Талдықорған: +14°C
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАҒБАНДЫҚ КӘСІПТІ ЖАҢҒЫРТАЙЫҚ

14.11.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан – алманың тарихи және табиғи отаны екендігін бүкіл әлем мойындап отыр.  Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарының топырақ-климаттық жағдайы алма өсіру үшін өте қолайлы. Өткен ғасырда елімізде алма жемісін өндіруге бар жағдай жасалды. Алматы апорты дүниежүзінде ең жоғары сұранысқа ие алманың сорты. 


ХХ ғасырдың аяғында экономикалық дағдарыстың салдарынан алма жемісін өндіру тиімсіз сала болды. Ғасырлар бойы атадан балаға беріліп келе жатқан бағбандықтың қыр-сырынан айырылып қалдық. Бағбандықты жаңадан бастаймын дегендерге өте қымбат технологияларды қолданғанда ғана мемлекет тарапынан  қаржылай жәрдем көрсетіледі. Соның салдарынан көптеген бақ жаңартылмай, күтімсіз қалып, бағбандар ішкі нарық сұранысының жартысын да қамтамасыз ете алмай қалғаны белгілі. 

Қазақстанда жылына 130,0-140,0 мың тонна шамасында алма жемісі өндіріледі. Ал 130-160 мың тонна шетелдерден әкеліп сатылады. Былайша айтқанда, еліміздің бағбандары алма жемісіне сұраныстың 40-50 пайызын ғана қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан импортты  алмастыру  үшін бақ шаруашылығының көлемін ұлғайту, алма жемісін өндірудің қарқынды заманауи технологияларын қолданып  дамыту қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Бақ шаруашылығын дамыту үшін арзан, қолжетімді технологиялар қажет екендігі ақиқат. Мемлекет 1 гектар бақ салуға 700 мың теңге субсидия қарастырған. Алайда ол бақтың көлемі 5 гектардан, ағаш саны 2500-ден кем болмауы шарт. Экономистердің есебі бойынша, 1 гектар қарқынды бақ салу үшін орта есеппен 15-20 миллион теңгедей қаражат қажет. Өйткені тек қана ергежейлі, жартылай ергежейлі шетелдік көшеттерді сатып алу үшін 5,5-6,0 миллион теңге қаражат керек. Ал оларды пайдаланғанда сүйемелдейтін тіреуіштер, бұтақтарды байлайтын сымдар, тамшылатып суғаратын жүйеге арналған құбырлар және басқа да  көптеген заттың құны 5,0-6,0 миллион болып кетеді екен. Оған қоса, жұмыс күші, техника, баптау шаралары тағы бар. Мұндай шартпен кез келген азамат өндірістік алма бағын сала алмайды. Қазір Қазақстанда 24 мың гектарға жуық алма бақтары бар. Олардың көлемін әрі қарай дамытуға жоғарыда айтылған мәселелер кедергі болып отыр. Сондықтан бақ шаруашылығын дамыту үшін 1 гектар бақ салуға қажет шығын мөлшерін азайту деп есептейміз. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы Сиверс алмасының табиғи әлеуетін, заманауи технологияларды қолданумен үйлестіру арқылы іске асыру деп есептейміз. Оған қарапайым есептеулер арқылы көз жеткізуге болады. 

Біріншіден, көшеттердің бағасын арзандату. Ергежейлі, жартылай ергежейлі шетелдік көшеттердің бағасы 4-6 доллар немесе орта есеппен 2000 теңге. Соған байланысты бір гектар қарқынды бақ отырғызу үшін 3000 көшеттің бағасы 6,0 миллион теңгені құрайды. Ал Сиверс алмасының негізінде алынған алма көшеттері 500 теңге тұрады. Гектарына 1000 көшет қажет болғанда жалпы бағасы 500 мың теңге болады. Бұл 12 есе арзан екенін назарға алғанымыз жөн. 

Екіншіден, ергежейлі, жартылай ергежейлі шетелдік көшеттер сүйемелдеуші тіреулер (шпалералар), олардың арасына тартқан бұтақтарды байлауға арналған сымдарсыз өз өнімдерін өздері көтеріп тұра алмайды. Олардың бағасы гектарына 10 мың АҚШ доллары шамасында. Бұл 4,0-4,5 миллион теңге. Ал Сиверс алмасының ерекшелігі, тамыр жүйесі күшті дамығанының арқасында әрбір ағаш 150-200 килограмм алма өнімін еш тіреусіз ұстап тұра алады. Мұның әр гектарынан 4,0-4,5 миллион теңге үнемделеді. 

Иә, Сиверс алмасының тұқымдық телітушісінің негізінде алынған алма ағаштарының бағбандарға ұнамайтын бір қасиеті 4-5 метрге дейін бойлап өсетіндігі. Бұның да шешімі бар. Өндіріске ұсынылып отырған жобаның бір ерекшелігі – жеміс ағашының биіктеп өсуін тежейтін, бөрікбасының жайылып өсуін және ювенильдік кезеңнен жылдам өтіп 3-4-ші жылы жеміс беруді қамтамасыз ететін технологияларды қолдануымызда. Қазір Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Хижков» шаруа қожалығы жағдайында осы технологиялармен 60 гектар алма бағы өсірілуде. 3 жылдық алма ағаштарының бойы 2 метрден аспайды. Біраз ағаш биыл жеміс берді. Келесі жылы (4-ші жыл) жақсы өнім күтілуде.

Жобамыздың тағы бір ерекшелігі – баптау шараларын іске асыруда ауылшаруашылығы ғылымдарының жетістіктерін тиімді пайдалану басты міндеттердің бірі деп есептеп органикалық-минералды тыңайтқыштар, биологиялық белсенді заттар кешенін оңтайландырып тамшылатып суғару жүйесі арқылы жеміс беру технологиясын зерттеп, жасадық. Өсімдік қорғау жүйесінде қолданылатын препараттарды ұшқышсыз ұшатын дрон аппараттарын қолданып іске асырамыз. 
Міне, осылайша Сиверс алмасының табиғи әлеуетін пайдаланып, оны қарқынды технологиялармен ұластырып алма шар- уашылығын дамытуға бағыттап отырмыз. Бұл технологияларды іс жүзінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Хижков» шаруа қожалығы жағдайында өндіріске енгізіп, айналысудамыз. Қызығушылық танытқан бағбандарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз.

Амангелді АПУШЕВ,
«Алмалысай» ЖШС стартап компаниясы ғылыми жобаларының жетекшісі, ауылшаруашылығы ғылымының докторы, профессор

Қатысты жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

25.05.2026
Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

25.05.2026
15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

25.05.2026
«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

25.05.2026
Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

25.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.