Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕЛШЕНБҮЙРЕК ЕТЕГІН ЖЕЛПІНТКЕН ЖЫР

08.04.2019
КҮЛТӨБЕ
ЕЛШЕНБҮЙРЕК ЕТЕГІН ЖЕЛПІНТКЕН ЖЫР
WhatsAppTelegramFacebook

«Мен – таулықпын –

Қыранның балапаны.

Маған-дағы тауымның таңы атады.

Қарапайым қалтқысыз жырларымды,

Қажетіне өз халқым жаратады», – деп жырлаған таңғажайып ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 88 жыл. Дүниеден өткеніне қырық жылдан асып кеткен ақынның сырлы да нұрлы екінші ғұмырының басталғалы талай-талай ай жаңарып, жылдар жылжып келеді. Мұқағали өмірге келген Қарасаздың даласына талай көктем келіп, жадыраған жазы өтті. Ақынның өлмес жырына арқау болған Шалкөде, Қарасу мен Елшенбүйрек түрлі түсті бояуына малынған күрең күзін өткеріп, талай мәрте ақ көрпесін жамылды. Ақын жырын сүйсіне, тебірене оқып, жүрегіне қонақтатқан оқырман қауым, қалың қазағы қазақ поэзиясына өзіндік үн қосып, алтын жылға болып қосылған Мұқағалиды ұмытқан жоқ.

 

Ақынның өлмес жырлары жұлдыздай жарқырап, Хантәңірі шыңының биігінен тіл қатып, ақ қанат құс болып қалықтап жүр.

Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,

Оларды іздеп өткізбеппін уақытты.

Мен бақытсыз бола қойман сірә да,

Туған елім болса екен бақытты, – деп жырлап туған елінің тілеуін тілеп, жанындай сүйіп кеткен ақын шын мәнінде бақытты.  «Басын тауға сүйеп, сәл ғана мызғып кеткен» ақын тірі. Өлмейтін екінші ғұмырының шуағы мол, шарапаты бөлек. Жанындай сүйген тауларының құшағында, Елшенбүйректің етегінде, қастерлі де қасиетті Қарасазының төрінде дәстүрлі республикалық Мұқағали оқулары биыл да жалғасын тапты. Ақынның құлдыраңдаған балалығы өткен, аяғының ізі түскен Қарасаздың құшағында көктемнің самалы жүр. Қарасудың мұзы сетіней қоймапты. Ақынның жырымен аталатын «Ақ қайың» саябағындағы ақ қайыңдар көз тартатын дәрежеге келіп қалыпты. Ең бастысы, Қарасаз ауылының көшесінен ұшырасатын кез келген қара домалақтың кеудесінен ақын жыры күмбірлейді. Қолдарын көтеріп кезек-кезек ақын өлеңін мөлдіретеді. Қалай ғана қуанбассың?!

Республикалық Мұқағали оқуларына биыл республикамыздың түкпір-түкпірінен қырыққа тарта үміткер келіпті. Жыл сайын аталған оқуға ықылас танытушы үміткерлер қатарының көбейіп келе жатқаны, әрине, қуандырмай қоймайды. Бұл ақиық ақынға деген құрмет, ақын жырына деген ыстық көңіл, жып-жылы ниеттің белгісі. Жас ұрпақтың ақын поэзиясына ден қойып келе жатқаны қуандырмай қоймайды. Игілікті шараның салтанатты ашылуында Қарасаз ауылындағы Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектептің, Қарасаз өнер мектебінің өнерлі өрендері Мұқағалидың өмір жолы туралы шағын сахналық көрініс тарту етті. Ақын шығармашылыған негізделген сазды бағдарламамен жүректерді желпінтті. Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы, ақын, филология ғылымының докторы, профессор Сәрсенбі Дәуіт сөз алып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға Қазақстан Жазушылар одағынң мүшесі, халықаралық Ильхам сыйлығының иегері Дәулетбек Байтұрсынұлы бастаған Болат Шарахымбай, Сәрсенбі Дәуіт, Мылтықбай Ерімбет, Сайлаубай Тойлыбай секілді ақын-жазушылар қазылық жасады.

Республикалық Мұқағали оқуларына қатысушы үміткерлер түрлі аталым бойынша сынға түсті. Олардың ақынның қанша жырын жатқа білетіні белгілі болды. Қазылар алқасы ұсынған өлеңдерді жатқа оқыды. Үміткерлер ақынға арнаған жырларын көп назарына ұсынды. Мұқағалидың «Райымбек, Райымбек!», «Алтай-Атырау» атты поэмалары бойынша жыр эстафетасына қатысты. Маңдайларына бұйырған ақынның бір-бір шумақ өлеңін талдап, өз ойларын жеткізді. Ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы он сұраққа жауаптарын берді. Айта кетер жағдай, осынау маңызды сынақта  Қарасаз ауылындағы А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушысы Сара Жұмаш, Кеген ауданындағы Ы. Көшкінов атындағы орта мектептің оқушысы Марал Мақсатқызы кідірмей түгелдей жауап берді. Он сұрақтың біріне де жауап бере алмағандар ұшырасты. Ең бастысы, биылғы байқауда Мұқағали жырларын жүректеріне қонақтатқан, өмір жолын да жақсы білетін, өлеңге таудай талаптары бар жас өрендер қатарының жап-жақсы екені қуантты. Қатысушылардың жас мөлшерлері де әртүрлі. Соған қарамастан бәрі де ұмтылыс таныта білді.

Бір күнге созылған байқауда Кеген ауданынан келген Марал Мақсатқызы, Алматы қаласынан келген Мерей Жолдыбай, Түркістан облысынан қатысқан Арайлым Тілеубек, ақтаулық Динара Темірбекова жүлделі 3-орыннан көрінді. Талғар ауданынан келген Дилназ Бешир, алматылық Думан Дәулетбек 2-орынға ие болды. Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың оқушысы Ұлдана Ізбасар 1-орыннан көрінді. «Жүзден жүйрік, мыннан тұлпар» демекші, Райымбек ауданындағы Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушысы Сара Жұмаш байқаудың жарқырай жанған жұлдызы болып, бас жүлдені еншіледі. Оған Қазақтың Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті ұжымы атынан да лайықты сый-құрмет көрсетілді. Осы күні «Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық қоры атынан, жекелеген азаматтардан байқауда ерекше көзге түскен үміткерлерге арнайы сыйлық берілді.

Елшенбүйрек етегі, Қарасаздың төрі бір күн бойы Мұқағалидың жырмен тербетіліп тұрды. Ақын мүсінінің алдында оқылған өлеңдері қияға қалықтап жатты. Бұл күн, сол бір сәттер өлеңге ынтық жас жүректердің төрінде ұмытылмастай болып қалғаны анық.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.