Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАБА РУХЫНА ТАҒЗЫМ

22 шілде 2019
КҮЛТӨБЕ
БАБА РУХЫНА ТАҒЗЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Кеген ауданында өз тұсында жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен Қалыбектей батыр бабаның рухын асқақтатқан тағылымды дүние орын алды. Атап айтқанда, шамамен 1670-1750 жылдары өмір сүрген халық батыры Қалыбекке ескерткіш орнатылды. Әйгілі Кеген асуының үстіртіне орын тепкен мүсіннің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев қатысты.


Батыр баба ескерткішінің алдында жергілікті ақын Серік Сүйіндік  жырдан шашу шашты. ҚР Мәдениет қайраткері, сазгер Жақсылық Әбдірамановтың «Қалыбек баба» атты әнін ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші Талғат Күзенбаев орындады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Ермұрат Үсеновтің бабаға арналған күйінің тұсауы кесілді. Ақын Бақыт Беделханның «Баба рухына тағзым» атты композициялық туындысынан үзінді көрсетілді. Оны М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының Бауыржан Қаптағаев, Омар Қиқым, Бекжан Тұрыс секілді әйгілі әртістері сомдады. Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев, таулы өңірден шыққан айтулы тұлғалар Бексырға Данышпанов, Әрмен Рысмендиев, Аян Айтжанов, Стахан Белғожаевтар бастаған мәртебелі қонақтар ескерткіштің лентасын қиып, гүл шоқтарын қойды.

– Жетісу өлкесінің табиғатымен дараланатын әрі тарихи құндылыққа толы өңірінің бірі – Кеген ауданы. Осынау шырайлы да шұрайлы мекеннен көптеген ақын-жазушы, академик ғалымдар, айтулы тұлғалар шыққан. Солардың бірі – Қалыбек батыр. Бабамыз өз тұсында жеріне пана, еліне қорған болып, жұртының жоғын жоқтады. Батыр бабамызға арнап ескерткіш тұрғызған бүгінгі ұрпағына алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – деді облыс әкімінің орынбасары  А. Әбдуәлиев.

Өз тұсында Кеген ауданының бірінші басшысы болған Бексырға Данышпанов батыр баба туралы кеңінен толғады. Қалыбек батырдың жастық шағы Әз Тәукенің уақытына, ержетіп, ел қорғанына айналған шағы Абылай ханның дәуіріне сай келгенін, шежірешілердің айтуынша, ол көп жасаған, кесек денелі, айбарлы, алып тұлғалы, ақсары жүзді адам болғанын, қазір баба сүйегі Жалаулы ауылының маңында жатқанын атап өтті. 

Сол сынды тарих ғылымының докторы, академик Хангелді Әбжанов, медицина саласының қайраткері Тұрарбек Төлендиев сөз алып, ескерткішке тапсырыс беріп, орнатқан «Айт-Қалыбек Мамадайырұлы» атындағы қоғамдық қорға, оны қаржыландырған баба ұрпақтарына, осы күні Кеген асуының шығар биігіне ескерткіштің орнатылуына қолдау көрсеткен аудандық, облыстық әкімдік мәдениет басқармасы басшыларына батыр баба ұрпағының атынан алғыс айтты. Дін ғылымының докторы, исламтанушы Қайрат Жолдыбай батыр баба аруағына арнап Құран бағыштады. 

Қарқара жайлауында Қалыбек батырға арналып үлкен ас берілді. Кең жайлау төріне тігілген жаздық сахна төрінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, облыстық Тәртіптік кеңестің төрағасы Серікбай Нұрғисаев, облыстық мәслихаттың депутаты Ызғарбек Бектұрсынов, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы, Президент сыйлығының және «Дарын» жастар сыйлығының иегері Жанарбек Әшімжан, Кеген аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сабыр Досымбеков сөз алып, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Қалың қазағына танымал Рамазан Стамғазиев, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер жиналған көпшілікке әсем әндерін тарту етті. «Ереуіл» халықтық фольклорлық ансамблі өнерін көрсетті. Бабаға арналған үлкен астың соңы ат бәйгесіне ұласты. Сөйтіп, Қалыбек батырға арналып орнатылған ескерткіштің ашылу салтанаты ел жадына ұмытылмастай ұялап қалды.

Облыс әкімінің орынбасары А. Әбдуәлиев Кеген ауданына іссапары барысында өңірдегі бірнеше әлеуметтік нысанды аралап, жайын білді. Саты ауылындағы  А. Түркебаев атындағы орта мектепке биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимараттың сыртқы жағы мен шатыры аяқталуға жақын. Үшінші қабатынан бастап есік, терезелерін орнату, ақтау жұмыстары қауырт жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстарын Сейдолла Сартбеков басқаратын «Риголит» ЖШС-і жүргізуде. Облыс әкімінің орынбасары А. Әбдуәлиев істеліп жатқан жұмыстарды бастан-аяқ көріп, серіктестіктің директоры С. Сартбековке жөндеу жұмыстарын 25 тамызға дейін сапалы бітіруді, мұнда еңбек етіп жатқан құрылысшылардың санын көбейтуді тапсырды. 

Бұдан кейін Жалаңаш ауылындағы аурухананы көрді. Оның жұмыстарымен аурухана меңгерушісі Берік Әлиев таныстырды. 1963 жылы салынған бұл ғимарат өз тұсында интернаттың жатақханасы болған екен. 1991 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдық аурухана орналастырылған. 20 төсектік ауруханада 5 дәрігер, 23 орта буынды медицина қызметкері еңбек етеді. Жедел жәрдем бөлімі жұмыс істейді. Аурухана өңірдегі 4 ауылдық округ тұрғындарына қызмет көрсетеді. Аурухана ғимаратын заманауи күрделі жөндеуден өткізудің жоба-жоспары жасалыпты. Облыс әкімінің орынбасары бұл шаруаға көмектесетінін, назарына алатынын айтып, бірсыпыра ескерту жасады. Бұдан соң Жалаңаш ауылындағы Ж. Ермегияев атындағы орта мектепте болып, бірнеше пән бөлмелерін, спорт, мәжіліс залдарын көрді. Мектепте 300-ге жуық оқушы бар. Сексенге тарта мұғалім еңбек етеді. Облыс әкімінің орынбасары мектептен өнер мектебінің филиалын ашуды, өзге де балаларға қажетті дүниелерді жүзеге асыруды тапсырды.

Қанат БІРЖАНСАЛ 
 

Қатысты жаңалықтар

Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Бүгін, 13:00
Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Бүгін, 12:30
Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Бүгін, 12:03
Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін, 11:54
Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.