Талдықорған: +26°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КИЕЛІ ӘЛЕМНІҢ КІЛТІ

13.04.2020
КҮЛТӨБЕ
КИЕЛІ ӘЛЕМНІҢ КІЛТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бабалар қалдырған қасиетті қолтаңбалардың құпиясына терең бойлап, «кітап» дейтін киелі дүниенің кілтін ұстау – кітапханашыға ғана бұйырған бақыт. Осындай өзіндік қыр-сыры мол мамандықты жанына 39 жыл серік еткен Күләтай Оспанованың Ақсу-Қапал өңіріне есімі жақсы таныс. Әсіресе, оның кәсібіне деген ынтасын ауылдастары мақтан етеді.


Сарқан ауданының Бақалы ауылында туған ол 1977 жылы Сарқан мәдени ағарту училищесінің кітапхана бөліміне түсіп, 1980 жылы бітіріп шығады. Жас қыздың еңбек жолы сол кездегі Қапал ауданының орталықтанған кітапханасынан басталады. Жұмысқа кіріскен кезінен-ақ ізденгіштігімен ерекшеленіп, көп ұзамай кәсіби жағынан шыңдала түсіп, қатардағы кітапханашыдан бөлім меңгерушісіне ауысады. Өкінішке қарай, 90-шы жылдардағы тоқырау кезінде Қапал ауданы жабылып, кітапхана Ақсу аудандық кітапханасының филиалы болып қалғанда да сүйікті мамандығынан алыстаған жоқ.

Бүгінгі таңда кітапхана ауылдық Мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан. Оқу залы, кітап қорын сақтау бөлімі бар. Кітап қоры 33000 дана, соның ішінде мемлекеттік тілде 9600 дана кітап бар. Кітапхананың 1400 тұрақты оқырманы бар. Ауылдық кітапхана қорының үздіксіз толығып, сақталуын басты назарда ұстаған білікті маман Күләтай Хасенқызы кітапхана жұмысын жаңа сапалық деңгейге көтерді десек, асыра айтқандық емес. Сол жетістігі үшін 2014 жылы С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапхана тарапынан «Модельді ауылдық кітапхана» сертификаты берілді. Дәстүрлі жұмыс түрімен қатар жасөспірімдердің танымдық қызығушылығына байланысты буккроссинг, библио глобустар, тағы басқа да жаңа жұмыс түрлері енгізілді. Кітапханалық атмосфераны ерекшелеп отыратын «Жас толқын» қызығушылық клубының жұмысы жанданды. Ауыл тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен өтетін көпшілік мәдени шаралар жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жарияланып, телеарна сюжеттерінде көрсетіліп тұрады. 

Күләтай Хасенқызы Қапал ауылының тыныс-тіршілігіне атсалысып, 2014-2017 жылдар аралығында Қапал ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы, 2017-2018 жылдары жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдық қорының орынбасары міндетін атқарды. Оның 40 жылға жуық атқарған өлшеусіз еңбегі назардан тыс қалған жоқ. Басшы ретінде көпшілікпен тіл табысып, жақсы ұйымдастырушы ретінде танылды. Өзіне де, өзгелерге де талап қоя білді. 

Еңбектің де өтеуі болады. Кейіпкеріміз ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесі мен кітап мәдениетін қалыптастырудағы ерен еңбегі үшін берілген Алғыс хатын алды. Сондай-ақ, Елордада өткен «Рухани қазына – 2018» республикалық фестивалінде «Үздік ауылдық кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісін иеленді. Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатын еншіледі. Ал 2009-2018 жылдар аралығында «Nur Otan» партиясының, ауыл әкімінің, облыстық басқармалардың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.

Өмірде өз жүрек қалауымен таңдаған мамандығы бойынша еңбек етіп, талай жасөспірімнің кітапқа деген қызығушылығын оятып, сүйіспеншілік сезімін тудырған Күләтай Оспанова жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың поэзияға деген қызығушылығын арттыруға, талғамын, таңдауын дамытуға көп ықпал етті. 39 жыл бойы мамандығына деген сенімінен жаңылмай, кітапхананы жүрегінің жартысына балаған Күләтай Хасенқызы бүгінде отбасының қамқор анасы, немере-жиендерінің сүйікті апасы, жан жары Тұрсынғали екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп, ауыл бойынша көпке үлгілі жандар болып отыр. Осындай ұлылық пен берекеден танбай, елге үлгі, жұртқа өнеге бола беріңіздер демекпіз.

А. ӘЛІМБАЕВА,
Ақын Сара мемориалды музейінің меңгерушісі
Ақсу ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Аптапта сая болған су мерекесі

Аптапта сая болған су мерекесі

17.07.2026
Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.