Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БЮДЖЕТТІҢ ЖАРТЫСЫНАН АСТАМЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЖҰМСАЛЫП ЖАТЫР

17 қыркүйек 2024
КҮЛТӨБЕ
БЮДЖЕТТІҢ ЖАРТЫСЫНАН АСТАМЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЖҰМСАЛЫП ЖАТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Жетісу өңірінде облыстық мәслихаттың кезекті ХХ сессиясы өтті. Онда облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Аймақ басшысы 8 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 112,4 пайызды құрап, облыс бюджетінің 50 пайыздан астамы әлеуметтік салаға жұмсалғанын айтты.


Ауылшаруашылығында өсім 2,4%, тұрғын үйді пайдалануға беру 20,6%, құрылыс жұмыстары 1,3 есе және сауда көлемі 1,4 есе өсті. 1,3 есе өсіммен 218,4 млрд, теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде жеке инвестициялар 154,9 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте ауылшаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 44,3 мың гектарға артып, егіс көлемі 510,1 мың гектарға жетті.  Барлығы 2,0 млн. тонна егін жинау жоспарлануда.

– Халық қалаулыларының бұқарамен жүргізген мақсатты жұмысының нәтижесінде бізге 40 депутаттық сауал түсті. Оның 20-сы қанағаттандырылды. Яғни, қаржылық қолдау тапты. Бұл – халық игілігіне бағытталған бірлескен, ашық жұмыстың жемісі. Ел Президенті атап көрсеткендей, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға тікелей әсер ететін нақты істер мен жетістіктер қажет. Бұл ең алдымен ауыз су, жол, газ, тұрғын үй. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша 8 айдың қорытындысында Жетісу облысы республикада 1 орынды иеленді. Біз жыл соңына дейін, оның ішінде халықтың қолдауының және депутаттардың ықпал етуінің нәтижесніде осы жұмыс қарқынын сақтап қалуды көздеп отырмыз, – деді Б. Исабаев.

Облыс бюджетінің 50 пайызы әлеуметтік салаға жұмсалатынын тілге тиек еткен Бейбіт Исабаев 2022 жылдан бастап 2024 жылдың қорытындысы бойынша мектептердің жаңартылу деңгейі 36,8 пайызды құрайтынын айтты. Жөндеуге жататын 261 денсаулық сақтау нысанының 2022 жылдан бастап 36,8 пайызды құрайтынын жеткізді. Бұл облыс аумағындағы денсаулық сақтау нысандарының 136 немесе 52% жаңартылғанын айғақтайды. Сондай-ақ, спорт саласында бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 71,4 пайызға, мәдениет саласында 36,2 пайызға жетеді деп жоспарлануда. Биыл облыстағы 24 елді мекеннің тұрғындары, келесі жылы тағы 63 елді мекеннің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізеді.

Облыс әкімі сессия барысында депутаттардан түскен кедергісіз орта қалыптастыру, мектепті күрделі жөндеуден өткізу туралы сұрақтарға жауап берді. Мысалы, Бақтыбай ауылындағы С. Сейфуллин, Басқұншы ауылындағы Мәдениет үйінің мәселелері көтерілді. Бейбіт Исабаев жауапты тұлғаларға келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды жан-жақты зерделеуді тапсырды.

Сессия отырысында депутаттар бюджетті нақтылау және өзгерістер енгізу мәселесін қарады. Бүгінде облыстық бюджет 574 млрд. теңгені құрады. Алдағы уақытта білім беру нысандарын, денсаулық сақтауды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, көлік инфрақұрылымын, су шаруашылығын, мәдениет, спорт және туризм салаларын дамытуға қосымша қаражат қарастырылатын болады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
 
Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

Бүгін, 14:30
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

Бүгін, 13:12
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Бүгін, 12:10
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бүгін, 11:30
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.