Тамыздың 12 күні, сағат 12.36-да Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне төпелеп жауған жаңбырдың салдарынан Ескелді ауданының тау етегіндегі елді мекендерін су басқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына облыстық ТЖД-ның 22 адамнан құралған құтқарушылар тобы жеделдете аттандырылды. Мамандар арнайы техникамен және құрылғылармен, оның ішінде суда жүзуге арналған құрылғылармен жабдықталған. Сондай-ақ, оқиға орнына басқа да жауапты қызметтер шақырылды. Тап қазір оқиға орнында инженерлік жұмыстар жүргізіліп, жекелеген адамдарды көшіру және суды шығару шаралары атқарылып жатыр.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 12 тамыз күндіз, нөсер жаңбыр жауатынын айтқан хабарламаны 11 тамыз күні таратқан болатын.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі





