Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақ тілі — қазынамыз

17.01.2017
КҮЛТӨБЕ
Қазақ тілі - қазынамыз
WhatsAppTelegramFacebook

Тіл –  ұлттың айнасы,  мемлекеттің тірегі. Сондықтан да әрбір қазақстандық қазақ тілін білуге міндетті. Осыған келгенде облысымызда, қала берді республика деңгейінде күрмеуі қиын мәселелер қылаң беруде. 

Бұл туралы Талдықорған қаласының Тіл сарайында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық ОМАР жүргізген былтырғы жылы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында атқарылған шаралар және болашақ жоспар баяндалған қорытынды жиында сөз болды. Басқосуға аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тілге жауапты мамандар, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының меңгерушілері қатысты. Алдымен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Ахмет Кендірбекұлы баяндама оқып, облыс көлемінде жасалған жұмыстарға тоқталып, келешекте жүзеге асуға тиіс іс-шара жайын көпшілікпен бөлісті. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші кезеңі аяқталады, үшінші кезеңіне аяқ басамыз. Мемлекеттік тілді меңгерген ересек азаматтардың үлесін қазтест нәтиежесі бойынша осы жылы 80 пайызға жеткізу көзделеді. Әр аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тіл мамандары құжаттардың қазақ тілінде жүргізілуін бақылауға алуы тиіс және тіл оқыту орталықтарын заманауи техникамен қамту керек», – деді Ахмет Кендірбекұлы.
Жарыссөзге шыққан Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаев ауданда орналасқан «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің атауын «Жетісу-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қылып өзгертуді ұсынды. Ал Қапшағай қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б. Шайкенова мен облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Қарасай аудандық филиалының меңгерушісі        Ж. Оразалиева 2016 жылы жеткен жетістіктерімен бөлісті.
Жиынды қорытындылаған Жақсылық Мұқашұлы күн тәртібіндегі мәселелерді сөз етіп, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармаға,  аудан әкімдіктеріне, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне бірнеше тапсырма жүктеді. «Қазіргі сәтте өзге ұлт өкілдерінің көпшілігі қазақша түсінеді, жазып, сөйлейді. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болған соң алдыңғы орында тұруы тиіс. Алайда, қазақ мектептерінде орыс тілі, орыс мектептерінде қазақ тілі, ал екі тілді мектепте ағылшын тілі мәселесі жоқ емес, соны қолға алу керек. Мемлекеттік тілді оқыту жүйесін жаңалау жоспарда бар. Жарнама, билборд және баннердегі қателіктерге мән бермей жатамыз. Сөзбе-сөз аударған соң ол сөз өз мағынасын жояды. Халыққа қызмет көрсететін ғимараттар: ресторан, кафе, дүкендердің атауына мән берген жөн», – деген Жақсылық Омар ономастикаға да үлкен назар аударды. Ол ономастиканың жаңа жүйесін қалыптастырып, ауыл, мектеп, көше атауларын өзгертуде аса сақ болу қажеттігін ескертті. Айталық, қалыптасқан қағида бойынша көпшілігі өзінің ата-бабасының есімін беруге ұмтылады. Болашақ ұрпақ үшін бұл үлкен қателік. 
– Қазақ қашанда сөзге бай, оның орнына «Болашақ», «Мәңгілік Ел» сынды деген атауды неге бермеске? Сосын жер-су аттарына үлкен назар аудару керек, халықтың құлағына сіңіп қалған және тарихи мәні бар, картада өзіндік орнын алған атауды өзгерту оңайға соқпайды және Жоңғар сөзін Жетісумен алмастыру қисынға келмейді. Бір ай мерзімде осы аталған мәселелерді жүзеге асыру үшін әкімдіктің жанынан бір-бір жұмыс тобын құруды тапсырамын, көбіне қоғамдық ұйым қызметкерлерін тартыңыздар, – деді Жақсылық Мұқашұлы сөз соңында. Сондай-ақ «Алматы облысының елді мекен атаулары» атты кітаптың тұсауы кесіліп, «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясының қорытындысымен Ақсу, Талғар ауданы мен Қапшағай қаласы әкімдіктері марапатталды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026
Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.