Талдықорған: +2°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бейбіт елдің беделі

01.12.2016
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Достасқанға қастасқан халық емеспіз. Арғы-бергі тарихымызды таразыласақ, оң ниетпен келгенге опасыздық жасаған жеріміз жоқ. Ақ пейілмен босағамызды аттаған әрбір бейтанысты жөн біліспей жатып-ақ құшақ жая қарсы алатын тектілікке иеміз. Көңіл қимайтын қымбат дүниемізді қонаққа сақтадық. Томаға-тұйықтық бізге бағзыдан жат. Есігіміз ерте заманнан ілгексіз. Қанымызда бар осы құндылықтар Қазақстанды саясат сахнасында үлкен абыройға бөледі. Қазір елімізді әлем ашық, тату, барыс-келісті, алыс-берісті құп көретін демократиялық дамушы мемлекет ретінде таниды. Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ жуырда сырт елдерге ресми сапармен барып, екіжақты ынтымақтастыққа оң ықпал ететін сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды жаңғыртып қайтты.

Қазақ құшағын ашқан ақ пейіл адамға даладай кең. Жайылып түседі. Бір тырнағы ішіне бүгілген пасықтарды ұнатпайды. Мінезі наркескен қылыш сияқты. Мүлт кеткенді, қия тартқанды тіліп түседі. Өткір ойлы, бір сөзді, турашыл. Үш ғасыр бұрын Қаздауысты Қазыбектің сырт елге шығып, сұғынған жауды шешендікпен жеңіп қайтқанын ешкім ұмытқан жоқ. Бүгінде тарихы терең Ұлы Дала елін төрт тарап түгел құрметтейді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас штабындағы көп тудың ішінде Көк Туымыз желбіреп тұр. Тәуелсіздігімізді Түркиядан тартып бәрі мойындады. Бүкіл әлем ешбір ұлттың өткеніне ұқсамайтын бай тарихымызға қызыға да, қызғана да қарайды. Бұл пайымымызға Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына, Жапонияға және Оңтүстік Кореяға жасаған сапарында тағы да көз жеткіздік.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – көреген тұлға. Тұйық елдің түбінде құрдымға кететінін жақсы біледі. Сол себепті де заңды сауда-саттыққа, экономикалық байланысқа, инвестициялық мақсаттағы қарым-қатынасқа Қазақстан шекарасы әрқашан ашық. Сауд Арабиясы корольдігінде Нұрсұлтан Әбішұлы алдымен Медина қаласына келіп, ханзада Фейсал бен Салман әл-Саудпен кездесті. Бұл есім Араб түбегіне жақсы таныс. Әл-Сауд Медина қаласының губернаторы, біздің тілмен айтқанда, сол аймақтың әкімі. Кездесу барысында негізінен сауда-экономикалық байланысты дамытудың шешімін таппаған мәселелері талқыланып, екіжақты келісімдер жасалды.
Сауд Арабиясы – мұнайлы мемлекеттің бірі. Жер қойнауындағы байлығы жағынан Қазақстанмен ұқсас. Әрі қазақтардың да ата діні – ислам. Сауд Арабиясын қазақтың бабаларынан бастап, бүгінгі балаларына дейін жатқа біледі. Жылына мыңдаған қазақстандық Мекке мен Мединаға барып, қажылық парызын өтеп қайтады. Араб елі діндес, бауырлас Қазақстан Президентін үлкен құрметпен күтіп алды. Кездесуден кейін Елбасы саф дініміздің соңғы пайғамбары Мұхаммедтің (с.ғ.с) мешітіне кіріп, намаз оқыды. Пайғамбарымыздың маңдайы тиген киелі жерге Елбасы да сәжде жасап, Аллаға құлшылық етті.
Сапар кезінде Қазақстан Президенті Сауд Арабиясындағы зәулім мешіттердің құрылысымен танысты. Әйгілі Масджид ан-Набави деп аталатын Алла үйінің сәулетін көрді. Күллі мұсылманның тәу етер құбыласы болған Мекке мен Мединеден кейін ресми сапар Эр-Рияд қаласында жалғасты. Мұнда Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел әл-Сауд пен Қазақстан басшысы бірқатар келіссөздерге қол қойды. Сапар соңында Араб түбегіндегі кәсіпкер тұлғалармен кездесу өтіп, Қазақстанмен іскерлік қарым-қатынас орнату мәселелері талқыланды.
«Бармасаң, келмесең жат боласың», – дейді қазақ ежелден. Бұл мәтел қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаты үшін өте маңызды. Елбасы иісі мұсылманның құбыласы саналған Сауд Арабиясындағы сапарымен тоқтаған жоқ. Барыс-келіс әлемге электроникасымен танылған Жапониямен жандана түсті. Жапондар – жұмыскер ел. Еңбектің үлкен-кішісіне қарамайды. Жаңалық ашуға, өнімді тұтынуға емес, өндіруге бейім. Тарихына үңілсек, алақандай аралдағы мемлекеттің еңсе көтергені кеше ғана. Санаулы жылда Токио тұрғындары үлкен табысқа кенеліп, әлемді автокөліктерімен, компьютерлік өнімдерімен жаулап алды. Нұрсұлтан Әбішұлы компьютермен көш бастаған елдің Үкімет басшысы Синдзо Абэмен және император Акихитомен кездесті.
Жапония сапарының басты жаңалығы – біздің Президенттің Хиросима қаласына ат басын бұрып, бейбітшілік турасында сөз сөйлеуі. Жапония Қазақстанды ядролық қарудан бейбіт мақсатта бас тартқаны үшін ерекше құрметтейді. Жарты ғасыр бойы сынақ жүргізіп келген Семей ядролық полигоны әлемдегі ең қауіпті төртінші нысан ретінде танымал еді. Тәуелсіздік алғанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан қорқынышты қарудан бірден бас тартып, адамзатқа үлгі болды.
Жапонияда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қабырға қайыстырар қасірет орнады. Хиросиманың, бүкіл бір қаланың тұрғындары ядролық қарудан отқа оранды. Көзді ашып-жұмғанша қаланың күлі көкке ұшты. Бүгінге дейін бұл қайғының орны жамалған жоқ. Мемлекет басшысы осы қаланың төрінде ядролық қарудың қайғы-қасіреті туралы сөз сөйледі. Сондай-ақ, Жапония Парламентінің, «Токай» университетінің мінберіне көтеріліп, Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымы, бірлігі мен бейбіт өмірі туралы айтып берді.
– Біз сапар қорытындысында алдымызға қойған барлық міндетті орындадық. Қарым-қатынасымызға стратегиялық сипаттағы терең әрі өзара сенімге негізделген байланыс ретінде баға берген бірлескен мәлімдеме қабылданды. Біздің Хиросимоға соққанымыз дұрыс болды. Қазақстан мен Жапонияның күш-жігерін жұмылдырып, ортақ бастамалар көтерудің маңызы зор. Оның үстіне «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде мен осы ғасырда жаппай қырып-жоятын қарудан мүлдем арылу міндетін қойған едім, – деді Президент Жапонияда өткен брифингте.
Күншығыс еліндегі кездесуде жапонның алдыңғы қатарлы кәсіпкерлері Қазақстанда өндірісін дөңгелетуге ынталы екендіктерін жеткізді. Қарумен қорқытатын тұйықтық атымен жоқ бейбіт елге кез келген кәсіпкер қызыға қарайды. Себебі, кәсібін үлкен айналымға енгізуді мақсат еткен адам алдымен елдің тыныштығына, бірлігіне баса мән береді. Әсіресе, Жапонияда ауылшаруашылығы кенжелеп барады. Сондықтан, бұл салаға байланысты Токио тұрғындары Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқысы келеді. Келесі сапар Жапонияның тарихи көршісі Оңтүстік Кореяға барумен жалғасын тапты. Бұл барыс та жемісті болды. Қазақстанға арасын мұхитпен жалғасқан теңіздер бөліп жатқан Жапония мен Кореяның қай-қайсысы болса да үлгі.
Ұлы Дала мен таң самалы елін бірнеше өнеркәсіптік кешендер, инвесторлық жаңа көздер, оқу мен білім бағдарламалары біріктіреді. Корей түбегінің түстігіндегі шағын мемлекет те Қазақстанға ерекше қызығады. Жер көлемі Алматы облысындай болатын шағын Корей түбегінде 70 миллион халық тұрады. Мұхитқа сұғынған географиялық аймақта да электроника дамыған. Қазақстандық делегаттар «LG» компаниясымен келісімдер жасасты. Оңтүстік Корея Қазақстанға 10 миллиард долларға дейін инвестиция салған. Ресми сапарда Қазақстан басшысы Корей елінің сауда-саттығына соны серпін беретін жаңа транзиттік жолдардың ашылатынын мәлімдеді. «Қорғас» құрғақ порты мен Ақтау арасын жалғайтын жолдың жасалатынын, сол арқылы Парсы шығанағы елдеріне шығуға мүмкіндіктің барын жеткізді. Соңында Мемлекет басшысы өзге елдермен өзара байланыстарды жетілдірудің мақсаты ең алдымен отандық экономика үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіру екеніне назар аударды.
Елбасы – ел үшін туған қайраткер. ХХ ғасырдың басында Әлихан мен Ахметті қазақ қалай төбесіне көтеріп құрметтесе, ХХІ ғасырда Нұрсұлтан Назарбаевтың да орны ерекше. Сырт елдерге шыққан сапарында Елбасы тек елдің экономикасын ғана ойлап қоймай, өзінің жеке жұмыс кестесімен таныстырып, ұлт үшін туған қайраткер екенін дәлелдеді. Үш мемлекетке жасаған сапарының соңында журналистермен кездескен Елбасы: «Осы күндері ары кетсе 3-4 сағат қана ұйықтап жүрмін. Ми үнемі жұмыс істеп тұрады. Күрделі келіссөздер жүргізу керек, оның нәтижелі болып аяқталуы маңызды. Әлем ісіне, ядролық қарудан бас тарту ісіне адал болуымыздың арқасында көптеген елдің құрметіне ие болдық, сондықтан шаршамаймын», – деді Сеул қаласында.

Президенттің бұл сөзі әрбір Қазақстан азаматын ойландырғаны белгілі. Қандай тығыз жұмыс кестесі болса да, Президент шаршамайды және тәуелсіздік жолында еңбек еткенді ерекше бақыт санайды. Сырт елдерге сапарын аяқтаған соң ол: «Командир ақбоз атымен әрдайым алда әрі сау жүруі керек. Президенттің жұмысы осындай, жұмысқа өзіңді арнауың керек, бар уақытыңды, денсаулығыңды арнайсың, жұмыстан тыс уақытта да. Осылай ғана тапсырылған міндеттерді орындай аламын», – деп ел алдында ағынан жарылды. Алаштың азаматы ғана осылай десе керек. Әр секундын туған елінің өркендеуіне арнаған Президент – біздің ғасырдың реформаторы әрі әлемнің ең беделді саясаткері. Бабаларымыз армандаған, Алаш арыстары тілек еткен тәуелсіздік тұлғасы. «Жатқанға жан жуымайды», – деуші еді атам қазақ. Біз жатқан ел емеспіз, жасампаз елміз.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

 

Қатысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026
Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.