Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ел қалаулысы, жұрт мақтанышы

25.04.2018
КҮЛТӨБЕ
Ел қалаулысы, жұрт мақтанышы
WhatsAppTelegramFacebook

Біздің арамызда еңбегін бұлдап, қадірін асырмай-ақ қарапайым тұлғасымен үлкен-кішінің құрметіне бөленіп жүрген жандар баршылық. Солардың бірі –  өмірі мен өнегесін осы жазбамызға арқау еткелі отырған Қалабек Тастанбаев. Қойнауына құт дарыған, баурайы төрт түлік малға өріс болған Жетісудың кіндік қаласы Талдықорғанның іргесінде жатқан Еңбек  ауылында дүниеге келген ауыл баласы кейінгі күндегі талпынысы, табандылығы, ізденгіштігі арқасында жас буынға үлгі болар үлкен адамдық қалпын қалыптастыра алды. Ағамыз биыл жетпіске келді. Әлбетте, жетпіске келу бар да, қалай келу тағы бар. Қалабек аға жетпіске басқаларға үлгі болар өзгешелігімен жетті. Сондықтан оның өмірі мен өрге сүйреген кісілік қалпын бір екшеп алу кім-кімге болса да керек-ақ. Әрине, мейлі қоғам қайраткері, билік тізгінін ұстаған басшы, өнер адамы немесе ғылым жолына алтын уақытын арнаған жандар болсын, оның өзіндік өмір белесі, бастан кешірген ыстық-суық қайшылықтары, қалыптасу кезеңі болады. Адам баласы соның қиындығын жеңіп, қуанышына марқая алса, оның өмірі берекелі болмақ. Тіпті, сенің басқан ізің, сол барыста көрген, көкейге түйген ақиқаттарың жинақтала келіп, сенің келешек болмысыңды жасайды. Былайша айтқанда, іскерлігің мен табан­дылы­ғың бір арнаға тоғысса, жолай кезіккен кедергілерге мойымай алға ілгерілей алсаң, алынбайтын қамал болмайды. Қалабек аға жетпіс жылда осы басқыштың бәрін басып өтті. Сөйте жүріп, жұрт сүйсінер іс істеп, көптің құрметіне бөленді.

Би баласы

«Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, адам баласына кіндік қаны тамған жердің ыстық болатыны анық. Қалабек ағамыз үшін де Талдықорған қаласының ірге­сіндегі Еңбек ауылының орны ерек­ше. Тау бөктерлей орналасқан кішк­ентай ауылдан үлкен жүректі азамат­тар көптеп туып, өсіп-өнді. Жерінің қасиетінен шығар, әлде сол ауылды қоныстанған елдің береке­сінен бе, ауыл тұрғындары шетінен ақкөңіл, бауырмал келеді. Артық  ауыз сөзі жоқ, абырой-беделге үйір­сек емес, қайта даланың дарқан­дығын сана­сына құйып ержетуге бейім. Осындай ортаның тәлім-тәрбиесін алып ержет­кен­діктен Қалабек аға таудай іс атқар­са да мақтанып кетпейді, басына қиындық түссе жасымайды, қолында барын көппен бөлісуге дайын. Сон­дай-ақ, еңбектіктердің өнер мен өр­кениетке де жаны жақын. Өңірде өткен мәде­ни шараның шырайын да солар кіргізеді. Ал ағамыздың анасы Рә­піш өмір бойы малдың соңында өтсе де өнер десе ішкен асын жерге қоятын  жанашыр жандардың бірі болыпты. 1948 жылы қазақтың бұл­бұл көмей әншісі Күләш Байсейітова Талды­қорғанға концерт беріп келеді. Ра­дио­дан әсем даусын естіп, оның үстіне әншіні бір көруге ынтызар болып жүрген Рәпіш анамыз босану­ға ай-күні жетіп отырғанына қара­май тор биені ерттеп мініп, қалаға концерт көруге келеді. Концерт бітпей толғақ қысып, қалада тұра­тын қайнысының үйіне жеткізеді. Ағамыз осы үйде дүние есігін аша­ды. Жаңа туған нәрес­­­теге жақсы есім қою әрбір ата-ананың борышы. Сәбидің есімін жұртқа сыйлы, елге құрметті адам­дарға  қойдыраты­нымыз да жасырын емес. Осы салт­ты берік ұстанған Тастанбай атамыз жаңа туған сәбиіне ат қою үшін Өтенай ауылында тұра­тын көпке қадірлі, ауылдың құрметті ақсақалы, ат баптап, тазы жүгіртіп көптің құрметіне бөленген Әукен Ошақбаев ақсақалды шақыртады. Дана қарт сәбиді аялап алақанына салып, бетін құбылаға бұрып, Ескелді баба­мыздың аруағына сыйынып алып:

– Өмірі қаланың тіршілігіндей күнде жаңарып, көріктене берсін деп атын Қалабек қойдым. Оның туған күні Күләш Байсейітованың кон­церті­мен тұспа-түс келіп отыр. Оның үстіне Қанабекпен ұйқас­тырып, Қана­бек Байсейітовтай өнер­лі болсын деген ниеттемін, – деп азан шақырып, атын қояды.

 Қазақта: «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» деген сөз бар. Бірақ жеті атасын білуде ізеттіліктің белгі­сі саналады. Әкесі Қалабекке бала кү­нін­де «Би атаның баласымын»  деп жаттатыпты. Ол кезде Би атаның кім екенін білмесе де сол сөзде бір құді­рет жатқандай сезінетін. Оның анық-қанығын әкесінен тәптіштеп сұрамаса да, сол кісінің үлкен қа­сиет­ті адам болғанын іштей бағам­дайтын. Кейін келе Би атаның қазақ­қа танымал Ескелді би екенін біледі. Былайша айтқанда, Қалабек Тастан­баев Ескелді би Жылкелдіұлының 7-ші ұрпағы. Талай атпал азамат, білімді қыз өсір­ген Жансеңгіровтер әулетінен тарай­ды. Қалабек ағамыз­дың бойындағы сырбаздық пен салиқалылық өз зама­нында ауыз­дыға сөз, азулыға жол бермеген Ескелді бидің тегінен тара­ған тек­тілік­тің белгісі десек, қателесе қой­маймыз.

Бірақ, Қалабек Қанабек аға­сындай өнердің жолын қуған жоқ. Ол жолдан бақ қарауға ортасы да, тұрмыс деңгейі де жар бермеді. Қайта көпке қайы­рымы тиетін өмір­дің азаматтық жолы­нан бақыт тап­ты. Талқысы ауыр тір­ші­лікпен біте қайнасып, бірге есейді. Десе де, әр басқан қадамынан гүл өніп, әрбір атқан таңы шаттық шуағы­мен нұр­ланды дей алмаймыз. Таба­нына тірліктің тікенегі батып, сызы да өтті. Маңдайын күн қақтаған кездер­де жиі болып тұрды. Бірақ, әр атқар­ған жұмысы елдің келешегі, жұрт­тың болашағымен еншілесіп жат­қан­­дық­тан батылдықпен алға ілге­рілеп, кейін шегінуді намыс санады. Қалабек ағамыз қарапайым отба­сында туды. Әкесі Тастамбай өмірі­нің соңына дейін мал бақты. Десек те, араб, латын, крилшені сауатты жазып, оқи алатын. Жиын-тойларда ән салып, өнер көрсетіп жұрттың құрметіне бөленетін сал-серілігі де бар еді. «Жұлдыз» журналын қор­жынынан тастамай алып жүріп, оқып, әдебиет ауанын аңдап отыратын сұң­ғыла адам болған. Соғыс басталғанға дейін Өте­най ауылдық кеңестің хат­шы­сы бо­лып та ел ісіне араласқан. Сондай-ақ, шар­уа­ның қыры мен сы­ры­на жетік еді. Бірақ, жаз жайлауда, қыс қыстауда жүргендіктен бала тәр­бие­сіне көп уақы­тын бөле алмайтын. Сондықтан Қалабек интернатқа бар­ғанға дейін әкесінің немере әпкесі Күлшенің қолында тәр­биеленді. Бала­жан Күлше апасы оны ешнәрседен кенде етпей өсірді. Бар жағдайын жасаумен қатар күнделікті сабағын қадағалап, дұрыс білім алуына дем берді. Мәдениетті ортада желкілдеп өсіп, жетіліп келе жатқанда өмірі тағы да қиындыққа дөп келді. Бұғанасы қатпай жатып әкесінен айырылып, анасы екеуі ғана қалды. Әкесі 1963 жылы қайтыс болғанда анасы небәрі 39 жаста еді. Қалабектің осыдан кейінгі өмірі ана­сы­ның тәрбиесінде өтті.

Әкеге деген сағынышы, анасының қиналысын көргендегі көңіл жүдеулігі болмаса, ешнәрседен тарыққан жоқ. Шешесі де жары қайтыс болар алдын­да жалғыз ұлының тағдырын өзіне табыстап кеткенін есінен шығармай, берген уәдесін орындау үшін Қала­бекті қанаттыға қақтырмай, тұмсық­тыға шоқыттырмай өсірді. Тағы бір жағынан, Қалабек Еңбек ауылындағы бастауыш сыныпты бітіргеннен кейін Талдықор­ғандағы мектеп-интернатқа ауысты. Қазақтың талай дарынды ұлы өсіп шыққан интернаттан ол да көп дүниені үйренді. Несін жасырайық, сонау өткен ғасырдың 60-шы жыл­дары ержеткен балалар соғыс салған зардапты сезініп өсті десек, артық айтқандық болмайды. Балалар күндіз мектепте оқыса, кешке қарай дала еңбегіне араласып кететін. Бұл ауыл өмірінің айнымас шындығы еді. Десе де, ағамыз қозы-лақтың соңы­нан жүгіріп, сиыр бағып жүріп-ақ жақсы мен жаманды, ауыр мен жеңілді ажы­ра­татын халге жетті. Интернаттағы кезінде үлкен өмірге нық қадам жасау­дың жолын үйреніп, бағдарын білді.  Сол білім ордасында өзін ыстық мейі­рім­ге бөлеген Сарат Беков, Битан Айбо­латова, Тұрахан Тасырова, Флюра Ома­ров сынды ұстаздар есімін әлі күнге жадында сақтап келеді. Сонымен бірге, интернаттан бауыр­малдық пен сыйлас­тықтың құндылы­ғын түсініп шықты. Сонымен қатар, интернатта өтетін түрлі кездесуден жанына таусылмайтын руха­ни азық жинады. Бүгінде сол интер­натта бірге оқығандар өздері таңдаған ма­ман­дықтары бойынша еңбек етіп жүр. Алайда, олардың арасындағы ыстық сүйіспеншілік әлі де құнын жойған жоқ. Қалабек аға олармен әлі күнге араласып тұрады. Сол ортадан жина­ған таза адамгершілік қасиеттер әлі күнге бойын тербеп келеді. Интер­натты бітіретін жылы сыныптастары болашақ мамандығын таңдай баста­ды.  Бұл таңдауға Қалабек қана қатыс­пай­тын. Себебі, әкесі қайтыс бола­рында: «Балам малдәрігерлік маман­дығын оқысын», – деп өсиет қалды­рып кеткен еді. Әке өсиетін аяқсыз қалдырғысы келмей Талды­қорған малдәрігерлік техникумына оқуға түседі.

Талдықорған малдәрігерлік тех­ни­ку­мы – Жетісу жерінде алғаш рет құ­рыл­ған орта білім беру мекемесі. Өңір­ден ауыл және малшаруашылық саласы­на еңбегі сіңген талай маман осы білім шаңырағынан түлеп ұшқан болатын. Осы жерде Қалабекке тех­ни­кум дирек­торы Мұрат Халыққа еліктеп, велоспорт пен шаңғыға жаттыға бастайды. Осы арқылы бір жағынан денсаулығына азық жиса, екіншіден, талай спорттық шара­да топ жарып, жұрттың ықыласына бөленді. Спортқа деген осы талпы­ныс оның кейінгі қызмет сатысында көп көмек көрсетті. Сондай-ақ, бү­гінге дейін денсаулығы тың болуы­ның да себебі сонда жатыр.

Өмір баспалдағы

 Адамның ғұмырын қысқартатын дүниеқоңыздық,  баққұмарлық пен шенқұмарлық жолындағы «айқастар» ғой. Алайда, Қалабек аға осындай пендешілдіктен ада болды. Қайта қайда жүрсе де жаны жайсаң, жүрегі жомарт абзал жандардың қамқор­лығына бөленді. «Іс тетігін кадр ше­шеді» деген заманда мал дәрігер­лері үлкен сұрыптаудан өтетін. Аудан, ауыл тұрғындарымен кездесіп, небір қиын сұрақтарға жауап беріп, сынақ­тан өтіп, олардың алдынан ауыр жүкті арқалап қайтатын. Олардың арасында «айттым бітті, кестім үзіл­ді» деп бет қаратпай отыратындар да аз болмайтын. Алайда Қалабек аға­ның іс тәсілінде адамдар­мен тіл табысып, қоян-қолтық жұмыс істеу, үлкенге ізетті, кішіге сыйла­сымды болу, көрші-қолаңмен тату-тәтті тұру айрықша маңыз алды. Жас болса да оқығаны бар. Адал еңбегінің жемісін көріп, алға түсіп озаттар қатарына шықты. Ағаның осы білікті­лікке жетуіне дем бергендер де аз болмады. Ақылы асқан, білері көп ағаларынан білмегенін үйренді.Тех­никум­ды жаңадан бітіріп, Сарқан ауданының Черкасск ұжымшарына жұмысқа бөлініп, бейтаныс ортаға топ ете қалғанда құшақ жайып қарсы алып, өміріне ең алғаш жарқын із салған Сапа Оразбаев пен Жәмила апа еді. Алайда анасы ауылда жалғыз қалған­дықтан бұл жерде көп тұрақ­тамай ауылға қайтты. Өкінішке қарай, елге келгенімен өзіне лайықты бір жұмыс таппай біраз уақыт сан қақпаны қағуға тұра келді. Бағына қарай атағы елге танымал, еңбек ері Әбдіқадыр Дайыровқа жолығып, сол кісінің сыны­нан мүдірмей өткен ағаны Жеті­су ауылының сүт фермасына мәл дәрі­гері етіп қояды. Арасында бір-екі жыл Талдықорған аудандық малдә­рігер­лік стансысында жұмыс істегені болмаса, 1969 – 1978 жылдары Жетісу ауылын­да болды.

Бұл кезде Өнербек Мұқашев пен Асылмұрат Тұрғанбеков ағаларынан көп дүние үйренді. Кеңес одағы тұсын­да 34 Еңбек Ері шыққан Жетісу ауылы­ның даңқы республикаға таны­мал еді. Осындай ерлері көп, еңбегі қызып тұрған ауылда жұмыс істеу бір жағы­нан қызықты, екінші жағынан қиын­дығы да көп еді.Тіпті, еңбе­гімен дара­ланып, жұрт көзіне түсті. Бұл сынақ осыдан кейінгі жылдары қазақ­қа таны­мал Нұрмолда Алда­бергенов атамыз бастаған 22 Еңбек Ері туған Шұбар ауылында туын­дады. Расында ерлері көп ауылда жұмыс істейтін маманға түсетін салмақ та, артылатын жауап­кер­шілік ­те аз болмайтыны анық. Десе де  Көшкінбай Жанатов, Базарбай Аса­нов сияқты аға буын­дардың қамқор­лығы мен тәрбиесінің арқасында бо­йын­дағы ізгі қасиетін ұштап, білік­тілігін жетілдіру мүмкін болды.

Қалабек ағаның және бір біліп тұрса да біле түсуге құмар, болдым-толдым деп өрекпімейтін жақсы қасиеті бар. Сон­дықтан қызметтің әр сатысында жүр­генде де өзінің әріп­тес­терінен  біл­мегенін үйреніп, білгенін дамытуға мән беретін. Осы жылдары оның алға ұмтылуына дем беріп отырғандар да аз болмады. Әсіресе, Бекеш Тойшынов, Нұрмұхан Қапесов, Қайрат Қанаев, Жекен Жан­се­ріков сынды тәжірибелі ағаларынан көп нәрсе үйренді. Сол жылдары аудан­ның ауылшаруа­шылы­ғын бас­қар­ған Асыл­мұрат Тұрған­бековтың наза­рына ілікті. Қалабек ағаның еңбек жолы­ның жаңа белесі 1978 жылы Тал­дықорған аудан­дық партия коми­тетіне қызметке ауы­суы­­мен ұштасты. Алға­шында аупарт­комның нұсқау­шысы, бөлім меңгеру­шісі қызметтерін атқар­ды. Әрине, оның да өзіндік талабы, ауыртпалығы бар. Осы салада жүрген әр жылдары  Қалабек ағаға Сиязбек Мұқышев, Нажмедин Есқа­лиев сияқ­ты абзал азаматтар ақыл-кеңесін аяған жоқ. Білгенін үйретіп, білмеге­нін толық­тыруға жебеп отыр­ды. Жа­лын­ды жас­тың осы ұмты­лысына сенген басшылар 1983 жыл­дың күзін­де «ХХІІ парт­съезд» атын­дағы ұжым­шар­дың парт­ком хатшысы етіп та­ғайындады. Тал­ды­қорған облыстық партия комитеті бюро­сының күн тәртібі бойынша «ХХІІ партсъезд» атындағы партия ұжымы­ның атқарған жұмыстары бюро мүше­лерінің ықы­ла­сына бөленеді. Осыдан кейін об­ком­ның ауылшаруа­шылық мәселеле­рін қарайтын хат­шысы Аз­тай Ерса­лиев Қалабекті өзі қабылдап, оны обкомға жұмысқа ша­қырды.

Облыстық партия комитетіндегі екі жылдан астам шыңдалудан кейін Сар­қан аудандық партия комитетінің екін­ші хатшысы болып сайланады. Бұл Қалабек ағаның өміріндегі ең қиын кез болды. Өйткені, сол жыл­дары, яғни 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінен кейін оған қатысқан жастардың ауылдағы туыс­тарын жа­уап­қа тарту, жұмыстан шы­ғару, қуғын салу сияқты істер жүргі­зілді. Сарқан ауданындағы осындай қиын жұмыс Қалабек ағаны былай тартса өгіз өліп, былай тартса арба сынатын сынаққа дөп келтірді. Жоғарғы­ жақтың тапсыр­масын орындау керек. Ал жазаланып, жапа шегіп жатқан­дардың бәрі қаракөз қазақтар болған­дықтан жүрегі ауыра­ды. Алайда, көргені көп, оның үстіне аға буындар­дан алған тәлімінің арқа­сында қолы­нан келген­ше қиналып жүрген қан­дас­тарына барынша қамқор болып, талай адам­ның жазықсыз жапа шек­пеуіне қолға­быс етті. Осы жұмыс­ты табанды­лықпен 6 жыл атқарып, жұрт­тың ықыласына бөленді. Қалабек аға да Сарқан ауданының еліне, жеріне деген алғысын жаудырып жатады.

Ел жаңадан Егемендік алып, жұрт жап­пай жекешеленуге беттеп, нарық заңдылығы өмірімізге дендеп кіре бас­та­ған тұста Қалабек аға Көксу ауда­нындағы мал бордақылау шаруа­шы­лығына директор болып тағайын­дала­ды. Осы орайда,  айта кеткеннің артық­тығы жоқ. Қалабек аға сол тұста шар­уа­шылықты жолға қоюға, оны өрге бастыруға көңіл бөлді. Қашанда көптің мүддесі үшін еңбек еткен жандардың қадірін  көпшілік те түсі­не­ді. Қалабек ағаның адалдығы мен  іскерлігін, жауап­кершілікке бекем екенін аңғарған Көксу ауданының сол тұстағы әкімі Наурыз Қылышбаев «Көксу шекер» АҚ-ның басшылық қызметін сеніммен тапсырады. Әлемнің дамыған елде­рін­дегідей Кеңес кезінде ауылша­руа­шылығы өкімет есебінен дотация ала­тын. Ал қызылша өсірушілер бар кере­гін қант зауытынан алады. Қала­бек аға «Көксу шекер» зауытын басқа­рып тұр­ған кезінде зауыт акциясының көп­шілігі қызылша өндірушілердің бақы­лауын­да болғандықтан өндіріл­ген қызыл­­шадан қайнатқан қанттың 75 пайы­зы өндірушілерге тиіп, 25 пайызы өнд­і­ріс үлесіне тиесілі болуы­на әкім­дік­тің ықпалы басым болды. Сол тұста қант үлесінің 30 пайызын алу үшін «Тағам» АҚ бар күшін салып, қолдан келер амалын жасап көрді. Осы бір теке­тірес кезінде Қалабек аға ел жа­ғын­­да болып, көптің мүддесін қорғады. Оның бұл шешімі билікке жақпады. Десе де, қызылша өндіретін диқандарға жақ­сылығы тиді. 1996 – 1999 жылдары «Көксу­газсервис» мекемесінің тізгінін ұс­тай­ды. Одан кейін араға 16 жыл са­лып барып Ескелді ауданына қыз­метке келді. Тағдырдың жазуы болар, осы­дан кейінгі жылдары Керімтай Әбді­­­рах­манов, Сұлтан Дүйсембінов, Қо­­былан Манапов, Нұрлан Қылыш­баев, Жұба­ныш Ноғайбеков, Бағлан Тәне­кенов сияқты тұғырлы азамат­тар­мен қатар­ласа жүріп, өзіне жүк­тел­ген мәрте­белі міндетті абыроймен ат­қар­ды.

Өнеге өрінде

Қалабек ағаның соңғы 19 жыл­дық өмірі Ескелді ауданының өткенін түгендеп, келешегіне жол салумен өтті. Басында аудан әкімінің орын­басары лауазымын арқалаған ағамыз одан кейінгі жерде аудандық мәслихат хатшысы болып қыз­мет атқарды. Осы арқылы Ескелді баба­мыз­дың атын­дағы қасиеті мен киесі қатар өрілген өңірге бір­кісідей еңбек сіңірді. Халық қалаулысы деген қасиет­т­і атына кір түсірмеді.  Иә, ел арасында Халық қалау­лысы деген қанатты сөз бар. Себе­бі, халық қалау­лысы, жақсының жаршысы, жоғал­ғанның жоқшысы, өткеннің іздеушісі. Осындай кісілік­ке жетудің өзі әркім­нің маңдайына жазы­ла бермейтін бақ. Сондықтан көпшілік бұл міндетті ел мен жердің бола­шағы үшін таңды таңға жалғап, тынымсыз жұмыс істей­тін, халық­тың қамы үшін таласқа түсуге дай­ын, жұрттың ойын­дағы түйткілді шешуге ден қоятын азамат­тарға жүктейді. Қалабек аға осы талап­тан шығып келеді. Ол депутат ретінде өз ауылының дамуына бір­кісідей үлес қосты. Даналық пен сырбаздық, байсалдылық пен байып­тылық бо­йы­нан білініп тұратын аға­мыз­дың айтқан ұсынысы мен көтерген ойы қашанда әріптестері тарапынан қолдау тауып отырды. Халқымызда: «Туған жерге ту тіккен» деген сөз бар. Осы тұрғыдан келгенде Қала­бек аға­мыз туған өлкесінің түлеуін есінен бір рет те шығармаған адам. Бұл, әрине, нендей де бір жершілдікті білдірмейді. Қайта елін сүйген жігіт­тіктің, жерін сүйген азаматтықтың белгісі деп қа­рауымыз керек.

Қалабек ағамыздың Ескелді ауда­ны­ның дамуына сіңірген үлесі ұшан-теңіз. Ең алдымен ауданның байырғы атауын қайтарып Ескелді, Бақтыбай, тағы да басқа елдің қамын жеп, ұрпақ­тың болашағы үшін күрескен баба­ларымызға ескерткіш орнатып, есімін елді мекендерге беруге барын­ша тер төкті. Сондай құлшы­ныс­тардың нәти­жесінде, Ескелді, Балпық бабамыздың 300 жылдық мерей­тойының өтуіне де қолынан келгенше жәрдемдесіп, ұйым­дастыру жұ­мыс­тарының басы-қасынан табылды. 2000 жылы Тал­дықорған ауданы Ескелді ауданы бо­лып, 1928 жылғы байырғы атауына өзгертілді. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың салиқалы саясатын жұрт арасына насихаттап, Президент тапсыр­масы­мен қолға алынған жос­парлардың атқарылуына қолдау таныт­ты. Әсі­ресе, өңірдің жастар тәрбиесіне ден қойып, білікті жастардың бір буынын қалыптастыруға күш сал­ды. Ау­дан­­ның өнеркәсіп, ауыл­шаруа­шы­лық, білім беру, денсаулық, мәде­ниет, тағы да басқа саласындағы жетіс­пей жат­қан тұстарын демеп, ел болып ортақ өркендеуге мұрындық болды.

Пайғамбарымыздың бір хади­сінде: «Дүние деген бір қызық, рахат нәрсе, ал сол қызықтың қайырлысы – жақсы әйел», – деп жазылған. Расында, бұл дүние Алла тағаланың әмірімен себеп үстінде орнаған. Егер бір себеп бол­маса, жақсылық та, жамандық та болмайды. Неке де, отбасы да болмай­ды. Қалабек аға мен Уля жеңгеміз қызмет бабында таны­сып, жұмыс барысында жиі араласа бастайды. Көңіліндегі ұқсастық оларды бір ар­ман­ға, мұратқа, бола­шаққа деген се­нім­ге жетеледі. Міне, солай 1972  жылы екі жас ауыл-аймақтың ақ бата­сын алып, шаңырақ көтереді. Уля жеңгеміз де қызметтің сан баспал­дағынан өткен білгір ма­ман. Бірақ, өмірінің денін ұрпақ тәрбиесіне арна­ды. Жазушы, абыз ағамыз Бауыржан Момышұлы: «Әйел­­ді қорлаған еркекті өмір өкі­ніш­сіз жібермейді. Әйел – өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын еш­кім­ге қорлатпайды. Өйткені,  әйел – киелі халық. Оның киесі өзін   қорла­ған еркекті бір атпай кетпейді.  Менің көзім осыған жетті», – депті. Ша­ңырақ құрған жастардың  төріне жазып, іліп қоятын-ақ даналық. Қалабек аға мен Уля жеңгеміз осы сынақтан сәтті өтті. Отбасында ауыз­бірлікті, ынтымақты болды. Олардан тараған Сәкен, Тол­қын, Сәбит есімді ұл-қызы елге сый­лы, мамандығына берік, тәрбиелі болып өсті. Дана, Айнұр сынды ізетті келіндері мен Берік сынды кішіпейіл күйеубаласы да пайымды болып кез­десті. Бүгінде Асылмұрат, Нұркен, Әлия, Аян, Әлмұрат, Нұрәли,  Санжар, Самира сияқты асыл немерелері өсіп келеді. Балаларының бәрі өз маман­дықтары бойынша білім алып, ел үшін еңбек етуде. Ал немерелері болса көктемгі бәйшешектей құлпырып өсіп келеді.

Расында, әр заманның өз кейіп­ке­рі, өз тұлғасы, таным-талғамы, тара­зы­сы болатыны анық. Одан ерік-жі­гері мықты, табанды өзіндік көзқа­ра­сы бар таным-талғамы тұрақты, ең бас­тысы, өз басын алдымен өзі сый­лай­тын адам ғана ізгілік ізінен адас­пай өтетіні хақ. Сонда оның ел-жұрт ал­дында жүзі жарқын, жүрегі ақ, бе­делі жоғары болады. Қалабек аға осын­дай мағы­налы өмір сүрген ел қалаулысы, жұрт мақтанышы.

Қажет АНДАС,

“Жетісу”

Қатысты жаңалықтар

Ирандағы жағдай әлемдік мұнай нарығына қалай әсер етеді?

Ирандағы жағдай әлемдік мұнай нарығына қалай әсер етеді?

06.03.2026
«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.