Талдықорған: +23°C
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«АУЫЛ АМАНАТЫ»: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

03.08.2023
КҮЛТӨБЕ
"АУЫЛ АМАНАТЫ": ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Жамбыл облысында пилоттық жоба болып басталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы биылдан бастап еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асуда. «Amanat» партиясының мұрындық болуымен қолға алынған мемлекеттік жобаның түпкі мақсаты – ауыл халқының әлеуетін көтеру, елдегі кәсіп бастаймын дегендерді сүрлеуден даңғылға бағыттау. Жетісу өңірінде де қанат қомдаған жобаның жүзеге асуына 3 млрд. 200 млн. теңге бөлінген. Осынша сомаға облыс аумағында 581 тұрғынның кәсібі дөңгеленеді деп күтілген. Қазір жыл ортасынан ауды. Бірақ, атаулы жобаның бірден қанат жайып кетпегені көңілге күдік ұялатып отыр. Себебі, «Ауыл Аманатына» құзыретті «Жетісу» ӘКК-не ұсынылған 272 бизнес жобаның талайы жарты жолдан кейін қайтқан. 


 Тұрғындар сан шапаттап, 2,5 пайыздық несиеге қол жеткіземіз деп атойлағаны әп сәтте алаулаған отқа май тамызғандай бықсып қоя берді. Қол жетеді дегені сағымға айналғандай. Бұл – біздің пайым емес, көпшіліктің пікірі. Көптің көңіліне үміт емес, күдік ұялатқан «Ауыл Аманатының» өңірдегі қарқыны қандай? Бастаманың жұрт айтқандай басына үйірілген қою бұлттай мәселесі қайсы? Партия бастап, Үкімет жасақтаған бағдарламаның байыбы не болмақ? Осы сауалдар төңірегінде өзімізше жауап іздеп көрдік…

Жоғарыда айтқанымыздай, жобаның іргесін қалап, Үкіметке ұсынған «Amanat» партиясы. Саяси құрылымның өз қарлығашының қанат қаққанына, самғауына септесуі заңдылық. Осы орайда, партияның Жетісу облыстық филиалының есігін қақтық. Филиал төрағасы Арыстанғали Арын «Ауыл Аманатының» жүзеге асуына жан-жақты жағдай жасап жатқанын алға тартты. Айтуынша, партия тұрғындар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейткен. Өңір тұрғындары кез келген филиалға бас сұғып, жоба туралы, жобаға қатысу жайында ақпарат ала алады екен.

– Жамбыл облысында сәтті жүзеге асқаннан кейін елімізде жаппай қолға алынған бағдарламаның әлі де кемшін тұсы кездесуде. Партияның орталық аппаратында бағдарламаны одан әрі жетілдіру мақсатында тұжырымдама даярлануда. Осы орайда саяси құрылымның филиалдары арқылы тұрғындардан бағдарламаның кемшіліктері туралы ақпарат алынып, партия орталығына ұсыныс берілуде. Қазір «Ауыл Аманаты» жобасының сәтті жүзеге асуы үшін облыстағы барлық деңгейдегі филиалдарда ақпараттық орталық ашылды. Филиал төрағаларынан бастап қызметкерлерге дейін тұрғындарға жан-жақты ақпараттық қызмет көрсетеді. Әрине, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, тығыз қарым-қатынас орнатып жұмыс жүргізудеміз. Филиал төрағалары халықпен кездесіп, түсіндірме жұмысын жүргізіп келеді, – деді Арыстанғали Арын.

Партия филиалы төрағасының айтуынша, тұрғындар бағдарламаға қатысуға құлықты болғанымен жалпы «Ауыл Аманатының» негізгі миссиясын жете түсінбеген. Соның нәтижесінде сәтті бағдарлама туралы жағымсыз пікір айтуда. Арыстанғали Арын «Ауыл Аманаты» ауылдағы ағайынның әлеуетін бірден көтеруге бағытталмағанын, сол әлеуетті тұрғындар өзі көтеруіне жағдай жасайтынын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, қоғамда кәсіпкерлікті қолдауға негізделген кез келген бағдарламаны кәсіп бастауға бағытталған деп қабылдаудың орнына, дайын кәсіптің өзі деп біледі екен. Сол сықылды партия түрткі болған бастаманың да өзегі дайын кәсіпке суға күмп етіп қойып кететіндей емес, жаңадан бизнес бастап, оны өркендету арқылы өз әлеуетін көтеру деп түйсінген абзал. Былайша айтқанда, «Ауыл Аманаты» – кәсіпкерліктің алғашқы сатысы.

Көпшіліктің алаңдауын тудырып, үміттен гөрі күдігін басым еткен бағдарламаны жүзеге асырушы – «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Аталмыш құрылым кәсіп бастаймын дегендердің құжаттарын қабылдап, несие береді. Бағдарламаның байыбы туралы білмекке «Жетісу» ӘКК-ге де ат басын бұрдық. Корпорация басқармасы төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Іскеновтың айтуынша, жұрт айтқандай бағдарламаға ұсынылған өтінімнің бәрі кері қайтып жатқан жоқ. Шілде айының соңына дейін құзыретті құрылымға 272 өтініш келіп түскен. Әуелде бағдарламаға қатысуға ниеттілер бағдарлама жайын жөнді түсінбей, несие береді деген соң атойлапты. Несие беріледі, бірақ жөнімен берілетінін ұқпаса керек. Нұрсұлтан Іскенов бағдарламаға өтініш бергендер қатарынан 3 жоба ғана кері қайтарылғанын айтады. Оның да өз себебі бар. Несиелік жүктемесі көп. Мысалы, екінші деңгейлі банктерде 5-6 млн. теңге төленбеген несиесі бар. Соған қарамастан бағдарламаға қатысуға ниет білдірген. Жұрт айтқандай, кепіл мүлкінің талапқа сай болмауынан несие ала алмаған және ала алмайтын жоба ұсынған өңір тұрғыны жоқ.

 – Қазіргі кезде келіп түскен 272 өтініштің 202-сінің құжаттары толықтырылуда. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан мал асырауға байланысты жоба жасақталса, төрт түлік құны асыра көрсетілген. Мәселен, мүйізді ірі қараның құны 600-700 мың теңге деп бағаланған. Ал, кепіл мүлкіне байланысты 35 жоба кері қайтарылды. Бұл ұсынылған барлық жобаның 17 пайызын құрайды, – дейді басқарма төрағасының орынбасары. 

Құзыретті құрылым берген мәліметке сүйенсек, ұсынылған бизнес жобалардың 12-сі салықтық қарызына орай, 17 жоба дайын сауда-саттық жобасы болғасын мақұлданбаған. Қазір пысықталып жатқан жобалардың 190-ы, яғни 94 пайызы мал шаруашылығына бағытталса, 12-і өзге бизнес түріне бағытталған. Басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Іскеновтың айтуынша, қазір 10 өтініш мақұлданып, 37,7 млн. теңгеге несиелендірілген. Сонымен қатар, 57 жоба бағдарлама шартына сай деп танылған. Бірақ әзір қаржыландырылмапты. Құны 1 млрд. 299 млн. теңгенің 202 жобасына кемшін тұстарын түзету ұсынылған.

 – Қазір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жанындағы несиелік комитеттің қарауына аптасына 25 жоба ұсынылады. Бұл жобалардың бәрі талапқа сай деп айта алмаймыз. Кемшін тұстарын қалпына келтіру, түзетулер енгізу қажеттігін айтып, қайтарамыз. Бұл жобалар несиелендірілмейді деген сөз емес. Осы уақытқа дейін несиелендірілмеген 3-ақ жоба бар. Олардың өзі жұмыссыз адам басқа көздерден жақында ғана несие алып, бізге де жоба ұсынады. «Ауыл Аманаты» қайтарымсыз қаржыға негізделмеген. Бұл – аз пайыздық несие. Мұндай тұлғалар уақыты келгенде қарызын қайтара алмауы мүмкін. Ал, «Жетісу» ӘКК берілетін несиесінің қайтаруын да жоспарлауы керек. Сонымен қатар, тұрғындар арасында қаржылық сауаттылықтың да төмендігі бізге біршама кедергісін тудыруда, – дейді Нұрсұлтан Іскенов. 

Кез келген бизнес жоспар қаржылық әлеуеттілігін дәлелдемесе, онда ол сәтті жасалған дей алмаймыз. Осы ретте қаржылық сауаттылық аса қажет. Мұндай сауатты тұрғындар арасында арттыруда «Amanat» партиясы оңтайлы жобаларды жүзеге асыруда. Партияның облыстық филиалы төрағасы Арыстанғали Арын «Қарызсыз қоғам» жобасы жүріп жатқанын да алға тартты. 

Жұрт арасында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы жайында кейде теріс пікір айтылады. «Жобам несиелендірілмеді» деген кей тұрғынның сөзіне де құлақ түрдік. Түптеп келгенде, олар бағдарлама шартына сай бизнес жоспар жасақтамаған. Несиелік қарыздары көп. Әйтеуір, кемшілігі жетерлік. Бірақ, дені газет бетіне пікір білдіруден басын алып қашады. Осындайда ұлт ұстазы Ахаңның, Ахмет Байтұрсынұлының сөзі ми қатпарында атойлайды: «Жұрт жайын білетіндер – көп, істейтіндер – аз». «Ауыл Аманаты» турасында айтылып жүрген әңгіме де осыған саяды.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

06.08.2026
Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

06.08.2026
Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

06.08.2026
Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

06.08.2026
Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

06.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.