Талдықорған: -6°C
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Азат ауылындағы қуаныш

05.09.2016
КҮЛТӨБЕ
Азат ауылындағы қуаныш
WhatsAppTelegramFacebook

Білім күнінде Азат ауылының тұрғындары ерекше қуанды. Жаңа­дан салынған 300 орынды мектеп оқу­шы­ларға есігін ай­қара ашты. Игі шараға жиналған жұрт­шы­лықтың қарасы мол. Көзайым қуаныштан еш­кім­нің шет қалғысы келмейді. Құ­шақ­тары гүлге толған мек­теп оқу­шылары айналаны сұлу­лық­қа бөлеп тұр. Әуе­леген ән құлақтың құрышын қан­ды­рады. Күз келсе де кү­лімдеген көк аспан зеңгір көктен жаз­дың лебін төгеді.

Ашылу салтанатына арнайы қатыс­қан облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев аймақтағы оқу-ағарту саласы­ның жетістіктерін атап өтті.

– Биыл – ерекше жыл. Олай дейтіні­міз, өркениетке бет алған жасампаз хал­қымыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өткелі отыр. Осынау кезең ішінде Елба­сымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстан­ған сара саясаты өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Жас ұрпақ – жаңа қазақ өсіп, ержетіп, Көк туын көкке желбіретті.

Тәуелсіздік тойына арналған бір ша­шу – өздеріңіз көріп отырған мынау жаңа мектеп үйі. «Нұрлы Жол» бағдар­ла­масы аясында осындай шаралар об­лыс­та көптеп ұйымдастырылып жатыр. Қуаныштарыңыз құтты болсын, – деді Бақтияр Әлтайұлы.

Соңғы жылдары көшіп келушілер көбейіп, Азат ауылының аумағы ұлғая түсті. Сондықтан мектепте сабақты үш ауысыммен оқытуға мәжбүр болған. Оның үстіне 11 жылдық орта мектептің қажеттігі барған сайын білінді. Осыған орай ауыл тұрғындарының өтінішін ескеріп, облыс басшылығы жаңа мектеп салудың жайын ойластырды. Құрылыс­тың жобасы жасалып, оған 747 800,8 мың теңге қаржы бөлінді.

«Риголит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысты өткен жылдың мамыр айында қолға алып, оны дер ке­зінде аяқтады. Соның нәтижесінде Азат ауылының тұрғындары биылғы жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алып отыр.

Лентаны қию құрметі облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев пен ау­дан­ның Құрметті азаматы Қожахмет Ша­махуновқа тапсырылды. Жиналған­дар бұл көрініске айрықша қошемет көр­сетті. Ұлт­тық дәстүріміз бойынша шашу ша­шыл­ды. Сыңғырлаған алғашқы қоңы­раудың дауы­сы жаңа оқу жылының бас­талғанын бар­шаға паш етті.

Мектеп директоры Шолпан Қоша­ха­нова көпшілікке мектеп ішін аралатып көр­сетті. Сәулетіне нақыштары сай жаңа ны­сан жар­қырап тұр. Сынып бөлме­ле­рі­нің, ау­қым­ды дә­ліздердің тынысы кең. Мә­жіліс залы, спорт залы, кітапхана бү­гін­гі күннің талап­та­рын толық қана­ғат­тан­дырады. Ас­ха­на ту­ралы да осылай ай­туға болады. Мек­теп ішін­де құрал-жаб­дықтар жеткілікті. «Кір­­се – шыққысыз» деген теңеу осын­дай­да айтылса керек. Қысқасы, ауыл мек­те­бі­нің келбеті мен көркі қала мектебінен кем емес.

– Біздің ендігі міндетіміз – білімді, тәрбиелі, отансүйгіш азаматтарды өсіріп, бау­лып, түлету. Ұстаздар қауымы сондай ұлы мұраттар үшін тер төгеді. Ауылға жа­салған жақсылықтың қарымтасын еңбе­гі­міздің игі нәтижесімен көрсеткіміз келеді, – дейді мектеп директоры Шолпан Қоша­ха­нова көпшілікпен әңгімелескен бір сә­тінде.

Жаңа дүниенің көрімдігі болатыны анық. Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев облыс әкімдігі атынан мектеп ұжы­мына соңғы үлгідегі түрлі-түсті теле­ди­дар табыстады. «Басы құтты болса, жал­ғасы мықты болады». Бәріміз осы пікірге қосылдық.

Болат МӘЖИТ

Еңбекшіқазақ ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – еліміздің дамуындағы тарихи қадам

Жаңа Конституция – еліміздің дамуындағы тарихи қадам

01.03.2026
️Жаңа Конституция халықтың құқығын қорғап, тұрақты болашаққа жол ашады

️Жаңа Конституция халықтың құқығын қорғап, тұрақты болашаққа жол ашады

01.03.2026
Диплом бар, жұмыс ше?

Диплом бар, жұмыс ше?

01.03.2026
Ана тілі – ұлттық код

Ана тілі – ұлттық код

01.03.2026
Тренд пе, қажеттілік пе?

Тренд пе, қажеттілік пе?

01.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.