Талдықорған: +7°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ауқымды іс атқарылды

19.07.2018
КҮЛТӨБЕ
Ауқымды іс атқарылды
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен селекторлық отырыста облыс әкімі  Амандық БАТАЛОВ өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта іске асырылуы тиіс жоспарларды баяндады. Өңір экономикасын дамытып, өнімді еселеуде жыл басынан бері біраз істің басы қайырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілген. Қай салада болсын алға басу бар.

Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,7%, ауылшаруашылығы 3,1%, құрылыс 5,9%, бөлшек сауда айналымы 8,2%-ға өскен. Салық түсімі жергілікті бюджетпен салыстырғанда 16,1%-ға жоғарылапты. Соның бірі – ауылшаруашылығы. Аталған сала бойынша нақты көлем индексі артып, қыруар инвестиция тартылды. Мемлекеттік реттеуді цифрландыру аясында биыл субсидиялық бағдарламалардың бәрі автоматтандырылды. Мал шаруашылығында «смарт фермалардың» қатарын көбейту міндеті тұр. Бұл ретте облыстық бюджет пен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландыруымен ауқымды жұмыс атқарылуда. Іле ауданындағы итальяндық «Gremonini»  компаниясының қатысуымен 25 мың тонна сиыр еті мен Германияның «Бауманн» компаниясымен 30 мың тонна қой етін өңдіретін зауыт салу жұмысы басталады. Бұлар кластерлік жүйедегі нысандар, яғни онда бордақылаудан бастап дайын өнімді өткізуге дейінгі тізбек қарастырылған. Аталмыш жобалардың қуаттылығын толық қамту үшін мал басы мен өнімділігін арттыру қажеттігі туындайды. Өңірде еттен басқа майбұршақ майын, балық өнімдері мен жаңғақты, балды экспортқа шығару мүмкіндігі зор. Сондықтан алдағы жылдары тамақ өнеркәсібінде ет, сүт, жүн, тері, майлы дақылдар, жүгері, жеміс, көкөніс, қант қызылшасы мен картопты тереңдете өңдеуді қолға алмақ. 
Ауқымды жұмыстардың қатарында өңірдің инвестициялық жағдайы да арта түсті. Тұтастай алғанда, жүзеге асырылған 50 инвестициялық жоба құны 1 млрд. теңгеден асқан. 5 айдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемінің өсуі өңдеу өнеркәсібінің 26%-ын құрады. Өнеркәсіп пен азық-түлік өндірісі, сусындар мен  қағаз, машина жасау, химиялық және фармацевтикалық өнімдер көлемі артқан. Айталық, индустрияландыру картасы бойынша биыл құны 19,3 млрд. теңге тұратын 5 жоба іске асырылады. Яғни, тамызда электронасос шығаратын зауыт «Вилло» іске қосылса, қыркүйекте «Империя Фуд» ет өңдеу кешені, жыл соңына қарай азық-түлік өнімдерін өндіретін «Маревен Фуд» зауыты жұмысын бастайды. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдауға да қомақты қаражат бөлінген. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы индустриалды аймақтарға инженерлік инфрақұрылым тартуға қарастырылған қаражат та бар. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша шағын несиелендіру мен оқытуға бағытталған қаржы көлемі де аз емес. 
Құрылыс жұмыстарының көлемі өсіп, газдандыру жоспарға сай атқарылуда. Жол құрылысы мен қайта жаңғыртылуға және күрделі, орташа, ағымдағы жөндеулерге де айрықша көңіл бөлінген. Білім, денсаулық сақтау саласы бойынша бірқатар нысанды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.  Медициналық мекемелер мен ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға тиісті жұмыстар да жүйелі атқарылуда. Алдағы қысқа дайындалып, қысылмай шығу үшін бюджеттік мекемелерге сұйық отын мен көмір сатып алуға да қомақты қаражат қарастырылыпты. Биыл 19 елді мекенді газдандыру жоспарланса, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында ауызсу мен кәріз жүйелерін қайта жаңғырту, сумен жабдықтау мен кәріз желілерін жөндеу көзделуде. Сұйық отынмен жанатын қазандықтарды ауыстыруға, бюджеттік сала нысандарының жылыту жүйесін газға ауыстыруға қажетті қаражат та тиісті көлемде бөлініпті. 
– Жетісудың байлығы – туризм. Бұл бағыттағы жұмыс көңіл қуантады. Өткен жылы Алматы – Талдықорған күрежолын салу жұмысы аяқталып еді. Биыл Талдықорған – Үшарал – Достық бағытындағы жол салу жұмысы басталды. Сондай-ақ, өткен жылы Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласындағы әуежай қолданысқа беріліп, Алматы – Талдықорған бағытында пойыз қатынап,  туристердің Алакөлге қиналмай барып, алаңсыз демалып қайтуына жағдай жасалды, – деді Амандық Ғаббасұлы.
Облыс әкімінің баяндамасынан кейін Ауылшаруашылығы, Білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, Инвестиция және даму министрлері өз ойын айтып, облысымызда атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Үкімет басшысы да облыс әкімінің баяндамасына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, өзге өңір басшыларына тек баяндамада көрсетілген жетістіктерді оқып, құрғақ сандарды тізіп қана шықпай, кездесіп жатқан түйткілді мәселелерге, кемшін тұстарға, оны түзету жолдарына ден қою қажеттігін ескертті. 
Үкімет басшысы мен министрлер айтқан жетістіктер мен сын-ескертпелерді назарға алған облыс әкімі Амандық Баталов: 
 – Жалпы, облыс бойынша барлық салада ілгерілеушілік бар. Алдағы уақытта болған кемшіліктерді қайталамай, межеленген жоспарларды орындау бағытында жұмыс істеуге тырысамыз. Әсіресе, өнеркәсіпті өркендету, қайта өңдеу ісін өрістету, ауылшаруашылығы, құрылыс, соның ішінде жол жөндеу мен тұрғын үй салу, газдандыру жұмыстарын жандандыру, шағын және орта кәсіпкерлік пен туризмді дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, балаларды балабақшамен қамтамасыз ету сияқты істерге ерекше мән беріп, халыққа қызмет етуге күш саламыз, – деп алдағы міндеттерді атап өтті.

 

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.