Талдықорған: +4°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА АТАУЫ ЖОҚ АУЫЛ БАР

22.02.2018
КҮЛТӨБЕ
ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА АТАУЫ ЖОҚ АУЫЛ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан үш апта бұрын «Жетісу» газетінің редакциясына Ұйғыр ауданынан «Атауы жоқ ауыл» деген атпен бір қауым елдің мұңын арқалаған хат келіп түскен еді. Шалғайдағы 38 түтіннің талап-тілегін журналист Жұман Матай жеткізіпті. Хат авторының сөзіне сүйенсек, көпшілікке Канал учаскесі деген атпен белгілі бір кездегі елді мекен қазір қараусыз қалғандай. Біз бұл хатты Ұйғыр ауданының әкімдігіне жолдап, түсініктеме беруін сұраған едік. Осыған орай Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Дәулетжан ДЕМЕНБАЕВТАН төмендегідей жауап келді.
«Облыстық «Жетісу» газетіне «Атауы жоқ ауыл» атты жолданған мақалаға байланысты аудандык ішкі саясат бөлімі, Үлкен Ақсу ауылдық округ әкімі П. Мурдинов, әкім орынбасары С. Адаутов Үлкен Ақсу ауылдық округіне қарасты Канал учаскесіндегі қоғамдық-саяси ахуалдың жағдайын анықтауға, тұрғындармен түсінік жұмыстарын жүргізу үшін 2018 жылдың 3 ақпанында аталған жерге барып кездесу өткізді. Кездесуге Канал учаскесіндегі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тұрғанжан Аулилиев, жігіт басы Тұғлық Геняков және тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында ақсақалдар төрағасы Т. Аулилиев жалпы тұрғындар атынан пікірлерін, өтініштерін айтты. Өз сөзінде Канал учаскесі өмір сүруге өте қолайлы, табыс көзі мол жер екендігін жеткізді.
Жігіт басы Т. Геняков осы жердегі шешімін таппаған мәселелер Каналға ауыл мәртебесін беруге байланысты болып тұрғанын барша тұрғындар білетінін, бірақ ешкімнің жоғары жаққа арызданып, наразылык айтуға ниеті жоқтығын, тек жергілікті билік осы жағдайды оңтайлы жүзеге асырып берсе деген тұрғындар тілегін айтты.
Бүгінгі күнде Канал учаскесінде қордаланып тұрған мәселелер: сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, балаларды оқытуға шағын мектеп салу, жер телімдерін рәсімдеуге ауыл мәртебесі берілмегені үшін туындап тұрған қиындықтар.
Қазіргі кезде Канал учаскесінде 38 тұрғын үй бар, кұжаттары рәсімделген. Тұрғын үй салуға жер телімін алуға өтініш берген тұрғындар да бар, олар жалпы округ бойынша тізімге қойылған. Жалпы Каналдағы тұрғындар саны 186 адам, олардың ішінде 0-7 жас аралығындағы 31 бала бар. Бұл жерде бүгінгі күнге 4 «Алтын алқа», 5 «Күміс алқа» иегерлері бар. Яғни демографиялық өсу деңгейі байқалады.
Мектепте оқитын балалар саны 58 адам, оның ішінде, 8 бала шағын орталыққа барады. Оқушыларды Шырын мектебіне Бахар ауылдық округі тасымалдайды.
Кездесу барысында тұрғындарға ҚР Әкімшілік аумақтық бірліктер туралы Заңына сәйкес, ауыл мәртебесін беру туралы 3-бабының 5, 6 тармақтары түсіндірілді. Үлкен Ақсу ауылдық округіне дейінгі ара қашықтығы 55 шақырым, ал Бахар ауылдық округі 15-16 шақырым жерде орналасқанын алға қойып, Бахар ауылдық округіне қосу мәселесі туралы ұсыныс айтылды.
Кездесуге қатысқан ақсақалдар бұл жөнінде бұрында мәселе көтерілгенін айта келе, өз тарапынан ойланып, барлық тұрғындардың пікірін тыңдап, ақылдаса отырып шешуді ұйғарды. Қорыта айтқанда, Канал учаскесіндегі коғамдық-саяси ахуал қалыпты, тұрғындар тарапынан наразылық көңіл-күй жоқ.
Үлкен Ақсу ауылдык округ әкімдігі заң талаптарына сәйкес, Канал учаскесіне елді мекен мәртебесін беруге тиісті құжаттарды әзірлеуге жұмыс атқаруда. Бұл мәселе аудан әкімдігінің басты назарында болады».

Қатысты жаңалықтар

Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленеді

Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленеді

05.03.2026
Алтын қор

Алтын қор

05.03.2026
Көпқабатты үйдің бір кіреберісінен төрт адамның денесі табылды

Көпқабатты үйдің бір кіреберісінен төрт адамның денесі табылды

05.03.2026
Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленеді

Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленеді

05.03.2026
Жақсы дәрігер жанға дауа

Жақсы дәрігер жанға дауа

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.