Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨҢІЛ КӨКТЕМІ

21.03.2018
КҮЛТӨБЕ
КӨҢІЛ КӨКТЕМІ
WhatsAppTelegramFacebook
     Топырақтың тоңы жібіп  келеді шөп төлежіп, көкжиек көзін ашса етеді көк төрелік. Күңгірт дүние нұрланып, тіршілік нәрленеді. Ағаштар үнсіз қалғып, күтеді әлденені. Бірі шешек атады, бірі бүршік жарады. Жасыл түске бояйды мынау сайын даланы. Табиғат ұйқыдан оянып еседі сыршыл самалы. Шымға қайта тиеді, шымшық құстың табаны. О, неткен суреткерлік. О, неткен көрегендік. Көгершін күлкісі күй болып естілетіндей. Күн сұлу қырды кезіп үйіне кеш келетіндей. Наурызға нарша мініп, көктемнің келгені ме? Қуанып тұрғаным-ай өзіңді көргеніме.

 

     Жайдарман жаңа нұрдың түрілсін түңілігі, дәл бүгін жылдың басы – Ұлыстың ұлы күні. Бұл айналасына әйгілі, маңайына мәшһүр бабамның бағзы бір балалығынан, қазынасы мен базынасынан, еркелігі мен серкелігінен, өмірге құштарлығы мен құмарлығынан туған қасиетті мейрам. Қош келдің, қадірлі мейман! Төрлет бері! Сезімсіз бір күй басты өңірді сен кеткелі.  Қабағына қар жауған, қар жауғанда мол жауған жұмыр басты пенденің қарақазан өкпесі тарқайтын сәт. Алыстағы ағайын мен жақындағы көршіңе сәлемін жолдайтын сәт.  Асыл да лағыл Самарқанның көк тасы еритін сәт. Барша халықты бауырына балап, бақытқа бөлейтін сәт. Сағатсыз қоңырау, тағатсыз тіршілік достық деп ұрандайды келіп. Жас көңіл шалқымай, шалқу жырға айналмай тұра алмайды неғып?!
    Арманға жол ашады қадірлі Қызыр түні, қиялдың қайта түлеп балауса қызыл гүлі. Аспаннан ақ жауындай тілектер сілбірейді, сәбидің моп-момақан жанары мөлдірейді. Кеудеде сағыныштың қап қойса белгілері, жанына жақын жанды келеді көргілері. 
Қызыр бұл адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ырысын ырғын қылып, шаттандыратын ақсақал кейпінде көзге көрінетін ғажайып мифтік кейіпкер. Жақсылықтың жаршысы, парасаттың тамшысы, сый берсе көңілің қалады аршылып.  Әрбір жан жыл бойы ерекше күтетін үмітпен, күтетін қыздар да күтетін жігіттер. Жаңа шыққан күн шұғыласының символы, әр ісі игілі. Қызыр ата құтты мекенді аралайды. Әрбір шаңырақ төрінде жағылған қос шырақты сағалайды. Бұл деген сенімнің Тәңірлік нышаны, содан ба әр үйдің маздайды ошағы. Отанасы бар ыдысқа ақ құяр  «татулық туыс болсын» деп кесесін дәнге толтырар,  «ынтымақ, ырыс толсын» деп. Бала біткен баянды баба жолын жалғастырады. Көпті көргендер малдас құрады. Қария қолында бәйшешегі бар балаларына сұрау қойған. Аумайтын ақ дидары нәп-нәзік құралайдан. «Самалық, самалық, Көк құс көзін ашты ма? Аяғын жерге басты ма? Самалық, самалық, Самарқанның көк тасы, жібіді ме, көрдің бе? Самалық, самалық, Қап тауының көк құсы жүгірді ме, көрдің бе?» – дейді бәрі, домбыра үнінен төгіліп күй мұралы. Қысында жаураған жұртымның дауасындай, кімде бар айтшы, кәне, мереке дәл осындай?!
    Сол күні аспанда қоңыр үн жамырайды, өріске шыққан қой топталып маңырайды. Еш ұмыт қалмайды халықтың айтқаны, аңызға бергісіз ғажайып жайттары. Біреулер Сүлейменнің жүзігі табылған сәт деп санайды екен. Біреулер адамзат шыраққа шомылған отқа балайды екен. Аңыз ғой, мұны да алып қой жақшаға, тағы да тап-таза ғибратты әпсана. Әйтеуір мереке болса екен кәделі, ертеңі шуақты ертегі әлемі. Наурыз думаны басқадан биік бұл, көженің ауада иісі шығып тұр. Желектің жұпары мұрынды жарады, сөнбеші ешқашан мереке алауы.
    Уа, жер ғаламшары құтты болсын жаңа жасыңыз, қашанда биікке домаласын тасымыз. Дәстүрім жаңғырды бабалар көшімен, салтым бұл ешқашан шықпайтын есімнен. Наурыз мейрамы қобыздың сарыны, қасиет әуені, көңілдің күмбірі, бәйтерек мәуелі. Наурыз мейрамы салтанат сарайы, сағыныш жемісі, сәруар самалы, керуен келелі. Көңілім шаттанып көшеге шығайын, бәрінен-бәрінен сүйінші сұрайын!

Мұхтар КҮМІСБЕК.

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.