Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бейбіт Исабаев Панфилов ауданының тұрғындарын қабылдады

7 желтоқсан 2023
КҮЛТӨБЕ
Бейбіт Исабаев Панфилов ауданының тұрғындарын қабылдады
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Панфилов ауданына барған сапары барысында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қабылдауға бірінші болып кірген Көктал ауылының тұрғыны, ІІ топтағы мүгедектігі бар Шолпан Шалимбаева мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үй кезегіне жеткенше уақытша баспана беруді сұрады. Мәселені шешудің мүмкіндіктерін саралай келе, қазір жөндеу жүргізіліп жатқан қызметтік көп қабатты үйдің бірінші қабатынан уақытша баспана беру туралы шешім қабылданды.

Сол сияқты жаскенттік Назира Жанқабыл да тұрғын үй жағынан көмек қажет екенін айтты. Күйеуі 2019 жылы орман өрті кезінде қаза тапқан. Орман шаруашылығы мекемесі қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған азаматтың отбасына жаңа үй салып бастаған, дегенмен түрлі себептерге байланысты үй құрылысы аяқсыз қалыпты. Бүгінде Назира 5 баласымен әулеттің үлкен шаңырағында бірнеше отбасы бірге өмір сүріп жатыр. Бейбіт Исабаев аудан әкіміне демеушілерді тарта отырып, өтініш иесінің үйінің құрылысын аяқтау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Алмалы ауылының тұрғыны Серікбай Мұқаев бірнеше мәселе көтерді. Атап айтқанда, жиналған жүгерілерін өткізу, Алмалы ауылындағы қырманға жөндеу жүргізу, ауылға дәрігерлік амбулатория салу, ауыл көшесін жарықтандыру, демеушілердің бастаған спорт залының аяқсыз қалған құрылысының соңына дейін салынып бітуіне көмек қажеттігі. Облыс басшысы қазір жүгеріні 4 орын қабылдап жатқанын атап өтті. «Панфилов ауданында биыл 178 мың тонна жүгері жиналды. Олардан «Жаркент крахмал-сірне», «АзияАгроФуд» зауыттары мен 2 қабылдау пункттеріне өткізілетіннен артылатыны 35 мың тоннадай. Кеше «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы құрама жем шығаратын зауытқа барғанымда, зауыт директоры шикізат ретінде 15 мың тоннадай жүгері  қабылдайтынын айтты. Оған қоса Қытайға экспортқа шығаруға бізде келісімдер жасалып жатыр. Жүгері қабылдайтын орындар арасында ашық бәсекелестік болғанда ғана шаруалардың өз қалауындай бағаға өткізуге мүмкіндігі болады», — деді Бейбіт Исабаев.

Сонымен қатар, белгілі болғандай, Алмалы ауылына дәрігерлік амбулатория салу келесі жылға жоспарланған екен. Оған қоса 2024 жылы 250 млн. теңге қаржы бөлініп, қырман салынатын болады. Ал спорт залдың құрылысына демеушілер тарту аудан әкіміне тапсырылды. Сондай-ақ ауылдағы екі балабақша орналасқан көшеге жарық шамдарын орнату мәселесі де қарастырылатын болады.

Осы күні Ақкент пен Ават ауылдарының арасындағы трасса жарықтандыру, тротуар төсеу мәселесін көтерген Қуаныш Аязбековтің өтініші де жоспар бойынша атқарылатын болады.

Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

28 қараша 2026
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

28 қараша 2026
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

28 қараша 2026
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

28 қараша 2026
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

28 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.