Талдықорған: +1°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Домбыра — қазақтың екінші аты

18.05.2018
КҮЛТӨБЕ
Домбыра - қазақтың екінші аты
WhatsAppTelegramFacebook

Сөз жоқ, біз Ұлы Даласын домбыра үні кернеген кемеңгер халықтың ұрпағымыз. Дәлелдеуді қажет етпейтін бұл қағида қазаққа тән аксиомаға айналғалы қашан?! Алайда… Дәстүр мен даңғаза қанаттасқан қазіргі қызылды-жасылды қоғамда екі түрлі пікір, екі түрлі көзқарас қаз-қатар айтылатыны жасырын емес. Бірі мақтайды, бірі даттайды. Бірі қолдайды, бірі қорлайды. Қысқасы, бір мәселе аясында екіге жарылып, қызыл езу болып қырқысып жататындар көп. Әттең, пікірталас ұлт болашағы төңірегінде өрбіп, мемлекетке қалай өз үлесімді қосамын деген тақырып аясында тарқатылса құба-құп дер едік. Ең қорқыныштысы әрі қауіптісі – қоғамның екіге жарылу құбылысы ұлттық құндылықтарды құрметтеу яки аяқасты ету деген тым төмен түсінікте һәм бұлыңғыр бағытта байқалатыны. Кейде көшеден домбыраның күмбір үнінен гөрі жаһандық жеңілтек әуенге әуес жастарды көбірек көргенде үрейіміз үлкейе түседі. Құдай-ау, қазақтың қанына сіңген құндылықтар талқыға түсіп, керек пе, керек емес пе деп пікір таластыратын зар заман орнағаны ма шынымен?!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген «Ән-күй керуені» атты дәстүрлі әндер концертін тамашалауға барғанда осы ойдың жетегінде отырдық амалсыз. Өйткені, көрермендер таздың басына шыққан селдір шаштай әр жерде бір төбе көрсетіпті. Жас буынды іздедік көптің арасынан. Өкінішке қарай, домбыра үнін естіп, Ұлы Дала сарынына құлақ құрышын қандыруға құштарланып отырған жастарды кезіктірмедік. Керек пе, керек емес пе? Сорақы сауалдар көлбеңдеді көз алдымызда тағы да. Кешегі кеңестік жүйенің салқынын себеп пен салдарға айналдырып, жылы жауып қоя салуға болар еді бұл ойымызды. Алайда… Коммунизмнің келмеске кеткеніне де ширек ғасырдан асып, тәуелсіздіктің құрдастары 26 жасты еңсерді емес пе?
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев біздің газетке берген бір сұхбатында: «Халық дәстүрлі әнін сағынады, іздейді, телеарнасынан көргісі келеді. Бірақ мемлекет тарапынан насихат жоқ. Республикалық, халықаралық деңгейде қазақтың төл музыкасын, домбырасын, әнін шырқайтын үлкен концерттер, байқаулар өте аз өтеді», – деп өкініш білдіргені есімізде. Жөн сөзді және қайталағанымыз – тақырыпқа тұздық әрі шынымен де насихаттың аздығынан ба деген ой. Сонымен қатар, тағылымды концерттің басты кейіпкері де Рамазан Стамғазиев болды.
Концерт Т. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының 10 жылдығына орай тегін ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі – қазақтың Рамазан Стамғазиевы. Ұлттық әуеннен алар әсер де бөлек: тағылымды, мазмұнды, мағыналы. Қазақты сүюдің соны соқпағы, отаншылдық рухтың өзегі осы мәңгілік әндерде жатқанын бәріміз білсекші.
І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайын мәңгілік сарын кернеді. Шымылдық әйгілі Түркештің «Көңілашар» күйімен түріліп, дәстүрлі әндермен жалғасты. Ғажайып күйлермен көмкерілді. М. Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуінде сан мың нота жоғары-төмен ойнақшып, дирижер Арман Аманжоловтың таяқшасы қаншама мәңгілік сарынды ынталы құлаққа құйқылжыта құйды. Талғат Мұқышевтің сыбызғысы «Ертіс толқындарын» көз алдымызға әкесе, Бағылан Бәбіжан халықтың «Көлқайнарғасы» мен «Угай-айын» төгілтіп, даңғазадан зәрезап болған санаулы көрерменнің алғысын алды.
Тау басында арша-сай,
Жарым сіздей болсашы-ай.
Құпияланған, астарланған қайран қазақтың мөлдір махаббаты. Сезімді бүгінгідей түйеден түскендей сөзбен жеткізе салмайды. Аялайды, ардақтайды. Ғашықтардың арасын нәзік жіппен жалғайды. Әдемі сөзбен кестелейді. Бір сөзбен айтқанда, қазақтың халық әндері махаббаттың киелі ұғым екенін паш етеді. Қобызшы Мақсат Медеубек Ықыластың «Аққуын» қиқулатқанда қол соқпаған адам қалмады. Тыңдаған жанның жанарына тірі аққуды айнытпай алып келген қобыздың құдіретіне тағы бір мәрте бас идік.
Күйші Ермұрат Үсеновтің «Өмір дастаны» шертілгенде, көпшілік өздеріне тиесілі тағдыр соқпағына қайыра бір үңілді. Сонымен бірге, жезтаңдай әнші Нұржан Жанпейісов Дәнеш пен Қалқаның әндерін шырқап, ұлттық музыканы сағынған жұрттың айызын қандырды. Бір мезетте Балуан Шолақтың «Ғалиясын» ҚР Мәдениет қайраткері Ерлан Стамғазиев нақышына келтіре орындап, тыңдарманды тұп-тұнық сезімнің теңдессіз құдіретімен таныстырды. Сырым Нұрмолдиннің он саусағынан төгілген Әбдидің «Қосбасары» да көпшілікті тәнті етті. Кенен Әзірбаевтің «Үри-ай, дүние-ай» әні мен Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйі төгілгенде сарай іші рухани сәулеге шомылды. Сегіз серінің, Қайырғазы Төленнің, Бәзғаламның, Ақан серінің туындылары да тыңдағандарды бір серпілтті. Әсіресе, Ақан серінің көп айтыла бермейтін «Шәмшіқамар» әні Рамазан Стамғазиевтің орындауында шөліркеген жүректерге жол тартты.
Одақ кезіндегі отарлық езгіде үш буын ұлттық мұрасыз есейіпті.  Жетпіс жылда тілі мен дінінен теріс айналып, өз ұлтына өгейсіп қарайтын дүбәралар өсіп шықты. Ал қазір ше? Неге жастар арасында домбыра үніне деген құлық аз? Дәстүрлі ән – қазақтың ұлттық коды кейінгі буынның қауашағына қонбай тұрғаны қалай? Жауабы екіұшты осындай сауалдар санамыздан шықпай қойды. Ұлттық өнерге сусап келген халық әуезді әуенмен шөлін басып, шағын концерттен үлкен тағылым алып тарқасты. Шіркін, домбыра, қазақтың екінші аты ғой десіп бара жатты жұрт.
Керек пе, керек емес пе?! Керек қой… Керек болғанда қандай. Алайда…

Қуаныш ТҰНҒАТАР, 
“Жетісу”

Ұлттың өнердің жанашырлары

Ежелден келе жатқан бір әпсана бар. Онда Жаратушы Иеміз ән мен күйді өмірге әкелгеннен кейін әуеге қалықтатып жібереді. Көкке самғаған әсем ән мен күмбір күй талай елдің үстінен өтіп,  ұлан-байтақ жерді иеленіп жатқан қазақ даласынан қоныс табады. Содан бері қазақтың бойында тал бесік пен жер бесіктің аралығында ән мен әуенге, күй мен жырға деген ерекше құштарлық пайда болыпты деседі.

Бұлай айтатындай-ақ жөніміз бар. Белгілі дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев бастаған Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бір топ ұстаздары Талдықорған қаласына келді. Өнерді өмірінің өзегі ете білген өнер майталмандары соңынан еріп келе жатқан жас таланттарға бағыт-бағдар беру үшін Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің студенттерімен кездесу кешін өткізді. 
Алдымен сөз алған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Стамғазиев келген қонақтарды жеке-жеке таныстырып, дәстүрлі ән өнері жайында сыр шертті.
– Қазақтың халық әні, халық композиторларының туындылары – асыл мұрамыз. Сондықтан, ол теңдесі жоқ, өзінің биігінде тұру керек. Мәдениетiмiздiң алтын өзегi – дәстүрлi ән өнерi. Ықылым заманнан бүгiнге арқауын үзбей жетiп, қазiргi рухани болмысымызға нәр берiп тұрған қазақтың дәстүрлi әндерi жоғалмайды. Дәстүрлi ән өнерiнiң өсу деңгейi де жаман емес. Бұл жанрдың жезтаңдай орындаушылары көбейiп келедi. Зиялы, дәстүрден, қазақтың әдебиеті мен тарихынан, ұлттық музыкасынан хабары бар адамдар халық әндерін тыңдайды, – дей келе, көпшіліктің сұранысы бойынша «Екі жирен» әнін орындап берді.
Одан кейін күйші-домбырашы, музыка зерттеушісі Мұрат Әбуғазы мен Шолпан Даржанова өнерге ең алғаш қадам басқан кездерін еске алып, жастарға үлкен дем берді. Ал, өнертану ғылымдарының кандидаты, ҚР Мәдениет қайраткері Талғат Мұқышев болса, сыбызғы күйлері жайында әңгімеледі. 
– Біздің ауылда есімдері ХVІІ ғасырдан бері белгілі, қанмен таралған сыбызғышы әулеттер өмір сүрген. Сол кезеңдерде сыбызғыдан күй тартыстары өткізілетін. Ақылжан, Қайрақбай сынды сыбызғымен күй шығарған халық композиторларының бұл өңірде өте көп болғанын бүгінгі зерттеулер көрсетіп отыр. 1950 жылдары Шанақ Ауғанбаев пен Мұса деген ақсақал осы өңірде күй тартысқан. Сол себепті бесігімде жатқаннан бастап менің де құлағыма сыбызғы үні сіңісті болды. Сыбызғы үні қанымда сақтаулы, сондай ортада өскендіктен, ерте ме, кеш пе, сыбызғышы болатыным анық еді, – деді ол.
Иә, қашанда қазақ музыкасының алтын тұғыры – ән мен күй бола бермек. Аспаптық музыканың негізі күйден басталады. Бабаларымыздың қайғысы мен қуанышын күймен насихаттаған аспаптардың атасы – қоңыр үнді қобыз болса, анасы – қасиетті домбыра, жан бауыры – сұлу сазды сыбызғы дер едік. 
Кездесу барысында қобызшы Мақсат Медеубек жаңадан жарыққа шыққан «Kobyzbook» электрондық оқу құралымен таныстырып өтті.
– Бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсат – қылқобызды насихаттау, оқу жүйесін жеңілдету. Студенттер сабақ үстінде таспаға түсіріп алуларын өтініп жатады. Өйткені, қобыз тартқанда ысқышты дұрыс басу өте маңызды. Бұл осы мақсатта туған еңбек, – деген ол жастарға қарауға кеңес берді.
Осы өңірдің тумасы, Т. Жүргенов атындағы өнер шаңырағының доценті Нұржан Жанпейісов ұстазы Дәнеш Рақышевпен алғаш кездескен сәтін баяндап берді.
– Мектепті бітірген соң Талдықорған қаласында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне бардым. Онда музыка факультеті бар. Сол жерде Дәнеш аға Рақышевпен кездестім. Қазақтың әйгілі әншісі, дара талант иесі, ұстаз, Қазақстанның халық әртісі Дәнеш аға көрсеткен өнеріме риза болды. Сол жерде оқуыма ықпал жасады. Оқуға қабылданған соң да жанынан қалдырмай, әншілікке тәрбиеледі. Өкінішке қарай, ол кісінің жанында екі-ақ жыл жүрдім. Сонда да болса ол кісіден көп нәрсені үйрендім, көп тәлім алдым, – деді Нұржан Ғабимолдаұлы.
Кездесу соңында Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің директоры Әділхан Қылышханұлы қонақтарға Алғыс хат табыстап, гүл шоқтарын ұсынды.

Мұхтар КҮМІСБЕК,
“Жетісу”

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

06.03.2026
Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

06.03.2026
Жетісуда мемлекеттік қызметтердің 98%-ы онлайн форматқа көшті

Жетісуда мемлекеттік қызметтердің 98%-ы онлайн форматқа көшті

06.03.2026
Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды

Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды

06.03.2026
Қазақстандағы әйел саны қанша?

Қазақстандағы әйел саны қанша?

06.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.