкершілік жүктейтінін түсіндім.

Халқының аяулы перзенті болған  Д. А. Қонаевты соңғы сапарына шығарып салу шарасына Алматы қаласының әкімшілігінен мен қатыстым. Халқының Кеңсайға дейінгі жолды гүлмен безендіріп тастағанын көзіммен көрдім. Театрға кіріп қоштаса алмай қалдық деп ренжігендер қаншама? Есімде қалған бір эпизодты келтіре кетейін. Егделеу орыс әйелі: «Димаш, дорогой, зачем нас покинул, при тебе капуста стоила 16 копеек», – деп егіле жылап тұрды (азық-түліктің бағасы көтеріліп жатқан кез болатын).  

Халықтың Дінмұхамед Ахметұлына деген құрметі мен сүйіспеншілігінде шек жоқ десем, асырып айтқандық бола қоймайтын шығар. Ол кісінің еліне жасаған еңбегі еш уақытта ұмытылмайды, халқының жүрегінде сақталады. Димекеңнің заманымыздың жарқын да дара тұлғасы болғандығын бүгінде өмірдің өзі айғақтап отыр.

Әсен Беспаева,
 зейнеткер, мемлекеттік қызмет ардагері
 

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.