Талдықорған: -6°C
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Балпық би ауылындағы қуаныш

29.08.2016
КҮЛТӨБЕ
Балпық би ауылындағы қуаныш
WhatsAppTelegramFacebook

 

Тәуелсіздіктің арқасында еліміздің экономикалық саласы қарқынды дамып, құрылыс, тұрғын үйге қатысты мәселелер де оң шешімін тапты. Әсіресе, тұрғындарды баспанамен қамтудағы қазақстандық тәсілдің тиімділігі жұрттың көңілінен шығып келеді. Тұрмысқа қолайлы, қалтаға жүк түсірмейтін пәтерлер салынып, ел игілігін еселеуде. Сол қатарда кезінде Кеңес одағы тұсында салынған ескі үйлерде тұрып жатқан тұрғындардың мұқтажын шешу бағытында бірқатар шаруа тындырылды. Сол қуаныштың жалғасындай күні кеше Көксу ауданының Балпық би кентінде  50 пәтерлі үйдің кілті иелеріне табысталды.

Елу отбасын қуанышқа бөлеп, одан да көп жүректі елжіреткен қоныстойға аудан әкімі Әділ Алмас қатысып, тұрғындардың қуанышымен ортақтасып, пәтер кілтін табыстады. Аудан басшысы алдымен өңірдің тәуелсіздіктің жиырма бес жылындағы өрелі жетістіктеріне тоқталды. Сондай-ақ, Рио Олимпиадасындағы жеңі­сімізді тілге тиек ете келіп, қазақ­стандық спортшылардың табы­сын мақтанышпен еске алды. Ас­танада өтетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің маңыз­ды­лы­ғын да атап көрсетті. Осы­дан кейін алдағы жоспарларымен де бөлісе кетті. Оның айтуынша, келесі жылы орталық стадион толығымен күрделі жөндеуден өтеді. Өткен жылы Кеңарал ауы­лында жаңа мектеп салынса, Жамбыл ауылындағы жаңа оқу ордасының жуық арада ел игі­лігіне берілетіндігін жеткізіп, ау­дан аумағында жасалып жатқан жол мен газ құбырының өңір экономикасын өркендетуге зор серпін беретіндігіне сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Көксу ауданының орталығы Балпық би кентіндегі Қабанбай батыр көшесіне орна­ласқан 1, 2, 5, 6-шы үйлер қауіпті деп таны­лып, ондағы тұрғындарды басқа қонысқа орналастыру мәселесі көтерілген еді. Осыған орай аудан әкімінің тапсырысы бойынша жоба­лаушы мекеме «Жетісу Сәулет Құрылыс» ЖШС Балпық би кенті­нен 50 пәтерлі коммуналдық мен­шік­тегі тұрғын үй құрылысының жоба-сметалық құжат­тарын дайын­даған болатын. Сол тұста құрылыстың құны 366 миллион 190 мың теңгеге бағаланған. Облыстық құрылыс басқармасы өткізген мемлекеттік сатып алу хаттамасына сәйкес бұл үйдің құрылысын жүргізуге мердігер болып А. Бузыкин басқаратын «Строитель» ЖШС бекітілген. Міне, құрыш қолды жұмысшылардың тыным­сыз еңбегінің нәтижесінде жергілікті бюд­жеттен бөлінген қаржы толығымен игеріліп, жаңа үй өз иелеріне табысталды.

Жаңа үйдің кілтін бірінші бо­лып Разия Ибрагимова алса, одан кейін Саят Қой­шыбаев пен Сәбет­қан Тантибаева бастаған елу адамға толығымен кілт тапсы­рыл­ды. Әсіресе жаңа қонысқа ие бол­ған ақсақалды қариялар мен ақжаулықты апаларымыздың қуа­нышында шек жоқ. Осындай қуа­нышқа кенелткен Елбасына, облыс әкімі Амандық Баталовқа, аудан әкімі Алмас Әділге көп­шіліктің алдында бата беріп, алғыс жау­дырса, жаңа пәтер иесі Бауыржан Өсербай көпшіліктің жүрекжарды ойын жеткізді.

Жанарларында қуаныш нұры ойнаған тұрғындарды көріп, біз де жа­дырап қалдық. Бұл қуаныш аудан әкімімен бірге үйлерді ара­лап, құтты болсын айтқан тұста еселене түсті. Расында, 15 бір, 15 екі, 20 үш бөлмелі үйдің бәрі де бүгінгі өлшем, талап, сапа негізінде салынғандықтан құрылыс жұмы­сының сапалы жүргізілгені көрініп тұр. Демек, осы жаңа үйлерден жар­қын болашақ өркендеп өседі.

Қажет АНДАС

Көксу ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – еліміздің дамуындағы тарихи қадам

Жаңа Конституция – еліміздің дамуындағы тарихи қадам

01.03.2026
️Жаңа Конституция халықтың құқығын қорғап, тұрақты болашаққа жол ашады

️Жаңа Конституция халықтың құқығын қорғап, тұрақты болашаққа жол ашады

01.03.2026
Диплом бар, жұмыс ше?

Диплом бар, жұмыс ше?

01.03.2026
Ана тілі – ұлттық код

Ана тілі – ұлттық код

01.03.2026
Тренд пе, қажеттілік пе?

Тренд пе, қажеттілік пе?

01.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.