Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Бірлік» жастар лагерінің жиыны – Жетісуда

15 қыркүйек 2023
КҮЛТӨБЕ
«Бірлік» жастар лагерінің жиыны – Жетісуда
WhatsAppTelegramFacebook

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» лагері өз жұмысының алғашқы күнін экологиялық акциямен бастады. Жастар ұйымының 40-қа жуық мүшесі Текелі қаласының маңында тазалық шарасын жүргізді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

11-13 қыркүйек  аралығында Жетісу өңірінде  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагерінің басқосу жиыны өткен болатын. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және Ассамблеяның жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевтың айтуынша  «Бірлік» жастар лагерінің жиынына биыл Текелі қаласы таңдалып алынған. Қоршаған ортаға қамқорлық жасау — Республикалық жастар ұйымының негізгі бағытының бірі. Сондықтан да олар лагерь жұмысының бірінші күнін осы тақырыпқа арнаған.

Экологиялық шараға қатысушылардың барлығына қолғап, қоқыс жинайтын қаптар таратылды. Жастар акция барысында Қора өзенінің жанындағы шатқалдың кіреберісінде орналасқан Будда тасының маңайын қоқыстан тазартты.

«Акцияда жұртшылықтың, әсіресе, жастардың назарын демалыс орындарын ластау проблемасына аударуды мақсат еттік. Екінші жағынан облыстағы экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдессек, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттап, қоғамның табиғатпен үйлесімде өмір сүру мәдениетін қалыптастыруға үлес қоссақ дейміз», — дейді бірлестік төрағасы.

Жалпы жиын Ассамблеяның «Қазақтану» жобасы аясында қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі мектебі бойынша шеберлік сыныбы, жастармен пікір алмасу тренингтері түрінде жалғасын тапты. Осы күні ер балаларға арналып ежелгі баспана — киіз үйдің негізгі бөліктері мен құрылу жолдары туралы шеберлік сыныбы өткізілсе, жас бойжеткендер ұлттық тағамдар дайындаудың қыр-сырымен танысып, ас дайындады.

«Бірлік» лагерінің 2-ші күні арнайы шақырылған спикерлер волонтер болу, блогерліктің қыр-сыры, жастардың қоғамдық дипломатиясы сияқты бірқатар өзекті тақырыптарда жастармен ой бөлісіп, қызықты тренингтер өткізді. Сол сияқты қоғамдық қызметке тарту және волонтердік жөнінде мотивациялық әңгімелер жастар ұйымы мүшелері қатысқан Текелі қаласының №4 орта мектебінде өткен «AlmaFest» фестивалінде де жалғасты.

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

28 қараша 2026
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

28 қараша 2026
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

28 қараша 2026
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

28 қараша 2026
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

28 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.