Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДЕПУТАТ. СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ҚҰМАР ОЙЫНҒА САЛЫНҒАНДАР КӨП

29 наурыз 2024
КҮЛТӨБЕ
ДЕПУТАТ. СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ҚҰМАР ОЙЫНҒА САЛЫНҒАНДАР КӨП
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір бәс тігу саласында жұмыс істеп жатқан ірі компанияларға қатысты қатаң заң шығарылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында ойын бизнесіне арналған заң жобасын талқылау кезінде депутат Руслан Берденов айтты.


«Құмар ойын салдарынан қаншама адам суицидке барып жатыр. Бірақ оның себебін көп жағдайда білмейміз. Сонымен қатар, ажырасулардың 40 пайызына осы лудомания тікелей себеп болды. Мектептегі оқушылардың арасында да осы ойыннан хабары бар. Бұл мәселеге қатысты сегіз университетке бардым. Жоғары оқу орындарында лудомандар көп екені, кейбір университеттерде 30-40 пайызға дейін жететіні айтылып жатыр. Ер балалар да, қыздар да ойнап жүр. Осы тұрғыда оқу орындарының басшылығы заңнаманы қатаңдату мәселесін көтеріп отыр», — деді Р. Берденов. 

«Қазір жұмыс істеп жатқан ірі компанияларға қатысты қатаң заң шығару керек. Ойынқұмарлық, бәс тігу жайында айтып жүргенде, көп жағдайда Satty Zhuldyz компаниясы назардан тыс қалып жатады. Бұл компания елімізде монополист саналады. Осы компания қызметі барлық өңірдегі дүкендерде және нысандарда таралған. Тіпті, діни мекемелерде де бар екен. Кеше бір видеоны көрдім, онда діни мекеменің өзіне де қойғанын байқадық», — деді депутат.

Руслан Берденов лотереяны жастар да, кәрісі де ойнайтынын айтты.

«Бұл ретте, лотоматиктерді айтып жатырмыз. Жақында Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевпен пікір алмасып, біраз жұмыс істедік. Қазақстан бойынша заңсыз жұмыс істеген 326 лотоклуб жабылды. Алайда заңды түрде жұмыс істеп тұрған лотоклубтар бар. Оның да жұмысын біз қарастыруымыз керек», — деді депутат. 

Еске салсақ, жақында Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. 

Елімізде 400 мыңдай адам букмекерлер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған. 

Фото: profi-detox.com.ua

 

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

Бүгін, 14:30
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

Бүгін, 13:12
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Бүгін, 12:10
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бүгін, 11:30
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.