Талдықорған: +7°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Еркін елдің ертеңі

17.06.2018
КҮЛТӨБЕ
Еркін елдің ертеңі
WhatsAppTelegramFacebook

Салтанатты кешті көруге келген халықтың қарасы мол. Қолына құшақ-құшақ гүл ұстаған ата-аналар мен ағайын-туыстың арасында аттап өтер жол жоқ. Бірінің көңілі қызғалдақтай құлпырып тұрса, бірінде қобалжу басым. Сөйтетіндей де жөні бар. Кеше ғана партада отырған балапан бүгін қырандай қияға қанат қақпақ. Мектеп табалдырығынан тарыдай  болып аттаған бүлдіршіннің көзді ашып-жұмғанша таудай азамат болып шыққанын ешкім де аңдамаса керек. Міне, бүгін, дәл осы сәттен бастап түлектер мына асау өмірдің тағы бір бекетін артқа тастамақ.

Біздің көзімізге қарақұрым халықтың ортасын қақ жарып, алдыңғы қатарға отыруға ыңғайланған ақжаулықты әжей түсті. Толқу үстінде екені түрінен-ақ көрініп тұр. Жаулығымен қуаныштың жасын бүркеп бағуда. Қайтсін, бауырынан түлеген құлынның өмір бәйгесіне түсер шағының жеткеніне сене алар емес. Біз сол сәттегі әжейдің әлгі қылығына сырттай сүйсіндік. Мектеп бітірер кездегі анамыздың айпара жүзінен төгілген іңкәрлік келді көз алдымызға. Өткен күндерге деген сағыныш жанды билеп барады. Аздан соң орайлы сәтті тауып, әжемізді әңгімеге тарттық. 
Айтқандай-ақ алыстан ат терлетіп келген екен. Алыс болғанда шырайлы Шымкент шаһарынан. Бізді таңғалдырғаны осы болды. Бар себеп, жер жаннаты Жетісуды көзбен көріп, немересінің маңдайынан иіскеп кету. Осы бір мезетті ғұмырының ең тәтті күндеріне балайды өзі. Жанарында ойнаған шаттықтың сәулесі маңайына нұр болып төгіліп тұрғандай. 
– Ұлымның қуанышын көруге күннің қайнаған ыстығы кедергі бола алмады. Жасым жетпістен асқанына қарамай, пойызға отырдым да Талдықорғанға тарттым. Немерем «Алтын белгіні» күнде алып жатқан жоқ. Бұл біздің әулет үшін үлкен той. Балаң қымбат, немерең ыстық деген осы екен – дейді Гүлзада Темірбаева апамыз. 
Иә, шыны керек, жасыл желекке оранған «Жастар» саябағы бүгін ерекше құлпырып тұр. Түлектерге төселген қызыл кілем құдды әйгілі әртістерге «Оскар» жүлдесін табыстайтын кешті  елестетеді. Алаңның оң  және сол қанатындағы қондырғылар әртүрлі түске боялып, көпшіліктің назарын өзіне аудартуда. Қонақтарға тігілген ақ шаңқан шатырлар алыстан менмұндалап тұрғандай.
Күннің ұясына кіруіне санаулы уақыт қалғанда облыстың мектеп пен колледждердің білім, ғылым, өнер, спорт саласындағы үздік түлектерді марапаттау кеші басталды да кетті. Шаттық шымылдығы түрілген шараның бастауында кеш иелері қызыл кілемнің үстімен жүріп, белгіленген орындарға жайғасты.
Алдымен беташар сөз облыс әкімінің орынбасары     Жақсылық Омарға ұсынылды.
– Сіздер әлемге Тәуелсіз Қазақстан деп танылған мемлекетте туып-өсу, ел дамуымен бірге білім алу бақыты бұйырған ұрпақсыздар. Бұл сіздерге мақтанышпен қатар зор міндеттер жүктейді. Бүгінгі күні өскелең ұрпақтың терең білім мен тәлімді тәрбие алуына бүкіл елдегідей өңірімізде қолайлы жағдай жасалып отыр. Соған сәйкес ардақты ұстаздардан алған сапалы білім мен саналы тәрбие арқасында, ел сенімін ақтап, қасиетті Отанымыздың нағыз патриоттары болатындарыңызға сенемін. Адамзат баласы өмір бойы білім алады. Өйткені, білім – таусылмас қазына, баға жетпес байлық. Сіздерден жаңалыққа жаны құмар, әлем өркениетіне жақын, озық ойлы жастар ретінде үлкен үміт күтеміз. Сапарларыңыз сәтті болсын! – дей келе, ол түлектерді марапаттау рәсіміне көшті. 
Жақсылық Мұқашұлы мектеп пен колледждердің білім, ғылым, өнер, спорт саласындағы үздік 15 мекемеге, сондай-ақ, үздіктердің кеудесіне «Алтын белгі» тағып, бағалы сыйлықтарды тарту етті.
Одан кейін сахна төріне еркін күрестен ел мерейін асқақтатып жүрген балуан Мәулен Мамыров шығып, соңынан ерген жас спортшыларды марапаттады. Ал облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов болса, жас өнер иелеріне арнайы Алғыс хат табыстады. 
Шара барысында «Worldskills Kazakhstan» ұлттық чемпионаты одағының эксперті Серікхан Әділханов пен «Ажар» тігін фабрикасының директоры Баян Ержанова және ел мақтанышы Нұрбақыт Теңізбаев колледждердің білім, ғылым, спорт саласындағы үздік түлектеріне арнайы сыйлықтарын ұсынды.
Салтанатты шарада облыстың үздік оқушыларының атынан қаламыздағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №20 мектеп лицейінің түлегі Әли Байтас сөз  сөйледі. Ол көрсетілген қолдауларға алғыс айта отырып, өздеріне артылып отырған  сенімнің үдесінен шығатынына, елдің игілігі үшін білім алып, қызмет жасайтынына сөз берді.
Осы орайда айта кеткеніміз жөн шығар. Жалпы өңіріміз бойынша 17069 түлек мектеп бітіріп, соның 800-і «Алтын белгі» төсбелгісіне, тағы да 600-і үздік аттестатқа ие болды. Бұл біз үшін үлкен нәтиже. Оған қоса облыс әкімі Амандық Баталов түлектерге берілетін  гранттың санын екі есеге арттырмақ. 
Кеш соңында бітірушілер үшін эстрада әншілері өнер көрсетіп, «Білім шарлары» ұшырылды. Әдемі кеш концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.