Талдықорған: +14°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ерікті көші-қон: Болашаққа жасалған нық қадам

11.01.2026
КҮЛТӨБЕ
Ерікті көші-қон: Болашаққа жасалған нық қадам
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбек қуаты артық өңірлерден жұмыс күші тапшы аймақтарға халықты ерікті түрде көшіру саясаты соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық теңгерімді қамтамасыз етудің маңызды құралына айналды. Осы бағытта белсенді қабылдаушы өңірлердің бірі ретінде ерекшеленіп отырған ерікті көші-қон бағдарламасы Шығыс Қазақстан облысы үшін демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуға оң әсер етуде. Бағдарлама алдағы жылдары да өңір үшін маңызды құрал болып қала береді.

2023 жылы Шығыс Қазақстан облысына 372 қоныс аударушы (128 отбасы) келсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 512 адамға (164 отбасы), ал 2025 жылы 525 адамға (144 отбасы) жетті. Бұл деректер өңірдегі еңбек ресурстарына сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Сол қатарда Жетісу облысынан қоныс аударушылар саны жыл сайын өсіп, 2023 жылы 34 адам, 2024 жылы 46 адам, 2025 жылы 75 адам көшіп келген. Бұл бағдарламаға деген халық сенімінің артқанын білдіреді. Олар Өскемен, Риддер қалаларына және Алтай, Зайсан, Қатонқарағай, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай, Шемонаиха аудандарына орналасып, тіршілік жолына түскен. Басым бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және көлік салаларында жұмыс істейді. Мемлекеттік қолдау олардың жаңа ортаға бейімделуін жеделдетті.

Мүмкіндіктер мекені

Риддер қаласы Алтай тауларының етегінде, Үлбі өзенінің бойында орналасқан. Өнеркәсіп пен мәдениеттің ірі орталығы саналатын қала металл өндіру және пайдалы қазбаларды өңдеу салалары арқылы өңір экономикасына елеулі үлес қосып келеді. Облыс орталығы Өскеменнен 120 шақырым жерде орналасқан Риддерге автокөлікпен де, теміржолмен де қатынауға болады.

Шамамен 50 мың тұрғыны бар қалада мектеп, балабақша, колледждер, Мәдениет сарайы, кітапханалар, мұражай және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы орналасқан. Спорт инфрақұрылымы да жақсы дамыған қалада 70-тен астам спорт нысаны, бассейндер, спорт залдары мен стадиондар бар. Денсаулық сақтау саласында ауруханалар мен жеке медициналық орталықтар халыққа қызмет көрсетуде.

Қаланың табиғаты туризмге қолайлы. Қыс мезгілінде тау шаңғысы мен қысқы демалыс түрлері, жазда жаяу серуен, балық аулау мен белсенді туризм кең дамыған. Қала маңында бірнеше демалыс базалары жұмыс істейді.

Бүгінде Риддерге халықты қоныстандырудың негізгі тетігі – ерікті қоныс аудару бағдарламасы. «Серпін» жобасы аясында қоныс аударушыларға көшуге және тұрғын үй жалдауға арналған субсидиялар, сондай-ақ экономикалық ұтқырлық сертификаты ұсынылады. 2025 жылы бұл бағдарлама арқылы 17 отбасы (52 адам) көшіп келген, оның ішінде қандастар да бар.

Жалпы, Риддер тұрақты жұмыс, қолайлы тұрмыс пен жаңа мүмкіндіктер ұсынатын қала. Мемлекеттік қолдау мен дамыған инфрақұрылым өңірге қоныс аударушылар санының артуына жол ашып отыр. Мұнда Жетісудан 3 отбасы көшіп келіп, қоныстанып, тынысты тіршілігін бастап кетіпті. Қалалық «мансап» оталығының маманы Аяулым Жанпейісова жерлестерімізбен жүздестірді.

Ержан Бескенбаев пен зайыбы Жанар Алтынбекова бұған дейін Талдықорған маңындағы «Үйтас» саяжайында тұрып, кейін туыстарының кеңесімен олар Риддер қаласына көшіп, алғашқы кезде шахтада жұмыс істейді. Әріптестерінен ерікті көшу бағдарламасын естіген Ержан мен Жанар қалалық «мансап» орталығындағы мамандардың көмегімен құжаттарын рәсімдеп, мемлекет тарапынан берілетін субсидияға қол жеткізіп, Риддер қаласының орталығынан екі бөлмелі пәтер сатып алады. Ержан өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасса, Жанар конкурс арқылы 1,5 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып, жеке сән салонын ашқан. Олар несиесіз үй алып, армандаған істерін бастап, болашақтарына сенімді қадам басқандарына дән риза.

Руслан Қушанов – Сарқан қаласынан қоныс аударған жетісулық. Зайыбы бастауыш сынып мұғалімі болған. Өзі күнделікті тапсырысқа жұмыс жасап, нәпақасын ажыратып жүрген жас еді. Кейін ерікті көші-қон бағдарламасы туралы естіп, Солтүстік пен шығыс туралы ақпарат жинақтай бастайды. Ақыры таңдауы Риддер қаласына түседі. Себебі, Риддердегі кен орындары жұмыс күшін көп талап ететінін естиді. Сонымен отбасымен ақылдасып, бірден көшу байламына келеді. 2024 жылы көшіп келіп, мемлекеттік көмектің арқасында қаланың дәл ортасынан екі бөлмелі пәтер алып, өзі кәсіп тауып, зайыбын мектепке мамандығы бойынша жұмысқа тұрғызады. Балалары мектепте, өздері жаңа ортада, болашақтарын жазып жатыр.

Риза Бегекызы отбасындағы 5 адаммен 2025 жылы қоныс аударады. Сарқан қаласында мұғалім болып жұмыс істеген Риза бүгінде декреттік демалыста. Биыл олардың отбасына жаңа мүше қосылып, сәбидің былдырымен қуанышты күндері еселене түспек. Олардың көшуіне Ризаның қайын інісі себепкер болыпты. Өскеменде жоғары оқу орнын бітірген жас жігіт Риддер қаласына жұмысқа тұрады. Телефонмен хабарласқан сайын шаһар туралы тамсана әңгімелейді. Сосын бір көріп қайтуды жоспарлап, туысқандарын іздеп келіп, бірден осында қоныс аударуға шешім қабылдайды. «Бізді Риддердің көркем табиғаты бірден баурап алды» – дейді Риза. Жұбайы жұмыста, өзі декреттік демалыста. Қаланың дәл ортасынан үш бөлмелі үй сатып алыпты. Мектеп, балабақша, сауда орталығы үйінің іргесінде тұр. Бар жағынан қолайлы ортаға келдік деп сүйініп отыр.

Риддер – табиғаты көркем, инфрақұрылымы дамыған және әлеуметтік қолдауы жоғары шаһар. Ерікті көшу бағдарламасы арқылы жаңа қоныс пен тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік мол. Бескенбаевтар отбасы ізденіс пен мемлекеттік қолдау нәтижесінде жаңа өмір бастаудың айқын дәлелі.

ҮЛКЕН НАРЫНДА ҮМІТ МОЛ

Бұрындары Қатонқарағай ауданының құрамында болып, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудан ретінде ресми мәртебеге ие болған Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Нарын ауданы – табиғи байлығы мол, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамытуға қолайлы өңір. Алтай тауларының етегінде орналасқан аудан көркем табиғатымен, қолайлы географиялық орнымен және еңбек ресурстарымен ерекшеленеді.

Аудан халқының басым бөлігінің негізгі күнкөріс көзі – мал және егін шаруашылығы. Сонымен қатар, Риддер қаласына жақын орналасуы тұрғындардың өндіріс пен тау-кен саласында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл халық табысын әртараптандыруға оң әсер етуде.

Әлеуметтік инфрақұрылым жүйелі дамып келеді. Ауданда мектептер, балабақшалар, медициналық пункттер жұмыс істейді. Мәдениет үйлері мен спорт алаңдары жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп отыр.

Үлкен Нарын ауданы туризмді дамытуға ыңғайлы. Таулы аймақтар, өзен-көлдер мен орманды алқаптар экотуризм мен демалыс бағыттарын жүргізуге негіз бола алады. Жол қатынасының жақсаруы өңірдің қолжетімділігін арттыруда.

Үлкен Нарын ауылында Панфилов ауданынан қоныс аударған Жаңабек Ділда анасы Нұржамал және орта мектепте оқитын қызымен бірге тұрып жатыр. Отбасы бұл ауылға өткен жылы ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында көшіп келген.

Жаңабек Үлкен Нарын ауылындағы «Күншуақ» балабақшасында тұрақты жұмыс істейді. Оның айтуынша, 2019 жылы Қытай Халық Республикасынан көшіп келіп, алдымен Панфилов ауданына қоныстанған. Қазақстан азаматтығын алып, тұрмысқа қолайлы өңір іздеген кезде Үлкен Нарын ауданына таңдау түскен.

– Мұнда жақын туыстарымыз тұрады. Қонаққа келіп көріп, бірден ниетіміз ауды. Аудандық «мансап» орталығының мамандары бізді жылы қабылдап, барлық құжатымызды рәсімдеуге көмектесті. Тағайындалған қаржылай қолдаудың арқасында осы үйді сатып алып, кірдік. Қазір балабақшада тұрақты жұмыс істеп жүрмін, – дейді ол.

Балабақша ұжымы да жаңа қызметкерге оң баға беріп отыр.

– Біздің мекеме – облыс аумағында ауылдық жерде ашылған, ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған балабақша. Сондықтан мамандарға қойылатын талап жоғары. Жаңабек осы талапқа толық сай келді, – дейді балабақша меңгерушісі Жанна Сейітқамзақызы.

Жаңабек қабылдаған шешіміне риза. Ал анасы Нұржамал апаны мазалайтын бір мәселе бар. Үй ауласында өсіп тұрған алып көк терек бүгінде қауіп төндіріп тұр.

– Терек қатты биіктеп кетті. Құлап кетпесе екен деп уайымдаймын. Оны кесу үшін арнайы мамандар керек, – дейді кейуана.

Бұл мәселе бойынша аудан әкімдігіне ресми өтініш жолданатыны айтылды.

Үлкен Нарын ауданы – ауыл шаруашылығы, туризм және әлеуметтік жобалар арқылы дамуға әлеуеті бар аймақ. Мемлекеттік қолдау мен тиімді жоспарлау бұл өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуын жаңа деңгейге көтере алады. Қысқасы, Үлкен Нарын ауданы жетісулықтар үшін қолайлы мекен деген ойға келдік.

«АЛТАЙДАЙ ЖЕР ҚАЙДА?»

2023-2025 жылдар аралығында Алтай ауданына 32 отбасынан тұратын 107 адам қоныс аударған. Оның ішінде 28 отбасы (91 адам) – ішкі қоныс аударушылар, 4 отбасы (16 адам) – Қытай Халық Республикасынан келген қандастар.

Қоныс аударушылар негізінен Жетісу, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарынан, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан келген. Бұл ауданның еңбекке, тұрмысқа және тұрақты өмір сүруге қолайлы екенін көрсетеді.

Алтай ауданында 37 мектеп, 16 шағын орталық және 10 балабақша жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласында Алтай және Серебрянск қалаларындағы ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар мен жеке медициналық нысандар халыққа қызмет көрсетеді.

Ауданның экономикалық әлеуеті жоғары. Мұнда «Бұқтырма цемент компаниясы», «Қазцинк» ЖШС, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ағаш өңдеу саласындағы ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Білім, денсаулық сақтау және нақты секторда білікті кадрларға сұраныс бар.

Қоныс аударушыларды қолдау мақсатында жұмыс берушілер тұрғын үймен, тұрақты жұмыспен және әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуге дайын. Сонымен қатар, бағдарлама аясында жаңа бизнес бастау үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар қарастырылған.

Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылынан қоныс аударған Аида Дәулетова үшін Алтай қаласы жат емес, қайта жанын жадыратқан жаңа мекенге айналыпты. Қысы қатал деп саналатын бұл өңір Аидаға жұмақтай көрінеді. Жұпар иісті дала, көкке бой созған самырсындардың сыбдыры, тұнық тау суларының сылдыры мен жазғы көркем табиғат оны бірден баурап алған.

– Мені ең алдымен Алтайдың сұлу табиғаты өзіне қызықтырды. Одан кейін салқын ауа райының денсаулығыма тигізген пайдасын сезіндім. Сарыөзекте ыстықтың әсерінен қан қысымым жиі көтеріліп, дәрігер жағалаушы едім. Алтайға көшіп келгелі сол қиындықтан арылдым, – дейді Аида Дәулетова.

Бүгінде ол мамандығы бойынша қаладағы дәмханалардың бірінде аспаз болып еңбек етеді. Отбасының да жағдайы орныққан. Үлкен ұлы 11-сыныпты аяқтап, Павлодар қаласында әскери борышын өтеп жүр. Екінші ұлы биыл 11-сыныпта, ал кенже қызы 5-сыныпта оқиды. Балалардың оқу үлгерімі жақсы, жаңа ортаға тез бейімделген.

– Мемлекет тарапынан көрсетілген барлық қолдау шаралары демеу болды. Соның арқасында қаланың дәл ортасынан екі бөлмелі үй сатып алдық. Қазір еңсеміз тіктеліп, болашаққа сеніммен қарап отырмыз, – дейді.

Аиданың айтуынша, Алтай қаласы тек табиғатымен ғана емес, әлеуметтік мүмкіндіктерімен де тартымды. Инфрақұрылымы дамыған, еңбек ресурстарына сұранысы бар және қоныс аударушылар үшін нақты мүмкіндік ұсынатын өңір. Мұнда еңбек етуге де, бала өсіруге де қолайлы орта қалыптасқан. Осындай нақты қолдау мен жайлы өмір сүру жағдайы ерікті көші-қон бағдарламасының шынайы нәтижесін көрсетеді. Аиданың шабыттан айтқан әңгімесін тыңдап отырып, «Ағажай, Алтайдай жер қайдай-ай» деген халық әні құлағыма келгендей болды.

ЕРТІС ПЕН ҮЛБІ ТОҒЫСҚАН

Шығыстың жүрегі саналатын Өскемен қаласы бүгінде ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысқан азаматтар үшін әлеуметтік те, экономикалық та мүмкіндігі мол мекенге айналып отыр. Ол еліміздегі ірі индустриялық орталықтардың бірі. Қала экономикасының негізін түсті металлургия, машина жасау, энергетика, құрылыс және қайта өңдеу өнеркәсібі құрайды. «Қазцинк», «ҮМЗ», «Азия Авто», «Согрин ЖЭО» секілді ірі кәсіпорындар тұрақты жұмыс орындарын ұсынып келеді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес қарқынды дамып, сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету салаларына жұмыс күші қажет. Бұл – қоныс аударған азаматтардың еңбек нарығына тез бейімделуіне мүмкіндік береді.

Талдықорған қаласының Өтенай ауылынан қоныс аударған Назгүл Шәкенова Өскемен қаласында қызмет көрсету саласынан өз жолын тауып отыр.

– Былтыр көктемде көшіп келдік. Жұбайым теміржол саласында жұмыс істейді, оны Астанадан Өскеменге қызметке шақырды. Бастапқыда ерікті көші-қон бағдарламасы туралы білмедік. Кейін әлеуметтік желіден көзіміз шалып, бірден Өскемен қалалық «мансап» орталығына хабарластық. Олар бізді жылы қабылдап, барлық мәселеде жан-жақты қолдау көрсетті. Жарты жылдың ішінде құжаттарымызды толық реттеп, мемлекеттік көмекті де, баспанамызды да алып үлгердік. Балалар мектепке орналасты, ал мен өзім жеке жұмысымды бастап кеттім. Негізгі мамандығым – дәрігер, Өтенай ауылдық амбулаториясында акушер болып істедім. Кейін маркетинг бойынша білім алып, қазір бейнеоператор болып жұмыс істеп жүрмін, – дейді Назгүл.

Өскемен қаласында мектептер мен балабақшалар жеткілікті. Қазақ тілінде білім беретін оқу орындарының саны жыл сайын артып келеді. Жоғары оқу орындары мен колледждер жас мамандарды даярлауға бағытталған. Денсаулық сақтау саласы да жақсы дамыған: көпсалалы ауруханалар, емханалар мен жекеменшік медициналық орталықтар тұрғындарға сапалы қызмет көрсетеді. Бұл отбасымен көшіп келген азаматтар үшін аса маңызды фактор.
Жас маман Әмина Аханқызы да Өскеменді болашағымен байланыстырғандардың бірі. Ол биыл Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін тамамдаған. Жетісу облысы Текелі қаласына қарасты Сырымбет ауылында туып-өскен.

– Тамыз айында отбасымызбен Өскеменге көшіп келдік. Жұбайым «Қазцинк» ЖШС-да жұмыс істейді, өзім – мұғаліммін. Мемлекет тарапынан тиісті қолдауларды көріп жатырмыз. Әзірге үй алып үлгермедік, бірақ барлық құжатты жинап, баспана іздеу үстіндеміз. Біз Жетісудан төрт қыз бірге оқығанбыз, қазір біреуі осында қалды. Бізден кейінгі 10-ға жуық студент те осы өңірде еңбек етуді жоспарлап отыр, – дейді Әмина. Ертіс пен Үлбі тоғысқан Өскеменде өркендеп өсем деп келген Әминаға біз де тілекші болдық.

Шығыс Қазақстан облысы – тек жұмыс пен табыс көзі ғана емес, өмір сүруге қолайлы өңір. Алтайдың етегінде орналасқан өлкенің табиғаты көркем, экологиялық ахуалы көптеген өндірісті аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда қолайлы. Мәдениет ошақтары, спорт кешендері мен демалыс орындары тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Экономикалық әлеуеті жоғары, әлеуметтік инфрақұрылымы дамыған Шығыс Қазақстан облысы ерікті қоныс аударушылар үшін шын мәнінде таптырмас мүмкіндік мекені. Мұнда білікті маманға сұраныс бар, мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсетіледі. Ең бастысы – жаңа өмір бастауға қолайлы орта қалыптасқан. Шығысқа қоныс аудару – бұл жай ғана мекен ауыстыру емес, болашаққа жасалған сенімді әрі нық қадам.

Сапар барысында кездескен кейіпкерлерімізден ерікті көші-қон бағдарламасы жөнінде сұрастыратын жерлестеріміз көп екен. Соларға нақты әрі дұрыс ақпарат жеткізуге көмектесу мақсатында байланыс нөмірімді қалдырып отырдым. Демек, осы тұрғыда сұрақтарыңыз болса бізбен хабарласыңыз.

«Оңтүстіктен – солтүстік пен шығысқа» атты журналистік зерттеу аясында біз көптеген өңірді аралап, талай тағдырмен жүздестік, көп жайтты көзбен көріп, көкейге түйдік. Осы сапар барысында жинақтаған тәжірибе мен мәлімет кез келген сауалға нақты жауап беруге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Журналистік зерттеу осы тұста мәресіне жеткенімен, жерлестерімізді жаңа қонысқа көшіру ісі енді ғана басталғандай. Алда атқарылар жұмыс көп, айтылар әңгіме әлі де аз емес.

Қажет АНДАС
Шығыс Қазақстан облысы

Қатысты жаңалықтар

Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026
Тіл тазалығы – ортақ мәселе

Тіл тазалығы – ортақ мәселе

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.