Жетісуда танымал журналист БейсенҚұранбектіеске алуға арналған футзалдан республикалық турнирі өтті. Облыс орталығы Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында өткен спорттық сайысты Жетісу облысының әкімдігі, «Қоғамдық келісім» КММ-сі және Қазақстан халқы Ассамблеясы Жетекші журналистер мен сарапшылар клубыұйымдастырған.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған билік өкілдері, Бейсен Құранбек – қазақ журналистикасының қайраткері, шынайылық пен әділдікті ту еткен тұлға. Бұл турнир оның жарқын бейнесін еске алып, жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға баулумен қатар достық пен бірлікті нығайтуға бағытталғанын жеткізді.
ТурниргекөршіҚырғыз елінің «Қырғыз», Қазақстанның Астана қаласынан — «Qaz365.kz», «Хабар-24», Алматы қаласынан — «Алматы», Шымкент қаласынан — «Күнгей.кз», Алматы облысынан — «Қонаев»,Жамбыл облысынан — «Жамбыл тв», Жетісудан — «Qareket», Қызылорда облысынан — «Ақмешіт», Шығыс Қазақстан облысынан — «Шығыс»сынды БАҚ саласының қызметкерлері арасынан жасақталғанжалпы 10 команда қатысты. Тартымды да тартысты өтіп көрермендердің делебесін қоздырған жарыстың қортындысы бойынша топ жарғандар анықталып, үздіктер марапатталды. Атап айтсақ, бұл жарыста шашасына шаң жұқтырмай өз қарсыластарының барлығынан басым түскен жетісулық «Qaraket» командасы І орын иегері атанып, медаль және 1 миллион теңге қаражатты қанжығаласа, ІІ жүлдеге лайық деп танылған «Қырғыз» құрама командасы 700 мың теңге сыйақыға ие болды. Сондай-ақ, астаналық «Qaz365.kz»командасы ІІІ орынға табан тіреп, 500 мың, ал, қызылордалық «Ақ мешіт» командасыIV орын жүлдесін жеңіп алып 200 мың теңге қаржыны қалтаға басты. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясы Азат Құмарбекке, «Үздік бапкер» БекТөлеуге, «Үздік қорғаушы» Диас Нұрлыбайға, «Үздік шабуылдаушы» Жәнібек Есеналиевке, «Үздік қақпашы» Әділхан Есімхановқа, «Жанкүйер ықыласы» номинациясы Алмас Сәдуақасқа табысталса, Аман Тасыған«Нұртілеу Иманғали» атындағы,Дулат Нуркин «Амангелді Сейітхан» атындағы Нұржан Туғанбай«Сайын Тұрсынов» атындағы арнайы жүлдемен марапатталса, Мирас Құмарғали мен Қайырқан Амандосов Жетісу облысының әкелер одағы республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының арнайы дипломы, Жандос Айтпайұлы мен Ержан Батыршаевқа Жетісу облыстық маслихатының арнайы жүлдесі берілді.
Айдын КӘЛІМХАН





