Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДЕПУТАТ. ӘКІМДІКТЕР ҚҰМАР ОЙЫНҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАБЫН ОРЫНДАМАЙ ОТЫР

18.12.2024
КҮЛТӨБЕ
ДЕПУТАТ. ӘКІМДІКТЕР ҚҰМАР ОЙЫНҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАБЫН ОРЫНДАМАЙ ОТЫР

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы 8 шілдеде қабылданған «Ойын бизнесі туралы» заңның ісі жүзінде қалай күшіне енгенін айтып, депутаттық сауал жолдады.


Бүгінгі депутаттық сауалым құмар ойынның құдығына құлағандарды құтқаруға арналған қадамдар хақында. Иә 8 шілдеде «Ойын бизнесі туралы» Заң қабылданды. 9 қыркүйектен бастап күшіне енді. Тиісінше бәс тігіп опық жеген отандастарды оттан алып қалдық десек болады. Заңға сәйкес лоторея билеттерін сату аумақтары шектелді, смс хабарлама арқылы ойынға шақыру, БАҚ құралдары мен сайттардағы букмекерлік кеңсе жарнамаларының жолы жабылды. Құмар ойын атаулы қаптың аузын бұлтартпастай буатын сәт жетті  дегенмен адамнан айла артылған ба? Көпшіліктің көз жасынан көп ақша тапқандар қазір заңды айналып өтудің әрекеттерін жасап бағуда. Өйткені темірдей тәртіпті ұстануы тиіс мемлекеттік органдардың еткен еңбегінде кеткен кемшілік көп, — дейді мәжілісмен.

Мәжіліс депутаты 6 мәселені анықтап, Үкімет басшысы Олжас Бектеновке сауал жолдады.

Біріншіден, қолданыстағы Заңда көшеде, қоғамдық көлікте, билбордта құмар ойынға қатысты жарнама болмау керек деген норма бар. Дегенмен әкімдіктер аталған Заң талабын орындауға асығар емес.

Уәкілетті органның дерегіне сүйенсек, ШҚО әкімдігі заң күшіне 9 қыркүйекте енгеніне қарамастан, құмар ойынның жарнамасы жазылған билбордтарды қарашада ғана демонтаждаған. Ал Алматы мен Шымкент қалаларының,  Алматы, Маңғыстау, СҚО, Павлодар облысының әкімдіктері  құмар ойынды жарнамалаған нақты неше сыртқы жарнаманың көзі жойылғаны туралы ақпаратты құзырлы органға әлі бермей отыр. Сондай-ақ кейбір әкімдіктер «өңірімізде букмекерлік кеңселердің жарнама объектілері мүлдем болмаған» деп жауап беріпті. Мұның ақылға сыймайтыны анық. Букмекерлік кеңселердің жарнамасын жоймау Заң талабын орындамау ғана емес, тікелей халыққа жасалған қастандық екенін ескеру керек. Сол себепті аталған облыстарда тиісті тексеру жүргізіп, заңды белден басқандарға шара қолданылуы қажет, — дейді ол.

Екіншіден, Заңда букмекерлік кеңсені тек спорттық БАҚ-ы жарнамалай алады деп жазылған. Алайда кей сайттар ресми түрде спорттық деп тіркелмесе де букмекерлерді жарнамалап ақша табуда. Іс жүзінде сайттарына кірсеңіз талқыламайтын тақырыбы жоқ. Осы ретте Заңның орындалуын қатаң бақылауға алу керек.

Үшінші мәселе, Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше 2021 жылы букмекерлік қызметке 38 лицензия, тотализатор қызметіне 8 лицензия берілген. Бірақ 2023-2024 жылдардағы тексеру кезінде тек 18 букмекер мен 7 тотализатор ғана тиісті лицензиямен жұмыс істеп тұрғаны анықталды.  Басқа лицензияларды кәсіп иелері жасырын ұстайды, тиісінше бір лицензиясын жапсаң екінші лицензиясымен жұмысын жедел жалғастырып кетеді. Тағы бір түйткіл, букмекерлік лицензия алған кәсіпкерлер одан тапқан табысын жасыру үшін ақшаны жылжымайтын мүлікті жалға беруден, инвестициялық түсімнен таптық деп жалтарады. Букмекерлік лицензия алған адам сол күннен бастап тек қана букмекер ретінде жұмыс істеуі тиіс. Егер лицензия пайдаланылмай жатса уәкілетті орган оны қайтарып алуы қажет, — дейді Нартай Сәрсенғалиев.

Төртінші мәселе, бәс тігу арқылы ұтысқа ие болған азаматтар «ақшамызды ала алмадық» деп арызданып жүр. Букмекерлік кеңседе ойнап ұтқан азамат белгіленген тәртіпке сәйкес 10 күн ішінде ұтысын алуы керек. Ал букмекерлер сол уақытта ұтысын бермей қойса адамдар қайда барып шағымданарын білмейді. Себебі азаматтық кодексте тиісті норма қарастырылмаған. Сәйкесінше сот мұндай шағымдарды қараудан бас тартады екен. Бұл мәселені де азаматтардың құқығы сотта қорғалатындай қылып шешу қажет.

Бесінші мәселе, құмар ойын ойнауға тыйым салынған азаматтардың тізімін толықтыру керек. Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінде тиісті тапсырма берілді. Соған сәйкес сотталған, бірақ бас бостандығынан айрылмаған азаматтарға құмар ойын ойнауға тыйым салу қажет. Бұл лудомандардың бәс тігетін ақша іздеп тағы да қылмыс жасамауы үшін керек.

Алтыншы мәселе, қазір бізде құмар ойын ойнауға тыйым салынған азаматтардың тізімі бар. Оған борышкерлердің бірыңғай тізіміндегілер, өз-өзін шектегендер мен құмар ойын ойнауға шектеу қойылған адамдар кіреді.  Бұл 3,5 миллионнан астам қазақстандық. Заңның қалыбы қатаң боп қабылданғанмен іске асыруға келгенде сылбырлық байқалады. Салдарынан шектеу қойылған азаматтар әлі күнге емін-еркін құмар ойын ойнап жүр. Осы үлкен кемшілікті түп тамырымен жою үшін Әділет министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Қаржы министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің арасындағы ақпарат алмасу жұмысын тезірек интеграция жасау қажет. Біртұтас жүйе болмай жұмыс өнбейді, — дейді мәжілісмен.

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.