Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бәрі де халық үшін

26.01.2017
КҮЛТӨБЕ
Бәрі де халық үшін
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев қала тұрғындарымен жыл бойы атқарған жұмысы бойынша есептік кездесу өткізді. 

Қала әкімі өз баяндамасында 2016 жылы Талдықорған қаласы бюджетінің шығыс бөлігі 100 пайызға игеріліп, 35,5 млрд. теңгені құрағанын айтты. Бұл қаржының 30 пайыздан астамы әлеуметтік салаға, оның ішінде денсаулық сақтау мен білім саласына жұмсалғанын жеткізді. Жалпы, қалада өткен жылы біршама ауқымды іс атқарылды. Әсіресе, қазіргі таңдағы көпшіліктің өзекті мәселесіне  айналған – баспаналы болу жолы да жүйелі атқарылып келеді. Қала тұрғындарын баспанамен қамту үшін 125 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілгендігі қала тұрғындарына қуаныш сыйлады. Алдағы уақытта да халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы жүйелі атқарылып тұрады. Сонымен қатар, Оқушылар сарайы мен Жастарға қызмет көрсету орталығының өзі талдықорғандықтар үшін үлкен олжа болғаны рас. Соның нәтижесінде оқушылар мен қаланың белсенді жастары бос уақыттарын тиімді өткізіп келеді.  
Қала басшысының айтуынша, былтыр Талдықорған қаласына 62 млрд. теңгеден аса инвестиция тартылған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11 млрд. теңгеге артқан. 
Бүгінгі таңда қалада  9 мың 400-ден астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Өткен жылы жаңадан 45 кәсіпкерлік нысан ашылып, 26 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған. Талдықорғандық кәсіпкерлер құны 50 млрд. теңгеден асатын өнім өндіріп, бюджетке 7 млрд. теңге салық түсіргендігін қала әкімі тілге тиек етті. 
– Талдықорған жыл санап өсіп келеді. Ресми мәліметтерге сәйкес бүгінде қалада 167 мыңнан аса халық тұрады. Жыл сайын бізде 2800-3100 аралығында нәресте дүниеге келеді. Олардың барлығын балабақшамен, мектеппен, емханамен, баспанамен қамтуымыз керек. Міне, осы бағытта биыл 1200 орынды 2 жаңа мектеп салынады. 300 орынды музыка мектебін, емхана, балабақшалар салуды жоспарлап отырмыз. Бірақ тұрғындар үшін жасалған дүниелерге жастарымыз қиянат жасап жатқанын көпшілігіміз әлеуметтік желі арқылы біліп отырмыз. Осындай тәртіпсіздіктің алдын алу үшін ардагерлер жастармен тәрбиелік мәні бар басқосулар өткізіп тұрса деген ұсыныс бар. Бүгінгі жастар ертеңгі ел болашағының кілтін қолдарына ұстайтын азаматтар емес пе? Сондықтан да, балалардың балабақшадағы, мектептегі, өскен ортасындағы тәрбиесіне бәріміз де көңіл бөлуіміз керек –  деді қала әкімі. 
Биыл қала тұрғындары қоғамдық көліктерде электронды билетпен жүретін болады. Ол үшін қалалық әкімдік бірнеше компанияның қызметімен танысты. «Талдықорған – оқушылар мен студенттері қоғамдық көліктерде тегін жүретін бірден бір қала. Былтыр біз тасымалдаушыларға осы қызмет үшін 518 млн. теңге субсидия бердік. Электронды билеттеу жүйесі сол қаржының тиімді жұмсалуын қадағалайды. Автопарктер жаңартылып, қоғамдық көліктердегі қызметтің сапасы да жақсармақ. Атқарылар істің барлығы да тек халық игілігіне арналады. Біз халыққа қажетті барлық жағдайды жасауымыз керек», –   деді Бағдат Қарасаев. 
Әкім баяндамасынан соң жиналған көпшілік көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Тұрғындардың бірі әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігін жеткізсе, екіншісі қаланың оның ішінде көше тазалығына ерекше мән берілсе деген ұсынысын ортаға салды. Ал саяжай тұрғындарын жыл сайын мазалайтын санаулы ғана мәселе. Олар ауыз су және жол мәселесіне әкімдік тарапынан көңіл бөлінсе дейді. Қала тұрғындарының өтініштері мен сұрақтарын тыңдаған Бағдат Әбілмәжінұлы алдағы уақытта әрбір тұрғынның өтініші аяқсыз қалмайтынын айтты. Жиынды қорытындылай келе, талдықорғандықтар әкімнің бір жылда атқарған жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Бабалар рухы кернеп тұр

Аса маңызды қадам

05.03.2026
Жоғарғы сот судьялары қызметінен босатылды

Жоғарғы сот судьялары қызметінен босатылды

05.03.2026
Миллиардер Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды

Миллиардер Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды

05.03.2026
Жол ережесін бұзғандарға бейнежазбаны онлайн алу мүмкіндігі берілді

Жол ережесін бұзғандарға бейнежазбаны онлайн алу мүмкіндігі берілді

05.03.2026
8 наурызда әйелдерге қандай сыйлық беруге болады?

8 наурызда әйелдерге қандай сыйлық беруге болады?

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.