Талдықорған: +28°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕРЛІКТІ ҚҰРМЕТТЕУ — ЕЛДІК ПАРЫЗ

18.11.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Жақында Алматы қаласындағы «Атамұра» корпорациясының Полиграфкомбинаты баспаханасынан «Балқаштың бас батыры» атты естеліктер жинағы басылып шығып, оқырман қауымға жол тартты. 


Онда Екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыстың алғашқы күндерінде отқа оранған ұшағын жаудың  танк колоннасына бағыттап, жасын болып түскен қазақстандық ұшқыш-жауынгердің өшпес ерлігі баяндалады. Осы ерлігі үшін  Ресей батыры, Қазақстанның  «Халық қаһарманы» жоғары дәрежелі атақтарын иеленген,  Балқаш өңірі топырағының, оның ішінде  жері киелі Жиделі ауылының төл тумасы Бақтыораз Шәмпекұлы Бейсекбаевтың туғанына жүз жыл толуына орай ұшқыш батырдың көпшілікке жете мәлім емес болып келген өмірдеректері мен  ерен ерлігі жайлы материалдар топтастырылған. 

Жинақтың беташары ретінде берілген  Балқаш ауданының әкімі Ғалым Тоқпейісовтің «Ерлікті  құрметтеу –  елдік парыз» атты мақаласында алаштың ержүрек перзентінің ерлігі тұтас қазақ жұртының тұғырлы тарихындағы өзгеше оқиға екендігі атап өтіледі. Белгілі журналист Мейрамбек Төлепбергеннің «Отқа оранған өмір» атты деректі  хикаяты мен  Жолболды Ысқақтың мақалаларында қаһарман  батыр Бақтыораздың жастық шағы, өскен ортасы, әскер қатарына шақырылған мезгілі, оны білетін туған-туыстары жайында зерттеу ізденістерінің нәтижелері  жан-жақты  баяндалады. 

Бақтыораздың есімі тарихқа алтын әріппен алғаш жазылған шақтарда мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған Әмір Күлмахановтың, Омар Әпековтың, Нүсіпбай Әбдірахымның мақалаларында қаһарман ұланның өшпес ерлігі ұрпақтан ұрпаққа үлгі болатындығы тілге тиек етіледі. Сонымен бірге осы жолдардың авторының «Қаһарман ұл –  Бақтыораз» атты дастаны  мен ерлікті өлеңге арқау еткен ақындардың жырлары  оқырманға ұсынылған. 

Мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед «Истина восторжествовала» атты мақаласында жарты ғасыр жасырылған қаһармандық ерліктің  иесі Бақтыораз Бейсекбаевтың деректерін іздестіру нәтижесінде шынайы шындықтың   үстемдікке ие болғаны жайлы ой түйінделеді.  

Ұлы Жеңістің  75 жылдығына және Бақтыораз Бейсекбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған хикаяттар  мен мақалалар жинағын  құрастырып, баспаға әзірлеген едім. Ал  жинақтың баспадан басылып шығуына қаржылай демеушілік жасаған  атымтай жомарт Бейсебеков Мұратбек Алтынбайұлына Ресей батыры, «Халық қаһарманы» Бақтыораз Шәмпекұлының  рухы қолдап, берекелі ісін  оңдап, ел азаматы ретіндегі беделін биіктетіп, абыройын асқақтата беруіне ізгі ниет білдіріліп, шынайы алғыс  айтылады. 

Жалпы көлемі 288 беттен тұратын жинақ архивтерден алынған деректі құжаттардың көшірмелерімен толықтырылып,   отбасылық альбомдардан алынған суреттермен безендірілген.  

Әли ЫСҚАБАЙ,
жинақты  құрастырушы әрі редакторы

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық дәуірдің құқықтық негізі

Цифрлық дәуірдің құқықтық негізі

18.07.2026
Қабанбай – Лепсі жолы жөнделуде

Қабанбай – Лепсі жолы жөнделуде

18.07.2026
Аңшылық маусым басталды

Аңшылық маусым басталды

18.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Өркениетті қоғамның бастауы

18.07.2026
Көмір жеткілікті

Көмір жеткілікті

18.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.