Талдықорған: +19°C
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕНДІГІ ЖҰМЫС АЗАМАТТАРДЫҢ ЕНШІСІНДЕ

14.05.2024
КҮЛТӨБЕ
ЕНДІГІ ЖҰМЫС АЗАМАТТАРДЫҢ ЕНШІСІНДЕ

Сарқан ауданының Черкасск ауылдық округіне қарасты Теректі ауылына барып Жұмақыз апамен пікірлесіп, басылымның №50 (19333) сенбі, 2024 жылғы 27 сәуір санының  3-бетінде «Түбі бір түлейтін ауыл» атты мақала жарияланғанбыз. Сол мақалада көтерілген мәселелер бойынша Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаевтың атына өтініш жолдап едік. Сол өтінішке аудан әкімінің орынбасары Ж. Мыңбаевтан нақтылы жауап келді.


Өтініште, ең бірінші, Теректі ауылын қайта қалпына келтіру туралы қандай жоспарлардың бар екендігін сұраған болатынбыз. Хатта: «Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылмын қалыптастыруда аймақтарда тұратын халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын ескеру өте маңызды.

Мұнда жергілікті тұрғындар тығыздығы (адам/км2), олардың табыстарының (бір жанға шаққандағы) деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі, өңірдің экономикалық әлеуеті және басқа да көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлінеді.  

Бүгінгі күнге  Черкасск ауылдық округіне қарасты  Теректі ауылында 26 адам тіркеуде тұр, нақты тұратын 8 адам.  Жалпы жер көлемі 4520 гектар болса,  ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 4144 гектарды құрайды. Оның  1699 гектары егістік, 2250 гектары жайылым, 180 гектары шабындық жер.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін Үкімет ауылдық аумақтарды дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.  Тұжырымдамаға сәйкес, ауданда бірнеше бағдарлама жүзеге асуда. Осыған орай «Ауыл аманаты» және басқа да бағдарламалар бойынша қаражат алып, өздерінің ісін бастауға барлық мүмкіндік жасалған.  Ауылдың байырғы тұрғындары мал шаруашылығымен айналысады. Егін шаруашылығымен айналысуға да қолайлы жағдай жасалған.

Черкасск ауылдық округіне қарасты Теректі ауылына барар жол облыстық маңызы бар жолдарға жатады. 2022 жылы Ақтұма ауылынан Теректі ауылына баратын жолдың бастапқы бөлігі жөңдеуден өтті. Қыс мезгілінде аталған ауылдың жолы жауған қардан ұдайы тазартылып тұрады. 
Теректі ауылы толықтай электр, телефон желісімен және кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Ауылда бизнеске, жеке іспен айналысамын деп ниет білдірген азаматтарға  жер телімдері жеткілікті. 

Теректі ауылы кіретін Черкасск ауылдық округі тұрмысқа қажетті ауызсу, асфальтты жолдар, Мәдениет үйі және мектептермен толық қаматамасыз етілген. Болашақта Теректі ауылына баратын жолдың жөндеу жұмыстарын аяқтау, ауызсу жүйесін жүргізу бойынша жұмыстар атқару жоспарда бар. Тұрғындар саны ұлғайып, бала көбейген жағдайда бастауыш мектептің құрылысын жүргізуге де мүмкіншілік болады. 

Жалпы Сарқан ауданына қарасты Теректі ауылы экономикалық тұрғыдан әлеуеті жоғары ауылдардың бірі. Аталған бағыт бойынша мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалған. Бұл үшін аталған ауылда ірі кәсіпорындар мен жекеменшік бизнес нысандарын ашу қажет, әкімшілік тарапынан ауданға келген  инвесторларға міндетті түрде Теректі ауылы бойынша ұсыныстар енгізіледі. Бірақ қазіргі таңға жеке инвесторлар тарапынан қызығушылық танытылған жоқ»  деп жауап берілген. 

Келесі кезекте Теректі ауылының байырғы тұрғыны Жұмақыз апаның «Күміс алқа» иегері ретінде зейнетке шыққаннан кейін қосылатын қосымша қаражат туралы өтінішін де жолдаған едік. Хатқа: «Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы»  №2676 Заңының 29-бабына сәйкес «Күмiс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталатындығы көрсетілген (Ескерту. ҚР 1999.07.26 № 462, 2009.12.02 № 211-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен 29-бапқа өзгерістер енгізілді. Черкасск ауылдық округі, Теректі ауылының тұрғыны, 1942 жылы 12 сәуірде туған зейнеткер Жұмақыз Кашкенова 6 перзент өмірге әкелгенімен де 1972 жылы 7 шілдеде туған қызы Кашкенова Жанна Гапарқызы 1997 жылы 19 тамызда, 1974 жылы 8 маусымда туған ұлы Кашкенов Сайлау Гапарович 2023 жылы 4 қаңтарда қайтыс болған. Сол себепті Жұмақыз Кашкенова «Күмiс алқа» алқасымен наградталуға жатпайтынын хабарлаймыз. 

Осы шешіммен келіспеген жағдайда Сіз Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 3 тармағына сәйкес әкімшілік актіге әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымдануға құқылысыз» деген жауап берілген. 

Алдымен өтінішімізді қараусыз қалдырмай уақытында, нақты және түсінікті жауап қайтарғаны үшін аудан әкімдігіне ризамыз. «Бәріміздің де илегеніміз бір терінің пұшпағы» дегендей, тұрғындардың көкейкесті сұрақтарын көтеру баспасөздің міндеті. Ал билік органдарының да заң мен құқық көлемінде жұмыс атқаратынын түсінеміз. Хатта көрсетілгендей, Теректі ауылының болашағы кемелді боларына бек сенімдіміз. Мүмкін болса, азаматтарды ақпараттандырып, қолдан келген көмегімізді көрсетуге әрқашан дайынбыз. Ал Жұмақыз Кашкенованың «Күміс алқа» алуға қатысты сұрағы заң аясында қарастырылатындықтан оған да қарсы пікіріміз жоқ. Бұл жауаппен Жұмақыз Кашкенованы хабардар ететін боламыз. Дегенмен де қиын күндерде өскен ауылын тастап кетпей «Сол ауылдың өркендегенін көрсем деген» жансебіл үмітін үкілеп жүрген әжені аудан, ауыл тарапынан моральдық тұрғыда шабыттандырып тұрса, ол да азаматтық ұстанымымыздың бір парасы деп білеміз. 
Теректі ауылының болашағы әлі де «Jetisý» газетінің назарында болады.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

16.06.2025
Бақыттың кілті өз қолыңда

Бақыттың кілті өз қолыңда

15.06.2025
Қарасаздың Қарлығашы

Қарасаздың Қарлығашы

15.06.2025
«Жетісудың» жүрегі

«Жетісудың» жүрегі

15.06.2025
Малайсары тауларына бүркіт қонды

Малайсары тауларына бүркіт қонды

15.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.