Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БІЛІМНЕН ТАУЫП БАҚЫТЫН

06.04.2018
КҮЛТӨБЕ
БІЛІМНЕН ТАУЫП БАҚЫТЫН
WhatsAppTelegramFacebook
   Өмір білгенге әліппе, білмегенге таяқ. Бұл бұйдасы бөлек сөз емес, баяғыдан келе жатқан пайым, тұмба түсінік. Ақиқаты сол, адам қаншалықты білімге қанағатсыз болса, соншалықты парасатқа жомарт. Бабамыздың «Білгенге – маржан» дейтіні тегін емес. Сондықтан қаражаяу тірліктің қамбасына бас қоймай, ақыл майданында ерлік көрсеткен абзал. Осы ойымызбен өзектес болсаңыз мақаламызға үңіліңіз.

 

    Ұстаз ғұмыры бірсыдырғы сарынды көрінгенімен, түптеп келгенде тәрбиенің көзі, ізгіліктің бастауы. Содан болар, оларға артылар жауапкершіліктің салмағы ауыр. Соған қарамастан қиын да күрделі жолды таңдап, шәкірт жүрегіне бойлай білген жансебіл жандардың еңбегі ерен. Әйтсе де көп жағдайда ескерусіз қалып жатады. Оған өздері де бас ауыртқан емес. Оларға атақ-даңқ пен абыройдың керегі шамалы. Себебі саналы түрде бүтін бір қауымды білім биігіне көтеру – үлкен мәртебе. Осы орайда Талдықорған қаласына қарасты Еңбек ауылындағы №22 орта мектептің директоры, ұлағатты ұстаз Рахила Молдағалиқызымен әңгіме өрбіттік
    Бала күнінен мұғалім болуды армандаған жанның жеткен жетістіктері, көздеген нысаналары жетерлік. Білім нәрімен сусындатып, қанатының астына алған Ю. Гагарин атындағы орта мектептің арқасында осы күнге жеткенін айтады. Бала қиялының шындыққа айналуына сеп болған сол мекеме. Өзі әуелі Аллаға, екінші өмір сыйлаған ардақты ата-анасына рахмет айтудан жалыққан емес. Біз оны ұстазға тән қасиеттің бір парасы деп түйдік.
    Күні бүгінге дейін жақсы адамдармен біте қайнаса жұмыс істеп, өзіне үлкен тәжірибе жинақтап келеді. Ұстаздық қызметінің алғашқы жылында облыстық «Үздік жас маман», қалалық «Жыл мұғалімі», республикалық «Үздік әдіскер – 2014», «Облыстық директорлар форумы – 2017» байқауларында бақ сынап, тұғыр төрінен көрініпті. Еңбегінің жемісі болар, 2012 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның қолдауымен Англияға баруға мүмкіндік алады. Онда білім берудің халықаралық озық тәжірибелерімен танысып, сабақ берудің басқа да тәсілдерін жетік меңгеріп келеді. Жаңалыққа жаны құмар жан үшін бұл жаңа баспалдақ болды. Әйтсе де ағайынның атын оздырсам деген ниетте аядай ғана Еңбек ауылына келеді. Білім саласында бірқатар биіктерді бағындыруды көздей тұра, шағын мекенге келуі ұлтқа деген жанашырлығынан болар. Бізді таңғалдырғаны осы еді. Шетелде оқыған адамдардың мектепте жұмыс істейтінін көрмек тұрмақ, естуіміз де аз. Өзі ол турасында: – Бәрі де ауылдан басталады. Жастардың құлағына алтын сырға. Қалада еңбек етіп жүргеніме  27 жыл болса да, ешқашан ауылымды естен шығарған емеспін. Ең алғаш №18 Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып бастадым. Кейіннен директордың әдістеме жөніндегі орынбасары қызметінде болдым. 2004 жылы    № 9 орта мектепке директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, артынан директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Ал Еңбек  ауылындағы №22 орта мектепті 2015 жылдың наурыз айынан басқарып келемін. Бұл білім ордасына келуіме себеп болған қалалық білім бөлімі басшыларының сенімі. Алақандай ғана ауылдың кіреберісінде орналасқан жаңа ғимараттың көркі көз тартады. Материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған. Бүгінгі таңда 51 ұстаз 398 оқушыға дәріс берсе, ішіндегі «Айжұлдыз» шағын орталығындағы 4 топта 78 бүлдіршін тәрбиеленуде. Енді, біздің мақсат – сол балаларды елге тұтқа болар салиқалы азаматтарға айналдыру. Шәкірттеріміз ел игілігіне жарап жатса, одан артық арман бар ма? – дейді. 
    Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» десе, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Балаңды ұлша тәрбиелесең, ұл болып өседі, құлша тәрбиелесең, құл болып өседі» – деген екен. Сол даналар айтқандай, «Біз бүгін кімді тәрбиелеп жүрміз?» деген сұрақ та жиі мазалайтын көрінеді. Бүгінде оқулықтағы олқылықтардың орны толмай тұрғандығы жанына батса керек.  
– Кез келген реформаның өзіндік ерекшелігі де, қиыс кеткен тұстары да болуы заңдылық. Көш жүре түзеледі. Тәуекелге бару арқылы жетістікке жетуге болады. Үлкен мақсат жолында қателікке ұрынсақ та, одан сабақ ала білуіміз шарт. Сондықтан білім саласына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға бейжай қарамауымыз керек. Осы орайда, ұстаздар қауымына жүктеліп отырған міндеттің ауырлығын ескере келе, сабырлық пен шыдамдылық, қажырлы  еңбек, тоқырап  қалмайтын ізденіс қажет деген пікірдемін, – дейді ұлағатты ұстаз.
Жаңа білім жүйесінде әр оқушының қабілеті мен табиғи дарынын шыңдауға бүгінгі ұстаздарға кәсіби біліктілік пен  шығармашылық потенциал ауадай қажет. Демек, ұстаздар әр  оқушының тұлғалық дамуына жағдай жасай отырып, өздерінің  дербестігін  көрсетуі тиіс.
    Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті, бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Елбасы Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосу үшін барлық күшін сарп етуде.
    Соған сай мемлекет тарапынан  электронды оқыту жүйесіне көшуге сәтті қадамдар жасалып жатқаны көпке белгілі. Осы орайда өзі басқарып отырған білім ордасында ақпараттандыру және  электронды  оқыту жүйесіне көшу мақсатында  жоспарлы  жұмыс  жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. 2012 жылдан  бастап электронды  оқыту жүйесіне енгізілген. Жылдамдығы 10 м/бит интернет желісімен қамтамасыз етілген 140 компьютер  бар. Заманауи үлгідегі компьютерлік сынып, барлық кабинеттерде моноблоктар, сандық мультимедиялық подиум, интерактивті тақта орналасқан. Ең бастысы, кітапхана жанындағы медиатека арқылы мұғалімдер мен оқушылардың электронды оқулықтармен жұмыс істеуіне мүмкіндік орасан екен. 
    Негізінде бұл  білім  ордасының іргесі  қаланғанына 74 жыл толыпты. Өткен  тарихына көз жүгіртсек, атаулы мектептен көптеген білікті мамандар шығып, қоғамға адал  қызмет атқаруда. Бүгінде 8 жоғары санатты, 15 бірінші  және 16 екінші  санатты мұғалім дәріс береді. Соңғы 3 жылда  білім  сапасы 48 пайыздан 59 пайызға, ҰБТ көрсеткіші 20,2 балға жоғарылап, қала мектептерінің мониторингілеуінде 13-орынға жайғасқан. Мектеп  бітіруші түлектердің грантқа түсу көрсеткіші де 7 оқушыға артыпты. Ұстаздар мен оқушылар республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып, мектеп мәртебесін көтеруде. Биылғы бітіруші шәкірттерінен «Алтын  белгіге»  және  «Үздік аттестатқа» үміткерлер  жоқ емес. 
    Тағы бір бөлісе кететін жайт, ағымдағы жылы республикалық «Дала сазы» атты байқауда «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Зарина Бешимбаева топ жарыпты. Оған қоса 20-27 маусым  аралығында Сочи қаласында өтететін «Черноморский олимп» халықаралық  байқауына жолдама алған.  Сонымен қатар, мектепалды даярлық тобының оқушысы Айару Атаулаева «Көркем гимнастика» аталымы бойынша тұғырдан көрініп, Ресейде өтетін ақтық мәреге шақыртылған. Бұл – Еңбек ауылындағы кішкентай білім ордасының жетістігі. Қарап отырып қызығасыз. Небір талантты бүлдіршіндердің ұстаханасына айналғандай. Бірі жырдан шашу шашса, бірі ән әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдыруға тырысып жүр.
   Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деп тәпсірлейді. Иә, ұстаз шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Бірақ бізге Рахила Ақшолақова оқытушыға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетті:
– Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі;
– Қызметке бейімділігі;
– Кәсіптік білімі мен біліктілігі;
– Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім; 
–  Ұйымдастырушылық қабілет; 
– Заманға сай жаңашылдық; 
Осындай дара қасиеттер ұстазды бақытқа жеткізері анық. Кез келген мұғалім ізбасарының қияға қанат қағып, елінің Туын көкке көтеретін азамат болуын аңсайды. Ол оның қуанышының ең кемел жеңісі.
   Рахила Молдағалиқызының қазақ әліпбиін латын қарпіне көшуі жайындағы орамды ойлары да өте әсерлі.
– Қазіргі кезде қоғамның барлық саласы дерлік латын әліпбиіндегі таңбалармен жақсы таныс деуге болады. Айталық, мектеп оқушысы бастауыш сыныптан бастап-ақ латын әліпбиі негізіндегі ағылшын тілін оқиды. Химиядағы Менделеевтің периодтық кестесі, физикадағы халықаралық бірліктердің СИ жүйесі, барлық математикалық шартты белгілер мен теңдеулер латын таңбаларымен берілген. Ендеше, мұғалімдер де, оқушылар да оқыту  үрдісінде латын таңбаларымен әлденеше рет кездесіп, оларға көздері әбден үйреніскен. Бұған қоса, күнде тұтынып жүрген тұрмыстық заттарымыздың барлығы дерлік шетелдің дүниелері. Олардағы жазулардың баршасы да латын таңбаларымен жазылған. Соларды шатыспай-ақ баршамыз күнделікті таңбасын танып, қажетті тетігін басып қолданып жүргеніміз анық. Латын әліпбиіне ең алғаш көшейін деп жатқан қазақ емес, бұл тарапта халықаралық тәжірибелер әбден жинақталған, жетерлік. Бір әліпбиден екінші әліпбиге көшу, әрине, кейбір қиындықтар тудыруы мүмкін. Бірақ осыны желеу ететіндер тарихқа көз жүгірткендері абзал болар. Қазақ халқы ашаршылық жылдары араб әліпбиінен латынға, соғыс жылдары латын әліпбиінен кириллицаға көшкенде оңай болмаған шығар. Ал сол кезеңдермен  салыстырғанда, бүгінгі күніміз әлдеқайда жақсы емес пе?! – деп сөзін түйіндеді.
    «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» деген халық даналығы бар. Бұл нені аңғартады. Яки, ол бала өмірінде маңызды рөл атқаратын елеулі тұлға. Одан алған әрбір ақпарат жанды семіртіп, өзіндік тұжырым жасауға бейімдейді. Қыран құстың балапаны қияға көз тіккеніндей. Сондықтан бір әріп үйреткен аяулы жанға өміріңнің соңына дейін тағзым етуің серт. Бұлақтың көзін ашқан, көңілі дастан ұстаз қауымы қашанда мақтауға ие. Біз ұлттың төл перзенті ретінде елдің ертеңіне бейжай қарамайтын осындай жандардың көп болғанын тілейміз.

Мұхтар КҮМІСБЕК.

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.