Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕГІН ОРАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

5 тамыз 2023
КҮЛТӨБЕ
ЕГІН ОРАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Аграрлы салаға арқа сүйеген Ақсу ауданы үшін дала жұмыстарының маңызы зор. Күні кеше ғана көк теңіздің толқынындай болып желмен тербелген егіс алқабы – енді алтын түске боялып, дала қызыл, жасыл, сары, қоңыр реңге ауысып, бейне бір дәмге толы ақ дастарқанға айналғандай.


Егін орағы да әлдеқашан басталып, аймақтағы кейбір ауылдық округтер дәнді дақылдарын қырманға түсіріп те үлгерді. Бидайларын ұшырып, тазалап, кептіріп қамбаға салып жатыр. Науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен.

Астық ору науқанының қалай жүріп жатқанын көзімізбен көру үшін сапарды «Аяла» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты Абылай Қанатұлының егін алқабынан бастадық.

Шаруа қожалығы 2018 жылы әкесі Қанат Абдрахмановтың басшылығымен құрылған болатын. Ол кезде шаруашылықта ешқандай техника жоқ. Барлығын жалдап істететін. Сонда да егін алқабын жыл сайын көбейтіп, содан алған өнімнің нәтижесінде екі «КамАЗ» автокөлігі мен жер жыртатын бес трактор сатып алады. Оның үшеуі «МТЗ – 82», екеуі үлкен техника «МТЗ – 12», 21 тракторы.

Қазіргі таңда шаруашылықтың барлық жұмысын ұлы Абылай қолға алған. Биылға 800 гектарға егін ексе, оның 250 гектары бидай, 550 гектары арпа екен. 30 гектарға дәндік жүгері де сеуіпті. Ендігі міндет – егін орағы науқанын лайықты атқару. Бұл үшін барлық қажетті техника күші жұмылдырылған. Сарқан ауданынан екі комбайн көмекке келіп, екі «КамАЗ» автокөлігімен қырманға жөнелтуде. Әзірге әр гектарынан 20 центнерден өнім алуда.

– Алдыда бұдан да қалың шыққан, суғарылған алқаптардан 25 – 27 центнерден шығуы мүмкін, – дейді Абылай Қанатұлы.

Егін алқабының жанындағы жүгері алқабына барғанымызда суарылып жатыр екен. Қазірдің өзінде биіктігі бойдан асатын әр жүгеріде білектей-білектей үш собықтан өнім беріп тұрғанын көрдік.

«Болашақта жүгері алқабын 150 гектарға, бидайды 600 гектарға, ал арпаны тағы да 550 гектарға көбейтсем», – дейді шаруа қожалық басшысы.

Бірақ астықты қабылдау бағасы әлі белгіленбегенін айтады.

«Сонда да, оған аса алаңдап отырғанымыз жоқ. Өйткені сапалы астыққа қашанда сұраныс мол», – дейді Абылай.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ 

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

Бүгін, 14:30
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

Бүгін, 13:12
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Бүгін, 12:10
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бүгін, 11:30
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.