Талдықорған: 0°C
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды

21.02.2026
КҮЛТӨБЕ
Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды
WhatsAppTelegramFacebook

Республикалық референдум – елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың шешуші кезеңі. Бәріміздің ортақ болашағымызға қатысты шешім қабылданатын сын сағатта дауыс беруден шет қалмау – әрбір қазақстандық үшін маңызды борыш. Осы орайда, қоғам өміріндегі айтулы өзгерістерге қатысты түрлі саланың өкілдері өз пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың ішінде өнер майталмандары мен спортшылар, шығармашылық иелері де бар.

Белгілі эстрада жұлдызы Ұлықпан Жолдасов әлеуметтік желіде Конституциялық реформа туралы ойын білдіре келе, бұның еліміздің дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, мәдениет пен өнер саласының еркін өркендеуіне де мүмкіндік ашатынын жазды. 

«Мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Сондықтан ұлттық құндылықтарды сақтап, заманауи шығармашылықпен ұштастыру – ортақ міндетіміз», – деді әнші.

Танымал актер Ерболат Төлеген әлеуметтік желіге бөліскен бейнежазбасында 15 наурызда өтетін республикалық референдум Қазақ елі, өскелең ұрпақ үшін маңызы ерекше, атаулы күн екенін айтты.

«Қадірлі достар, заман өзгеріп жатыр, соған байланысты біздің Конституциямыз да жаңарып жатыр. Осы тұста референдумға қатысу – әрбір Қазақстан азаматының борышы екенін еске салғым келеді, осы күннен қалыс қалмаңыздар», – деп мәлімдеді ол.

Театр және кино актері Еркебұлан Дайыров еліміз үшін
маңызды шешім қабылданатын референдум күні жаңа Конституция жобасына дауыс беру – әр азаматтың жауапкершілігі екенін жеткізді. «Мен өз таңдауымды жасаймын. Мен барамын!» –  деп жазды ол.

Жазушы Бейбіт Сарыбайдың айтуынша, референдум – тек дауыс беру күні ғана емес, елдің келешегін айқындайтын маңызды саяси акт, әрбір азаматтың Отан алдындағы парызы.

«Біз үшін ең қымбат нәрсе – еліміздің болашағы, тыныштығы мен дамуы. 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өтеді. Бұл біздің әрқайсымыз үшін үлкен жауапкершілік пен азаматтық міндет. Біздің таңдауымыз – елдің құқықтық негізіне, азаматтық қоғам мен демократия негіздеріне сеніміміз бен болашағымызға жасалған үлес. 15 наурызда келіп, өзіңнің азаматтық ұстанымыңа сай шешім шығар! Бірге келешегімізді қалыптастырайық», – деп жазды ол.

Сонымен қатар Бейбіт Сарыбай бүгінде әлем қарқынды өзгеріп жатқан уақытта, елдің келешегі үшін өз таңдауыңды жасау – өзіңнің идеяң мен көзқарасыңды білдірудің нақты жолы екенін, референдумда әр дауыс маңызды, әр пікір құнды болатынын еске салды.

Еліміздің спорт саңлақтары да Конституциялық реформаларды талқылаудан шет қалмады. Олимпиаданың қола жүлдегері, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев спортта да, өмірде де жетістікке жетудің кілті – жауапкершілік пен тәртіп екенін тілге тиек етті.

«Әрбір спортшы үшін көк туды желбірету – Отан алдындағы жоғарғы марапат. Олимпиада татамиінде бүкіл халықтың демін сезінесің. Бұл сені табанды болуға, ережені сақтай отырып күресуге және жеңіс үшін бар күш-жігеріңді салуға міндеттейді. Шынайы жеңіске темірдей тәртіп пен спорт ережелеріне құрметпен қарамай жете алмайсың. Әділ бәсеке мен жүйелі тәртіп қана әлемдік деңгейде мойындалуға жол ашады. Әрбір белдесу команданың нәтижесі, әр спортшының жігері мен үлесіне байланысты екенін ұғындырады. Ел ішіндегі басты жетістіктер де ортақ тәртіптен басталады. Алдағы референдум – бүкіл Қазақстан үшін әділ қағидаларды бекіту мүмкіндігі. Біздің болашағымыз – өз қолымызда!» – деп жазды белгілі спортшы.

Әлемдік додада Қазақ елінің қоржынына жүлде салып жүрген тағы бір танымал дзюдошымыз Әбиба Әбужақынова да алда келе жатқан референдумның маңызы жайында ойымен бөлісті. Ол өз сөзін өмірдегі күрес татамидегі белдесуге ұқсайтынынан бастады.

«Дзюдодағы жеңіс татамидегі әдіс жасаудан емес, ережені жақсы білуден басталады. Әлемдік рейтингке бастар жолда кездейсоқтық болмайды. Әрбір әдіс, әрбір қимыл сансыз жаттығудың және шешуші сәтте толық жауапкершілікті өз мойныңа ала білудің нәтижесі. Татамиге шыққанда артыңда миллиондаған үміт тұрғанын сезесің. Ол саған соңына дейін күресуге күш береді. Үлкен спортта табыс өзіңе адал болып, таңдаған жолыңа берік болудан басталады», – деген спортшы былайғы өмір де дәл сондай жауапкершілікті талап ететінін айтты.

«Сондықтан алдағы жаңа Конституция бойынша референдум – баршамыз үшін маңызды таңдау сәті. Негізгі заңға енгізілген өзгерістер әр азаматқа әділ мүмкіндік беріп, жастардың құқығын қорғауға бағытталған. 15 наурызда мен еліміздің болашағын қорғап, осы реформаларды қолдап, референдумға қатысамын», – деді Ә.Әбужақынова.

Қазақтың маңдайына біткен шахматшы қызы Бибісара Асаубаева да референдумнан тыс қалмайтынын аңғартып: «Мен Қазақстан атынан өнер көрсететін спортшы ретінде ілгері дамитынымызға сенемін, сондай-ақ еліміздің тұрақтылығы мен келешегіне бағытталған реформаларды қолдаймын», – деп жазды.

Қатысты жаңалықтар

Жәнібек чемпиондықтан айырыла ма?

Жәнібек чемпиондықтан айырыла ма?

22.02.2026
20 жылым 20 күндей өте шықты

20 жылым 20 күндей өте шықты

21.02.2026
Сүттен құт өндірген

Сүттен құт өндірген

21.02.2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

21.02.2026
Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды

Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды

21.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.