Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРЛЕР ТАБЫСТАЛДЫ

11 қыркүйек 2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа оқу жылы қашықтан оқыту режимінде басталды. Бірақ, шалғай ауылдарда тұратын кейбір отбасылардың үйінде интернет тұрмақ компьютер де жоқ. Осыған орай облысымызда әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына қашықтан оқуға жағдай жасау мақсатында 55 мыңнан астам дербес компьютер сатып алынады.


Техникалық құралдардың алғашқы бөлігі Талдықорған қаласындағы Политехникалық колледжіне жеткізілді. Республикалық бюджет қаражатына сатып алынған компьютерлерді арнайы құрылған комиссия мүшелері қабылдап алды.

Шара барысында облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова: 
– Қашықтықтан білім алу – уақыт талабы. Десе де біз аз қамтылған отбасыларды ойлауымыз керек. Сондықтан бірінші кезекте компьютерлер әр аудан-қалалардағы аз қамтылған отбасыларға беріледі. Компьютерлерді кезең-кезеңімен жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін алғашқы бөлігін алдық. Бүлдіршіндерімізге, болашақ білімді жастарға барлық жағдай жасалып жатқанына шын жүректен қуаныштымыз! Қажетті техника барлық аудан-қалаларға берілетін болады, – деді.

Компьютер, ноутбук және планшет сияқты қажетті техника сатып алуға республикалық бюджеттен 8,6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Айта кетейік, бұл техника отандық «АТЕКА» компаниясынан алынды. Бұл компьютерлердің ерекшелігі – «WI-FI» адаптерлері бар. Яғни, енді оқушыларға интернет тапшы емес.
Техникалық құралдардың алғашқы бөлігі Ақсу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласының оқушыларына берілді. Алдағы аптада техникалық құрылғылардың тағы бір бөлігі келеді деп жоспарлануда. 

Айдар ҚАЛИЕВ
 

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.