«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деп Абай атамыз айтып өткендей, ұстаз әрқашан ізденіс өз білімінің жоғарғы деңгейде болуына үнемі назар аударып отыруы керек. Қазіргі жиырма бірінші ғасыр елбасымыз атап айтқандай білім заманы. Басқа елмен тереземіз тең біліміміз теңесу үшін, білім жолына өте көп назар аударылып жатыр. Болашақта өсіп келе жатқан ұрпағымызды көшбасшылыққа өз ойын ашық түрде айта білуге, еліміздің туын көкке желбіретіп, оның өсіп өнуіне өз ықпалын тигізетін ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаз.
Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі.Ал талапқа сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады. Ал математиканың дамуына адамзат тіршілігінің дамуының басқа да түрлерін; тарихтың дамуын,өндірістік қатынастар мен өндірістік күштердің дамуы,мәдени тарихпен, техника, физика, астрономия, механика, философия тарихымен де тығыз байланысты. Демек, математиканың дамуына жетілдіріп,толықтырып, математика мен математикалық теориялардың, идеялардың дамуы емес – сол кездегі халықтың тұрмыс тіршілігінің деңгейіне сәйкес, білімнің дамуы зор ықпал етеді.
Математиканы оқыту – күрделі және уақытты қажет ететін процесс. Ал оны жеңілдету әрі қабылдауды ыңғайлы ету үшін пәнді басқа ғылымдармен, тың әдістермен байланыстыру таптырмайтын қадамға айналды. Әсіресе, белгілі бір шеңбер қалыптастырып, дағдыларды түзу арқылы нәтижеге жету оңай. Оқушыға толыққанды ақпарат беру үшін ұстаз тілдік, әдіснамалық, ғылыми, педагогикалық, психологиялық дағдыларды жетілдіргені абзал.
Бүгінде матеиатиканы оқытуда әдіс-тәсіл көп. Ең тиімдісі – баланы дербес және топтық зерттеу жұмысына тарту, логикалық ойлауын қалыптастыру, проблемаларды шешу және шығармашылық қабілетін дамыту. Математиканы оқытудың заманауи әдісі саналатын бұл жол пәнге қызықтырудың мүмкіндігі саналады. Мүмкіндіктердің бірі ғылыми негіздер садасында ғылыми негіздің негізі ғылым мен ғылыми зерттеу әдістері қамтылады. Мақалада математиканы оқытудың әртүрлі сегменттеріндегі ғылым сипатталған, математиканың табиғатынан бастап гматематикалық есептерге дейін маңызды негізгі математикалық білім, білік және дағды жүйесін қалыптастыру әдісі оқушыларға кеңінен қарастырылады. Соңында математиканы оқытудағы кейбір кемшіліктер туралы айтылады. Олар оқу процесінде ғылымға деген дұрыс емес көзқарастан туындайды.
Жалпы оқытушылық тәжірибеге назар салайықшы. Сабақ барысында математика пәнінің мұғалімі оқуышылардың қабылдауы күрделі сөзді жиі қолданады. Мысалы,«талдау көрсетеді», «кейбір нақты мысалдарды қарастырайық», «ұқсас дәлелденді», «бұл фактілер жиынтығы қорытынды жасайды», «бұл бақылаулардың нәтижесінжалпылау», «мамандандыру арқылы біз формула аламыз», «математикалық ұғымдар дерексіз» деген секілді сөздер жиі айталады. Білім алушылар бұл сөздерді түсінеді ме ? Олардың түсінігін қалай тексеруге болады? Міне, математиканы үйретудің жаңа тәсілі осы бағытта өрбуі шарт деп санаймын.
Алдымен оқушыларды есепті талдауға, синтездеуге, бағыттауға, шығаруға, қорытындылауға, үйрету керек. Кейін есептің шешім жолын байқауға баулыған жөн. Мұндай әдіс баланың математикалық ойлауын қалыптастырады. Ал математикалық ойлау тәсілі – көптеген мамандыққа қажетті ортақ дағды.
Әділқазы Серғазы,
М.Маметова мектебінің математика пәнінің мұғалімі





