Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бақыт құшқан бақ мекен

18.05.2018
КҮЛТӨБЕ
Бақыт құшқан бақ мекен
WhatsAppTelegramFacebook

Жүріп келеміз. Екеудің бірі үнсіз, бірі жадыраңқы. Мамырдың мамыражай күні шұғыласын төге елжірейді. Көше лайсаң болса да көңіл жайсаң. Тағдырдың тарғалаңы мен тауқыметін бастан кешкен тасжолдар бәз-баяғы қалпы. Ғасырға жуық уақытты басынан аунатқан ауылдың арса ағашы мойнын көкке созып, менмұндалап тұрғандай. Құдды алыстан ат арылтып келген қонақты күтуге дағдыланған келіншек кейпінде. Найқара тербелген теректер нарау тіл қатады. Самалы қуанышын жасыра алмай бетімізді сипай сүйетіндей. Бізді туған жерге деген сартап сағыныш  Мұса пайғамбардың ақ бұлтындай алға жетелеп келеді.

Ерте, ерте, ертеде деп бастайтын әжем әңгімесін. Бізге туған топырағымыздың таңбалы тарихын тәптіштеп айтқанда сенер сенбесімізді білмей қалатынбыз. Бала болған соң ба, көп дүниелердің байыбына бара бермеуші едік. Бертін келе түсіндік. Жол бойында орналасқан қыран қанат ескерткіштің не үшін қойылғанын, оның кімдерге арналғанын уақыт айшықтап берді. Бізге бәрі беймәлім болып көрінетін-ді. Басынан талай нәубетті өткізген Балқаш ауданының «жердің байтағы» аталуының өзі сол өткен жылдардың бүгінгі көрінісі іспетті. Бір ғана «Ақкөл көтерілісін» алып қараңыз. Ашаршылық жылдары Кеңес өкіметінің кереғар саясатына қарсы шыққан қараша халықтың наразылығы үлкен қайғыға әкеп соқты. Осы тұста өткенге бір көз тастайықшы… 
Балқаш ауданы құрылғанда ауданның тұңғыш орталығы Ақкөл ауылы болғаны әмбеге аян. Ел орталық болған соң сол жерге шоғырланып,  коммунистік партияның саясаты салтанат құра бастады. Алғашқыда жергілікті жұрт байырғы  шаруашылықтарымен айналысып жатты. Біртіндеп  бай-кедей арасындағы тартыс та басталды. Сөйтіп кеңестік кезеңнің солақай саясаты салдарынан 1928 жылы ел арасында Қасымбек Кенебаев, Қуат Әйнеков  бастаған алғашқы бас көтеру болды. Оны ел «кіші көтеріліс» атап кетті. Ұзамай 1930 жылы негізгі үлкен көтеріліс болады. Ол дүмпуді қарапайым отбасынан шыққан Көлтай бастады.
Себебі өкіметтің шолақ белсенділері аудан басшылары берілген астық және басқадай жоспарларды асыра орындаймыз деп тұқым қорын артығымен жинап, халықты қатты күйзелтіп жіберген. «Кімде-кім жоспарды орындамаса, ол – өкіметтің жауы, бай-құлақтардың сарқыншағы ретінде жауапқа тартылады» деп қорқытуға дейін барған. Жұрт екі пұт астыққа сауып отырған сиырын, ұсақ малын айырбастауға мәжбүр болады. Оның ақыры ауданда мал басының  күрт кемуіне әкеп соқтырған.
Халықтың шыдамы, ызасы шегіне жетіп, ақкөлдіктер қолдарына түскен айыр, балта сияқты еңбек құралдарымен қаруланып, аудан орталығындағы кеңсеге шабуыл жасайды. Көтерілісшілердің басты мақсаты – ауданның тұрмыс-жағдайын, хал-ахуалын ескермей отырған басшыларды ұстап тұтқындап, оларды халықтың алдында жауапқа тарту болды. Не керек, әр төбесі шежіре тұнған осы мекенде ата-бабаларымыз сан қилы тарихи жағдайларды басынан өткерді.
Қазіргі таңда «Ақкөл көтерілісі» құрбандарына қойылған ерлік даңқына айналған, елдіктің белгісіндей ескерткіш кешегі азаттықтың туын көтерген бабаларымыздың аққан қаны, төккен терінің өтеуіндей тым асқақ. Сол асқақтығының арқасында тәуелсіздігіміздің шуағына бөленген жастарымыздың құрмет тұтар киелі орнына айналып келеді.
Міне, бүгінде  сол айтулы Ақкөл көтерілісіне 90 жыл толып отыр. Иә, ақиқатты ту еткен бабалардың ерлігі әлі күнге көз алдымызда. Тіпті, санамызда жаңғырып тұр.  Оны еске алмасқа болмас. Бәрі күні кеше ғана болған сияқты. «Өлі риза болмай тірі байымайды» дейді дана халқымыз. Соны ескерген атымтай жомарт аудан азаматтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып баба рухына тағзым етпек ниетте Ақкөл ауылында бас қосты. Сонымен қатар,  тұғырынан қыран қанат ұландар түлеп ұшқан, тарихы  тұнған шежіре, бақыт құшқан бақ мекен Ақкөл ауылының құрылғанына 90, Балқаш ауданындағы байырғы білім ордалары, іргелі қара шаңырақтар – Көкжиде орта мектебінің  85, Ақкөл орта мектебінің  80, Ақкөл ауылында құрылған шаруашылықтың  60 жылдық мерейтойлары да аталып өтті. Қос-қостан қуаныш сыйлаған маңызды шара екі күнге созылды.
Мерекенің алғашқы күні республикалық «Әнім сенсің, Ақкөлім мен Көкжидем» атты ән байқауымен басталды. Байқауда елімізге танымал сазгерлердің жаңа әндерінің тұсауы кесіліп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Соның бірі ақын Арман Дүйсенбінің сөзіне жазылған сазгер Арман Дүйсеновтің әні «Ақкөлім мен Көкжидем» туындысы. Бір жұрттың егіз баласына телінген қос мекенге арналған әуен қазылар алқасын бірден баурап алды. Көрермендерді де ерекше күйге бөледі. Қорыта келгенде байқаудың бас бәйгесін жеңіп алды. Әрі бұдан бұлай осы ән ауылдың әнұраны ретінде шырқалатын болып бекітілді. Ал «Жырлаймын Ақкөлімді, Көкжидемді» атты жыр мүшәйрасында ауданның түлегі, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, жас ақын Мұхтар Күмісбектің асығы алшысынан түсті. 
«Бұл мекен – өрлік құсы, ерлік әні,
Жұмақтан кем түспейтін жердің нәрі.
Көтерілсе көкке күн көтерілсін,
Көтеріліс болмасын ендігәрі.
Осы ғана сұрарым Жаратқаннан,
Сақта, Құдай, сыртымнан оқ атқаннан.
Мәртебесі тасысын мынау елдің,
Ошағына атамның қарап қалған», – деп жырлаған жас дарынның жыр шумағы тұрғындардың көзіне еріксіз жас әкелді. Сондай-ақ, аудан жастарының арасында волейболдан турнир өтіп, ауылдар өзара бәсекелесті.
 Көпке белгілі  геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Герой Жолтайұлы осы Ақкөл ауылынан шыққан. Бағындырған биігі, өмірдегі ұстаныма ұрпаққа үлгі. Осы мақсатта жерлестері мектеп кабинетіне есімін беріп, құрмет көрсетті. Сондай-ақ осы мекеннен қанат қаққан танымал суретші Жанұзақ Мүсәпіровтың  «Қылқалам құпиясы» атты көрмесі көпшілікке ұсынылды.
Шараның ең қызықты кезеңі қазақ күресінен түйе балуанды анықтау еді. Қойнынан қос бірдей балуанды түлеткен шағын ауылдың шырайы әп-сәтте жандана түскендей. Ұлан Рысқұл мен Руслан Әбдіразақ сынды бүгінгі күн батырларының кіндік қаны тамған топырақта белдеспеу азаматқа сын. Қазақстан барысына қатысып жүрген ержүрек балуандар мұнда да өнерін ортаға салды. Ақтық мәреге шымкенттік Ержан Шынкеев пен Руслан Әбдіразақ шықты. Кілемде тігінен тұрған қос таудың етегіне жиылған жұрттың санында шек болған жоқ. Біріне-бірі тіс батыра алмаған қос палуанның ерлігі жанкүйерлерді тәнті етті. Ақыры Ақкөлдің перзенті апайтөс азаматымыз Руслан Әбдіразақ қарсыласын алып соқты. Жиылған жұрт батырын көкке көтеріп, ауыл абыройын асқақтатқанына ризашылығын білдірді. Қариялар бата беріп, ақ  тілегін арнады. 
Осы орайда айта кеткеніміз жөн шығар. Бұл да бір жайдарман жаңалықтың үлкені болып отыр. Бұдан бұлай Ақкөлде қазақ күресінен республикалық турнир дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Оған ауданымыздың барлық азаматтары атсалысатындарын айтып, елді бір марқайтып тастады.
Кеш қарая эстрада жұлдыздарының қатысуымен Мәдениет үйінің алдында үлкен гала-концерт өтті. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін көшеге шығып, әсем әуенге құлақ тосты. Жастар би билеп, отшашулар ұйымдастырылды. Мұның бәрі бейбіт күннің бесігінде тербелген бабалар ұрпағының бақытты сәтінің бір көрінісі деп түйдік.
Екінші күні ертесімен жиналған ұлт зиялылары ескерткіш басына гүл шоқтарын қойды. «Ақкөл көтерілісі» кезінде шейіт кеткен жандардың рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Шарада сөз алған Балқаш ауданының әкімі Ғалым Тоқпейісов алыстан ат терлетіп келген қауымға ілтипатын білдірді.
– Бүгінгі күн біздің Балқаш ауданы үшін, оның ішінде Ақкөл, Көкжиде ауылдарының халқы үшін ерекше мереке. Себебі, Балқаш ауданы құрылғанда ауданның тұңғыш орталығы осы Ақкөл ауылы болғаны көпке мәлім. Осында алғаш Ақкөл селолық округі құрылды. Сол кезден бастап тарихтың тағы бір беті ашылды десек те болады. Кер замандағы бұл қанды оқиға қабырғамызды қайыстырғаны ақиқат. Елім деген, жерім деген азаматтардың басы дауға қалды. Әйтсе де ұлттың бағы үшін жан алысып, жан берісті», – деді Ғалым Қасымұлы. 
Одан кейін салтанатты шара Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Келелі кештің шымылдығы ақын Шұға Смағұлованың жыр-арнауымен ашылды. Алдымен аудандық ардагерлер алқасының төрағасы  Бақыт Ысқабай баяндама оқып, өткеннен сыр шертті.
– Бүгін Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген бұл шара ел болып бас қосқан салтанатты жиынға айналып отыр. Өткеніміз бен бүгінімізге шолу жасап, аталарымыздың, аға ұрпақтың кейінгі жастарға, жас жеткіншектерге үлгі боларлық ерлік істері мен ерен еңбектері жайлы естеліктерді жеткізу – тарихымызға тағзым. Осындай кейінгі ұрпаққа пайдалы, келелі әңгімелер қозғалған, салауатты өмір салтын насихаттауды мұрат тұтқан тағылымға толы шара өткізу – басты мақсатымыз дей келе, «Ақкөл көтерілісінің» маңызына тоқталды. 
Содан соң домбырасын қолға алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов ауыл жұртына ақ тілегін жолдап, байырғы халық әндерін орындап берді. 
Әсем әннен кейін Көкжиде ауылының тумасы, біліктілігімен көзге түскен кәсіпкер, меценат Ерлан Андасбаев сахна төріне шығып ағаларына алғыс айтып, мәрттік танытты.
– Ер есімі ел есінде мәңгі қалмақ. Абай атамыз «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» дегендей, бір-бірімізді осылай көтермелеп жүрсек, ел көркейе бермек. Ақкөл мен Көкжиде тамырын тереңге жайған құтты қоныс», – дей келе ұйымдастырушыларға арнайы сыйлықтарын табыстады. Алдымен осы тойдың өтуіне мұрындық болған «Балқаш жолдары» ЖШС-і төрағасы Нарымбет Әбдібаевтың иығына шапан жапса, одан кейін тойдың басы-қасында жүрген аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Жетпісбай Қойшығұловқа қолсағат сыйлады. Сондай-ақ, ауыл мешітінің іргетасын қалауға 1 млн. теңге қаржылай көмек көрсететінін жеткізді.
Бұл торқалы той бір адамның қуанышы емес, жалпы ұлттың мерекесі. Сондықтан аталмыш шараға Балқаш ауданының Құрметті азаматы Жайлау Өнербеков, меценат  Балтағұл Молдақасымов пен Бақыт Атайбеков, кәсіпкер Сабыржан Ноғайбаев бастаған қала мен ауылдың барлық қалталы азаматтары  бір кісідей атсалысты. Бәрі де қолдан келгенше өз көмектерін аяп қалған жоқ.
Кеш соңында қорытынды сөз Ақкөл ауылының тумасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, халық қалаулысы Омархан Өксікбаевқа ұсынылды. 
– Сүлеймен патшаның жүзігінде «Бәрі де өтеді»  деп жазылған екен. Шынында, ол кезең де өтті. Баяғы қырылған ел, қан төгілген жер бүгінде абаттанған, жайқалған өңірге айналды. Қанға бөккен жер малға толды. Бүгінде Ақкөл ауылдық округінің өзінде 69 шаруа қожалығы бар. Заман талабына орай, асылдандырылған төрт түлік малды осы өңірден көруге болады. Бірлігі жарасқан, тірлігі дұрысталған елдің көңілі – көл, жағасы – жайлау. Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздік есігімізден енгелі тұрғындардың жағдайы күн сайын жақсарып келеді. Еліміз бейбіт, жеріміз тыныш. «Ақкөл көтерілісі» құрбандарына арналған ескерткіштің идеясы: «Біз қырандар едік. Құладық. Бірақ шаңырақты сақтап қалдық» деген терең мағынаға ие еді. Сол қырандар сақтап қалған шаңырақта бүгінде ән қалықтап тұр. Мәдениет үйінен талай таланттар түлеп, қияға қанат қағып жатыр. Бұл осы шағын ауылдың жеңісі» – деді ел ағасы. Сонымен қатар, ауыл жұртының денсаулығын нығайту мақсатында ауылдық аурухананы жетілдіру үшін биылғы мектеп бітіруші түлекке медицина саласы бойынша арнайы жеке грант ұсынатынын хабардар етті. Әрі жыр мүшәйрасына қатысқан өлеңдерді жинақ қылып шығаруға жәрдемдесетінін жеткізді.
Салтанатты шара мәресіне жеткен соң ауыл сыртында ат шаптырып, бәйге берілді. Оның қызығы өз алдына бөлек әңгіме. Оны тек көру керек, көру керек.
Кішкентай үйің болса да оны татулықпен кеңейтіп, берекемен әсемдеуің шарт. Бұл баба дәстүрінің бір тармағы. Біздің ауылдан алысқа ұзағымыз келмеді. Себебі, ауыл халқының үлкенге құрметін, кішіге ізетін сезіндік. Аузын ашса жүрегі көрінетін ақеділ азаматарын көрдік. Өнерлі өрендерін, батыр бағландарын көрдік. Ал қаракөк аспанды бауырға басқан тұмса табиғатын тамашаладық. Енді артқа қайтып көріңіз… Екі күндік сапарда осындай парасатты халықтың перзенті болғанымызға іштей мақтандық. Келу бар да, қайту бар. Ол өмір заңы. Бірақ, бұл мекенге қайтып ораларымызға кәміл сенемін. Көріскенше, Ақкөлім!!!
Қабыл ИСА​

Қатысты жаңалықтар

АХАТ қызметіндегі цифрландыру

АХАТ қызметіндегі цифрландыру

06.03.2026
Елімізде жарты миллионға жуық педагог-әйел еңбек етеді

Елімізде жарты миллионға жуық педагог-әйел еңбек етеді

06.03.2026
«Қай ғұлама пәрмен берді?». Логотиптегі өзгеріс

«Қай ғұлама пәрмен берді?». Логотиптегі өзгеріс

06.03.2026
Балқаш жағалауындағы жаңа демалыс орындары: Жетісуда үш коммуналдық жағажай ашылады

Балқаш жағалауындағы жаңа демалыс орындары: Жетісуда үш коммуналдық жағажай ашылады

06.03.2026
Медицина қызметкері марапатталды

Медицина қызметкері марапатталды

06.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.