Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ескелді ауданының туристік әлеуетін арттыру жолында

2 қараша 2023
КҮЛТӨБЕ
Ескелді ауданының туристік әлеуетін арттыру жолында
WhatsAppTelegramFacebook

Ескелді ауданында ең көнесі б.з.д. 2 мыңжылдықтың ескерткішіне жатқызылатын, жартастарға салынған суреттердің қола дәуірлік ескерткіші —  Ешкіөлмес петроглифтеріне туристер тарту мақсатында арнайы музей үлгісінде визит-орталығы салынуы мүмкін. Бүгін Ескелді аудандық мәдениет үйінде өткен тұрғындарымен кездесуі кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев тиісті облыстық басқармаларға осыған қатысты тапсырмалар берді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Туристерді тарту мақсатында арнайы музей үлгісінде визит-орталығын салу үшін экономика және бюджеттік жоспарлау, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларына бірінші кезекте, тарихи-мәдени ескерткіштің аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, музейлендіру шарасына қаражат қарастыруды тапсырамын. Екіншіден, аудан басшылығы демалушыларға тиісті инфрақұрылым, жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде жайлы демалыс үшін барлық жағдайды жасауы қажет, — деді Б.Исабаев.  

Сонымен қатар облыс басшысының айтуынша, ауданның басты көрікті жерлерінің бірі – Бұрқан Бұлақ сарқырамасы орналасқан Қора шатқалына апаратын жолды қайта жаңарту үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Оған жергілікті бюджеттен 85,3 млн.теңге бөлінген. Мердігер – «Алматы жоба» ЖШС, аяқтау мерзімі –   2024 жылдың 1-тоқсаны.

Жалпы Ескелді ауданында туризм саласында жыл басынан бері 12 млн. теңгенің қызметі көрсетілген.

— Мынадай тамаша табиғаты бар аудан үшін бұл өте аз көрсеткіш. Сондықтан туристік әлеуетін аудан дұрыс пайдаланып, істі тиімді ұйымдастыра білуі керек. Ескелді ауданының Талдықорғанға жақын орналасқаны туризммен қатар шағын және орта бизнесті де қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Мәселен, өткен 9 айдың қорытындысы бойынша аудандағы бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке 1 млрд. теңгенің салығы жиналып, былтырғы жылдан 1,5 есеге артқан. Шағын бизнесті дамытуға «Ауыл аманаты» жобасының үлесі зор. Сондықтан аудан әкіміне осы бағдарлама шеңберінде барлық салаларды, соның ішінде шаштараз, наубайхана, әр саладағы дүкендер, тамақтану орталықтары, басқа да күнделікті тіршілікке қажетті кәсіптерді дамытуды қолға алып, халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды және барлық бағыттар бойынша қатысу деңгейін көтеруді тапсырамын, — деді Бейбіт Исабаев.

Атап өтсек, жыл басынан Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Ескелді ауданында жалпы сомасы 555,6 млн. теңгеге 18 жоба қаржыландырылған. Бұл ретте қоғамдық тамақтандыру қызметін ұйымдастыру, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы, мал азығын дайындаудағы қызметті кеңейту бағыттарына басымдық берілген.

Ал, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында  бірінші транш бойынша мал шаруашылығын дамытуға 78,7 млн. теңгеге 16 өтінім түсіп, оның ішінен 67,8 млн. теңгеге 13-і қаржыландырылды. Екінші транш бойынша 127,1 млн. теңгеге 33 өтінім түсіп, оның ішінде 19-ы мақұлданды, 14 өтінім қарастырылуда. 

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттер авторы: Жеңіс Ысқабай.

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

28 қараша 2026
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

28 қараша 2026
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

28 қараша 2026
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

28 қараша 2026
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

28 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.