Қазақстанда биыл алғаш рет 382 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ҚР Білім министрлігінің мәліметіне сүйеніп.
Министрлік мәліметінше, бірінші сынып оқушыларының басым бөлігі Алматы мен Түркістан облыстары, Алматы қаласында байқалады. Ал қазақ тілінде оқытылу көрсеткіші жоғары өңірлер есебінде Шымкент, Түркістан және Алматы облыстары аталады.
Жаңа оқу жылында 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті — 188 900 оқушы. Жалпы, 2023-2024 оқу жылында мектептерде 3,9 миллионға жуық қазақстандық білім алады.
55 мың бала оқу жылын жаңа мектептерде бастайды. 2023 жылдың соңына дейін жаңа 132 мың орындық білім беру ұйымдары пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Елімізде барлығы 7,7 мың орта білім беру ұйымы бар.





