Ата-бабаларымыз 1944 жылы тарихи отандарынан жер аударылып, Ұлы Далаға қоныс тебуге мәжбүр болды. Сол бір ауыр кезеңдерде қазақ халқы барымен бөлісіп, құшағын айқара ашып, тағдыр тәлкегіне түскен талай жанға пана болғаны – тарихтан белгілі.
Біздің отбасы да қиын-қыстау жылдары қазақ халқының мейірімі мен қамқорлығын көп көрді. Бізге пана болып, нанымен бөлісті, жатсынбады. «Бөтенсің, өзгесің» деп өзекке теппей, бауырына басып, бар мейірімін төкті. Сол жақсылықтың арқасында ата-бабамыз аман қалып, осы қасиетті жерде өсіп-өніп, тамыр жайдық. Бүгінде үлкен әулетке айналып, ел қатарлы еңбек етіп, тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Мұның бәрі – қазақ дарқандығының, кең пейілінің арқасы.
Қазақстан сан этностың ортақ шаңырағына айналып, бүгінде ел халқы бейбітшілікте, бірлікте, ынтымақтастықта өмір сүріп жатыр. Бүгінгідей дүрбелең заманда бізге ең бірінші тыныштық, ауызбіршілік, береке керек. Осы жолда бәріміз тынбай еңбек етсек қана, жақсы нәтижеге қол жеткізе аламыз.
Барлығымыз осы жерден бізге өз арманымызды жүзеге асыруға мүмкіншілік берген, нағыз Отанымызды таптық. Әрбір қазақта мейірімділік генетикалық тұрғыда дарыған. Олар бізге алдымен тірі қалуға, сосын біздің қонақжай және қайырымды Қазақстанда жайлы және тыныш өмір сүруге ерік берді. Жүздеген мың әртүрлі этнос адамдарын туысқан ретінде қарсы алды және қамқорлығы мен қонақжайлығын көрсете білді.
Біз бір елдің азаматымыз. Ортақ Отанымыз – Қазақстан. Тәуелсіз еліміздің Көк байрағы астында бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мығым болсын. Қазақ халқына шексіз алғысымды білдіремін. Әр шаңыраққа амандық, құт-береке, бақ-дәулет тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын!
Руслан ХОСЕН-ОГЛЫ
Қаратал аудандық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер





