Талдықорған: +1°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Даналар даңғылымен дамимыз

11.08.2017
КҮЛТӨБЕ
Даналар даңғылымен дамимыз
WhatsAppTelegramFacebook

Жер-жаһанға тектілігімен танылған, қайсарлығымен аты дүркіреген ерен ел екенімізді ұлт зиялыларының аузынан көп естіп жүрміз. Айдай әлемге ақиқат болған ақпарды ғажайып шығармалардан да жиі оқып, маңғаз жұрттың перзенті екенімізге іштей шүкіршілік айтатын кездеріміз аз емес. Бүгінгі жаһандану дәуірінде даналар даңғылын жалғап, замана талабына сай тұтас ұлт болып рухани жаңғыруға тиістіміз. Бұл жайлы Президентіміз дер шағында тағылымы мол мақала жазды. Содан бері жер-жерде аталмыш мақала қызу талқылауға түсуде. Осыған орай, облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Дөңгелек үстел» өтті.

Алқалы жиынның шымылдығын облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жаныс Сапарғалиев ашып, жүргізіп отырды. Ол маңызы мол мақала бойынша көптеген игілікті іс-шараның ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар,  бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен тоқталып, алғашқы сөзді облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрінге берді. 
– Қазіргі таңда қазақ халқының жаны мен тәні үшін қатты күрес жүруде. Әдебиет пен мәдениет, экономикда қордалы мәселелер жетерлік. Қазір баласы әкесін тыңдамайтын, ата-ана қызына «тек» демейтін заман болды. Бір отбасындағылар бірнеше діни ағымды ұстанатын күнге жеттік… Сол себепті халық қайда барарын білмей «шөре-шөре» күйге түсуде, – деген қаламгер рухани тұрғыдағы көптеген кемшіліктерді тереңнен қаузап, құндылықтарымызды құнттамайтындарды сынға алды. Сонымен қатар, тауанды тарихтан сыр шертіп, кешегі күнгі бабалар болмысын, олардың әлемге өркениет таратқан даналығын тағы бір мәрте санада жаңғыртты. – Елбасы бастамасымен Мәңгілік Ел болуға бет бұрумыздың негізгі астары кешегі айбарлы Мөде  мен жарты әлемді жаулаған Шыңғыс қағанның ұранымен астасып жатыр. Олар да тұғыры мызғымас мәңгілік империяның салтанат құруын көкседі.
Әміре Әрін тарих ұлттық сананың негізі екенін, шежірені білмей, өткенді танымай болашаққа жарқын қадам жасай алмайтындығымызды тілге тиек етті. Қабырғалы қайраткер әлемге өркениет таратқан, ең алғаш рет алфавит ойлап тапқан және темір соғу мен жабайы жылқыны қолға үйреткен дана ел екендігімізді де ақынға тән асқақ көңілмен жеткізіп, бес басымдыққа ие «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының әр жолын тереңнен тарқатып берді. 
Өз кезегінде сөз алған облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Саламұлы мақаланың әр тармағы өміріміз үшін өзекті екенін алға тартты. Ол ұлттық, халықтық тұрғыда ой қорыта келе, замана жастарының келбеті мен қоғамның дертін де тақырыпқа арқау етті. Кешегі батыстан тараған дерттің ел іргесіне келгендігін, азғындықтың алуан белгілері етек алып жатқандығын қинала термеледі. Қоғамдық індетке қарсы жоғары имунитет қалыптастырмай рухани даңғылда даралана алмайтындығымызды да әңгіме өзегі ете білді. 
Журналистика майталмандарының ұтқыр ой, тұшымды пікірлерінен кейін «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы облыстық филиалының жетекшісі Мейраш Шынасилова ниетін жеткізді. Ол көкейіне түйген ойды, күрделі мәселелер мен бүгінгі күннің келеңсіз жайттарын қозғаса, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары  Қаламқас Исаева атқарылып жатқан игі шараларды баян етті. Аталмыш партияның «Ауылым – алтын тұғырым» атты байқау ұйымдастырып, поэзия, проза, драматургия жанры бойынша үш томдық жинақ шығарылғандығын сүйіншіледі. Сондай-ақ, киелі жерлердің географиясын жасау мәселесін әңгімеге арқау етті.  
Жаһандану – ұлттық құндылықтарымыз бен болмысымызды сақтауға күресетін, арман-мұраттарымызды қоғамдық ықпалға сай айқындайтын кезең. Бұл жағынан алғанда, Ұлт Көшбасшысының мақаласын халық болашақты бағдар ете білуге, жазбадағы әр мәселені тереңнен түсінініп, соған сай амал етуге күш салып жатқаны айқын. Алқалы жиында айтылған салиқалы пікір, салмақты ойдан түйгеніміз осы. Ұтымды ұсыныс тасталған ауаны кең отырыста, тыңдарман тарапынан да алуан пікірлер айтылды. Бірі жастарды сынға алса, енді бірі Мағжан ақын сенген жаңа буынның жетістігіне тоқталып, ертеңгі елдің болашағы осылардың қолында деген сенімін білдірді. «Дөңгелек үстел» әр адам рухани жаңғыруға өз үлесін қосуы тиіс деген ортақ  оймен қорытындыланды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026
Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.