Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Береке-бірлігі жарасқан

28.11.2023
КҮЛТӨБЕ
Береке-бірлігі жарасқан
WhatsAppTelegramFacebook

Ғасыр бойы ел өмірі мен руханиятын, тарихи жетістіктері мен жеңісін, тұрмысы мен әл-ауқатын хатқа түсіріп, шежіреге айналдырып келген «Jetisý» газеті айтары айшықты ата басылым. Мемлекет пен өңірдің өзекті істерін, шешімі күрделі мәселесі мен жүрек шымырлатар қуанышын қатар ақжолтайлап келе жатқан газетіміздің баспасөз науқанына орай саялы Сарқан ауданына ат басын бұрдық. Онда өңір әкімімен жолығып атқарылған істерді саралап, шаруа қожалықтарының жай-күйімен танысып, тұрғындардың талап-арызына құлақ түрдік.

Берекесі мен бірлігі жарасқан, өрісі өркендеген Сарқан ауданының тыныс-тіршілігі мен экономикасы, инфрақұрылымдық, шаруашылық дамуы уақытпен бірге өріс алып, өркендеп келеді.

«Jetisý» газеті мен «Вестник Жетісу» газеттерінің басшылық құрамы мен тілшілерін жылы қарсы алған аудан әкімі Ғалымжан Маманбаев баспасөзге жазылу қарқынды жүріп жатқанын айтты. Сонымен қатар өңірдің мақтанышы саналған қант қызылшасы жайлы сөз қозғады. 

– Ежелден қант қызылшасымен айналыссақ та  көрсеткішіміз төмен болып келгені жасырын емес. Өткен жылы 430 гектарға себілген тәтті түбірден 14 мың тонна өнім алдық. Биылғы жоспар бойынша 1300 гектардан 56 мың тонна өнім көрдік. Ауданымызда мұндай көрсеткіш егемендік алғаннан бері болмаған. Бұл, біріншіден, шаруа қожалықтарының жағдайын жақсартуға мүмкіндік берсе, екіншіден, халықтың билікке деген сенімін нығайтты, – деген аудан басшысы облыс әкімінің көмегімен Ақсу қант зауытының іске қосылғаны қант қызылшасын Көксу қант зауытына таситын ақсулықтар мен сарқандықтар үшін тиімді болғанын атады. 

– Онымен қоса облыстың көмегімен қаржы мәселесін де шештік. Яғни, қант зауытынан бөлек мемлекеттік субсидия беріледі. Жалпы аудандағы шаруа қожалықтарына 2 млрд. теңге түседі. Ендігі жылы қант қызылшасынан 100 мың тонна өнім жинаймыз деген жоспар бар. Қос газет арқылы ауданымыздың шаруа қожалықтарына алғысымды білдіремін. Төккен тер, еткен еңбек арқылы береке-бірлігімізді көрсетті. Табысын жақсартты. Шаруалар табысының жақсарғаны – тұрғындардың әл-ауқатының жоғарылағаны емес пе?! 

Аудан халқының әл-ауқаты мен өмір сапасына тоқталған Ғалымжан Қанатұлының айтуынша, биыл ауданда 7 стадион салынған. Соның бірі – Қойлық ауылындағы олимпиадалық стандартта жасанды жабынмен салынған стадион. Сонымен қатар, қараусыз қалған саябаққа салынған балалар ойнайтын алаңға шатыр құрып, жарықтандырылған. Серуендейтін жол төселген. 

Шегарадағы Аманбөктер ауылында жағдай жасалмағандықтан  халық саны азайып қалған. Алайда ауылдың табиғаты көркем, туристік әлеуеті жоғары. Жалпы, аудан басшылығы ауылдағы саябақтарға күрделі жөндеу жұмыстарын жасап, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, балаларға арнайы стадион, денсаулық сақтау пункттерін салып, халықтың өмір сапасын арттыруда. «Осындай инфрақұрылымдық жұмыс арқылы халықтың билікке деген сенімін қайтара аламыз», – дейді аудан басшысы.

Ғалымжан Қанатұлы ауданда ауызсу мәселесінің ақсап тұрғанын және су сапасын жақсарту үшін жоспар жасалып жатқанын да айтып өтті. Сонымен қатар аудан орталығында теннис корты да салынған. Сарқан өзенінің жағалауына 800 метр қосып, аумағын ұлғайтып, балалар ойнайтын алаң, үлкен кісілер демалатын арнайы «Денсаулық» жағажайы жасалыпты. Қаланың шырайын кіргізу үшін арнайы зообақ ашыпты. Қазір онда 2 түйеқұс өсірілуде. Алдағы жылы тауыс пен тотықұстар әкелуді жоспарлап отырғанын айтқан аудан басшысы мектеп, Мәдениет үйі, саябақ, стадион салып, ауызсумен қамтамасыз ету бүгінгі күннің мәселесі екенін жеткізді. Сонымен қатар, елдің еңбекқорлығына қарап аудан болашағына сенімінің кәміл екенін атап өтті.

Айғаным АЙТМҰХАН
Сарқан ауданы

Суретті түсірген Руслан ҚАДЫРОВ
 

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

08.08.2026
Балуаннан балуан озар белдескенде

Балуаннан балуан озар белдескенде

08.08.2026
Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

08.08.2026
«Болашақ ойындары 2026» басталды

«Болашақ ойындары 2026» басталды

08.08.2026
Чемпиондыққа бір қадам

Чемпиондыққа бір қадам

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.