Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Экономикалық дамудың тетігі

16.10.2023
КҮЛТӨБЕ
Экономикалық дамудың тетігі
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл сайын елімізде ел Президентінің кезекті жаңа Жолдаулары жарияланады. Биыл да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының алдағы кезеңдегі басым бағыттарын белгілеп берді.

Биылғы жаңа Жолдауды халық болып күтіп, қолдау таныттық. Ел болашағын меңзейтін маңызды құжатқа қатысты ойымызды айтып, пікір білдірудеміз. Бір ұлт, бір мемлекет болғаннан кейін өткенімізді сараптап, болашағымызға бағдар жасап келеміз. Саяси құжатта экономиканы өркендетудің сан түрлі бағыты мен бағдары көрсетілген. Осы арқылы мемлекетіміздің сыртқы және ішкі экономикалық-саяси өркендеу жолын байқауға болады. Онда өзіндік жолы бар, әр қадамы нық, нақты жоспары белгіленген мемлекетіміздегі сан алуан саланың мүмкіндіктері қарастырылған.

Экономикалық саясаттың жаңа моделіне көшудің нақты және тиімді тетіктері айқындалды. Олар әділдік, инклюзивтілік, тиімділік және прагматизм қағидаларына табан тірейді. Ұсынылған шаралар экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған. Ұлттық бизнестің мүддесін қорғау, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау да Президентіміздің ерекше назарында. Сондай-ақ, Жолдауда инвестиция тарту бойынша нақты шаралар көрсетілді. Осы ретте өңдеу өнеркәсібіне серпін беру үшін шетелдік және отандық инвесторлар алғашқы үш жылда салықтан босатылатынын баса айту керек.

Мемлекет басшысы су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Осы салада қордаланған проблемаларды жүйелі шешу үшін жеке министрлік құрылды. Мұндай қадам еліміздегі су қауіпсіздігі мәселелерін мақсатты түрде шешуге және саланы жоспарлы дамытуға мүмкіндік береді. Реформалардың маңызды бағыттарының бірі – салық және бюджет заңнамасын одан әрі жетілдіру. Бұл ретте Парламент Үкіметпен бірлесіп, елдегі кәсіпкерлік және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі тетіктерді пысықтайды.

Жолдауда айтылған көп міндеттің ішінде «Отбасы банк» қызметін қайта қарау, басты назарды аудандар мен моно-қалаларға, ауылдарға аудару бар. Сондай-ақ, ел ішіндегі 21 банктің қатарына бәсекені арттыру үшін сенімді деген үш шетелдік қаржы ұйымын тарту ұсынылды. Президент «аталған міндеттің бәрі үш жыл ішінде жүзеге ассын»,– деді.  Президентіміз көлік-логистика саласын да одан әрі дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Жаңа бастамалар еліміздің қуатты логистикалық әлеуетін тиімді іске асыруға жол ашатыны анық. Жаңадан құрылған Көлік министрлігі осы бағыт бойынша кешенді жұмыстар жүргізеді.

Жолдауда негізгі нарықтарды демонополизациялау, мемлекеттің экономикаға ықпалын азайту бойынша қажетті шаралар қабылдау керектігі де айтылды. Бұл бастамалар еліміздегі кәсіпкерліктің жандануына оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ, Президенттің тау-кен саласына қатысты кейбір жайттарға көңіл бөлгені көп көңілінен шықты деп ойлаймын. Онда аталған саланы түбегейлі жаңғырту қажет екені айтылды. Мемлекет басшысы сондай-ақ Жолдауда өңірлердің бюджет саласындағы дербестігін арттыруға арналған нақты тапсырмалар берді. Соған сәйкес салық төлемдерінің бір бөлігін аймақтарға беру көзделіп отыр. Бұдан былай аудандық әкімдіктер бюджетті өздері жасақтай алады. Бұл, өз кезегінде, жергілікті жердегі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады.

Осы ретте әкімшілік реформаның жалғасатынын атап өту қажет. Соған сәйкес Үкімет мүшелері мен әкімдердің жауапкершілігі артады. Мемлекеттік жоспарлау барынша жинақы және икемді бола түседі.

Мемлекет басшысының осы және өзге де бастамалары, ең бірінші кезекте, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға және экономикамызды әртараптандыруға бағытталған. Қазіргі таңда әлемдегі ахуал өте күрделі. Аталған бастамаларды іске асыру осы шешуші кезеңде еліміздің теңгерімді және сапалы дамуына тың серпін береді.

Бір сөзбен айтқанда, экономикалық саясаттың жаңа үлгісін жүзеге асыру еліміздің тұрақты, сапалы әрі ұзақ мерзімді экономикалық дамуына негіз болады. Бұл бастамалардың бәрі Әділетті Қазақстан құру ісіне үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Бекет Бласов,
Жетісу облыстық мәслихат депутаты

 

 

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

08.08.2026
Балуаннан балуан озар белдескенде

Балуаннан балуан озар белдескенде

08.08.2026
Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

08.08.2026
«Болашақ ойындары 2026» басталды

«Болашақ ойындары 2026» басталды

08.08.2026
Чемпиондыққа бір қадам

Чемпиондыққа бір қадам

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.