Талдықорған: +38°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАЛАҢЫЗ ҚАЙ ТІЛДЕ БЫЛДЫРЛАЙДЫ?

08.05.2024
КҮЛТӨБЕ
БАЛАҢЫЗ ҚАЙ ТІЛДЕ БЫЛДЫРЛАЙДЫ?

«Папи, мами хелп ми», «Бай-бай», «Осторожно, пап», «Ок». Бұл сөздердің барлығы да қазіргі қазақ отбасына етене таныс. Тіпті, барлығы да ана тілімізде айтылып жатқандай қабылдайтын боп алдық. Таңданып, таңдай да қақпаймыз. Қоғам да, ата-ана да тым жайбарақатпыз. Ең өкініштісі осы.


Бұрындары «ел боламын десең бесігіңді түзе» десек, қазір бәріміз ойланбастан «Ел боламын десең эфиріңді түзе» дейтін болдық. Расымен қазір ата-ана емес, ақылды телефондар бала тәрбиесіне жауапты болып алды. Ақылды телефондар ақымақ балаларды тәрбиелеп жатыр десек, артық айтқандығымыз болмас. Көгілдір жәшікті қоса қалсақ шүлдірлеп, былдырлап жатқан шетелдің мультфильмдерінен көз сүрінеді. Мәні де, мағынасы жоқ мұндай арзанқол дүниелер біздің балалардың санасына салмақ түсіріп жатқаны алаңдатады. Соның салдарынан қазақ балалары ана тілінде тым шорқақ сөйлейді. Ал өзге тілге келгенде бұлбұлша сайрап тұр. Себебі, теледидар, гаджеттер ана тілін мықтап байлап тастаған. Қазақша сөйлейін десе құрылғылардағы контенттің дені өзге тілде. Бұл да баланың ана тілінде сөйлемеуіне кедергі келтіреді. Егер дәл осы жүйемен жүре берсек, біздің болашақ ұрпақ қазақ тілін жойып жібермесіне кім кепіл?! 

– Құдай бізді қазақ етіп жаратты. Енді біз неге басқа ұлт болуға тыраштанамыз? Өзгенің қаңсығын таңсық етіп, бізге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын тілде сөйлеген сыңай танытамыз. Өзімізбен қоймай балалардың да тілін ағылшын, орысшалап былдырлатып қойдық. Қазір бұл біз үшін мақтаныш болуы мүмкін. Бірақ соның қасіретін ертең ұрпағымыз тартатынын ұмытпайық. Сондықтан қасиетті қазақ жерінде дүниеге келген текті халықтың ұрпағы тек қазақ тілінде сөйлеуі тиіс. Бала тілі «әке, ана» деп шықпаса, бізді ата-баба аруағы кешпес. Тіл тағдыры – ел тағдыры. Ойланайық, ағайын.

         Оразгүл АСАНҒАЗЫ,
қоғам қайраткері

«Балабақша табалдырығын аттаған балапандардың басым көпшілігі орысшаға әуес», – дейді балабақша тәрбиешісі Сәния Бұғытайқызы. Оның айтуынша, отбасында орысша сөйлейтін бала барлық жерде сол тілді қолданады. Расымен де сөзінің жаны бар. Себебі, бала отбасында қандай тілде тәрбие алса, ол сол тілдің болашағы үшін еңбек ететін болады. Еңбек дегеніміз сол тілде амандасу, сөйлеу, ән айту. 15 жылға жуық балабақшада қызмет етіп келе жатқан маманмен тілдескенімізде ол бұл мәселеге бүгіннен  дабыл қағу қажет екенін айтты. 

– Жасыратыны жоқ, қазір балалардың тілі тым кеш шығады. Бір өкініштісі, балалар таза қазақша не таза орысша былдырламайды. Олар  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қосындысынан өздері ойлап тапқан тілде сөйлейді. Бір сөзін қазақша айтса, бес сөзін өзге тілде айтуға құмар-ақ. Ата-ана үшін баланың қай тілде сөйлегені маңызды емес. Олар үшін бала тілі жетілсе болғаны. Тіпті, ағылшынша сөйлеп кетсе де олар үшін зор қуаныш. Алайда балалардың уақытында сөйлемеуіне тікелей ата-ана кінәлі деп айта аламын. Себебі, ертесін баланы балабақшаға алып келгенде-ақ оны телефонға тәуелді етіп қояды. Қолындағы соткасын алса соскасынан айырылғандай баж етіп жылайды.  Балабақшада бәрін қазақша айтып, түсіндірсек те үйіне барған соң бәрі шүлдірлеп орысша сөйлеп кетеді. Ата-аналарға ескерту де жасаймыз. Бірақ біздің сөзге құлақ асар ата-ана тым аз.  Салдарынан екі ортада бала қиналып қалады. Меніңше, қатаң талап пен заң қарастырғанымыз жөн. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруды ең бірінші отбасынан бастағанымыз абзал, – дейді тәрбиеші.

Қазір көп бала қызыға қарайтын қарапайым ғана «Маша и медведь» мультфильміне бәсекелесе алатын бізде өнім жоқтығы жанға батады. Сондықтан біздің қаракөздер өзгенің қаңсығын таңсық етуге мәжбүр. Ең бірінші баланы қызықтыратын аниматорлар. Содан кейін жарқ-жұрқ еткен қанық түстер және мультфильмнің сценарийі. Егер осы аталғандардың барлығы да талапқа сай болса онда балалар қызығып, таласа-тармаса көретін еді. Өкінішке қарай, бізде мұндай дүниелер саусақпен санарлық. Қай елдің өнімін көрген бала сол тілде амандасып, сол тілде түс көріп жүргені ащы да болса шындық. Мәселен, әлем елдері, оның ішінде жапондықтар баласы 11 жасқа келгенше туған тілде білім береді. Ана тілінде елдің тарихын, әдебиет-мәдениетін терең меңгерген бала ғана ары қарай өзге тілді меңгереді. Бізге де осы жүйені енгізуіміз керек. Дана халқымыздың «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді кұрметте» деуі де тектен тек емес. Біз ең бірінші ана тіліміздің мерейін үстем етуді ойласақ етті. 

Абыз ақсақалға жас жұбайлар келіп, бала тәрбиесіне қай жастан көңіл бөлген жөн деп ақыл сұрапты. Сонда қария: «балаларың қанша жасқа келді?», – дегенде, олар: «үш жасқа келді», – деп жауап береді. «Ендеше үш жылға кешігіпсіңдер», – деген екен дана. Демек, бала ана құрсағында жатқан сәттен бастап тәрбиеленуі тиіс. Ана қазақ тілінде кітап оқыса, ән тыңдаса бала да соны сезінеді. Мүмкін біз айтқан экран жуық арада түзелмес, түрлі мультфильм де шыға қоймас, бірақ «жаным қазақ» деген әрбір адам ана тілінің дамуын өзінен бастағаны абзал. Қазақтың қасиетті тілі тек қазаққа ғана керек екенін ұмытпайықшы, құрметті оқырман.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

18.07.2025
Аптап ыстық, нөсер: 16 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды

Аптап ыстық, нөсер: 16 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды

18.07.2025
Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.