Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Көтеріңкі көңіл-күй жанға қуат береді

15.01.2026
КҮЛТӨБЕ
Көтеріңкі көңіл-күй жанға қуат береді
WhatsAppTelegramFacebook

Қадірлі оқырман, облыс медицинасында халыққа тыңғылықты қызмет көрсетіп, сырқаттың жан қиналысы мен тән ауруын емдеуге барын салып жүрген еңбек адамдары, яғни денсаулық сақтау саласының майталмандарымен жүргізетін сұхбатымызды биыл да жалғастырамыз. «Диагноз» бетінде кең таралып бара жатқан сырқаттарға шалдықпау жолдары, алдын алу шаралары, алғашқы көмек, емдеу жолдары жайлы жан-жақты айтып, ең әуелі ауырмаудың жолын бірге іздесеміз.

Адам сырқаттанғанда алдымен терапевт дәрігерге барады. Науқастың шағымын мұқият тыңдап, қан қысымы, сатурациясы, жүрек қағысын бақылай отырып, қай маманға бару керектігін айтады. Кей жағдайда емді өзі де тағайындайды. Сондықтан айдарымыздың алғашқы санын Талдықорғандағы «НҰР» ортохирургия жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің терапевт дәрігері Әсел ДҮЙСЕКОВАМЕН сұхбат жүргізуден бастауды жөн көрдік.

– Әсел Тоқтарбекқызы, қазіргі уақытта тұрғындар көбінесе қандай шағыммен терапевтке жиі жүгінетіні жайлы айтсаңыз?

– Дәрігерлердің қабылдауына келушінің көбі өздерін шаршап жүргендей сезінетінін айтады. Үлкенде де, кішіде де осындай шағым. Ағзасы әлсіреп, қан қысымы төмендеп немесе жоғарылап мазасызданатынын жеткізеді. Жөтел тигендер қанша дәрі-дәрмек ішсе де ем қонбайтынына налып, көмек сұрайды. Ағзаның ас қорытуының төмендеуіне шағымданатындардың саны артуда. Буын сырқатына шалдығушылар көбеюде.

– Осындай кеселдердің алдын алу үшін адамдар күнделікті өмірде нені басты назарда ұстауы керек?

– Жылына бір рет профилактикалық тексеруден міндетті түрде өту керек. Флюорографияға түсу, іш-құрылысына ультрадыбыстық тексеру жүргізу, жүрек-қан тамырының жұмысын заманауи аппараттар арқылы бақылату, басты магнитті резонансты томографияға түсіру қажет. Жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққанда өз бетімен антибиотиктерді қабылдамаған жөн. Себебі, антибиотиктер тек бактериялық асқынуларға қарсы қолданылады.

– Жасөспірімдер мен ересектердің иммунитетін нығайтуда қандай тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерді ұсынасыз?

– Денені инфекция, вирус және басқа аурулардан қорғау үшін күшті иммундық жүйе қажет. Иммунитетті көтеруге қоректік заттарға бай тағамдар пайдаланған жөн. Олар: жеміс, көкөніс, дәнді дақыл, ақуыз және пайдалы майлар. Жеміс-жидек, жаңғақ, жасыл жапырақтар және цитрус жемістерінде жасушаларды зақымданудан қорғайтын антиоксидант көп. Йогурт, айран және ашытылған көкөністер сияқты тағамдар иммундық функцияның негізгі құрамдас бөлігі. Бұлар ішек жұмысын жақсартады. Суды жеткілікті мөлшерде ішу дене функцияларын сақтап, токсиндерді кетіруге және иммунитетті нығайтуға көмектеседі. Сондай-ақ, жаяу немесе велосипедпен жүру қан айналымын жақсартады. Иммундық жасушалар күш-қуатты арттырады. Дегенмен, шамадан тыс жаттығу иммундық жүйені әлсіретіп, инфекция қаупін тудырады. Жаттығуларды демалумен теңестіру иммундық жүйені сақтаудың «кілті». Уақытында тынығуға басымдық беру керек. Түнде 7-9 сағат ұйықтау иммунитетті күшейтіп, ағзаны қуаттандырады. Медитация, йога, терең тыныс алу жаттығулары және хобби сияқты стресті азайту әдістері кортизол деңгейін төмендетуге көмектеседі. Ол көбейіп кетсе ұйқы бұзылып, ашушаңдық күшейіп, салмақ қосылып, иммунитет әлсірейді. Кортизол гормоны – ағзаны сыртқы күйзелістен қорғайды. Темекі шегу мен алкогольді ішімдіктен алыс болған дұрыс. Қажет болса С, D дәрумені, мырыш немесе пробиотиктер сияқты қоспаларды дәрігердің кеңесімен қабылдаған жөн.

– Денсаулыққа адамның көңіл-күйі, мейірім мен айналасына деген қарым-қатынас қаншалықты әсер етеді?

– Адамның денсаулығы көңіл-күйге байланысты. Күйзілісте жүрген адам ауруға жиі шалдығады. Көп жағдайда бас ауруы, депрессия, қант диабеті, қан қысымының жоғарылауына әсер етеді. Көңіл-күй өнер-білімді меңгеруге көмегін тигізетін эмоционалдық жағдай. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді. Ал уайым-қайғы түрлі аурудың тууына әкеліп соғады. Сондықтан барынша сабырлы болуға әрі көңілді жүруге тырысу керек.

– Қант диабеті, асқазан-ішек аурулары, қан қысымының белгілерін қалай ерте байқауға болады?

– Қант дибетінің белгілері – шөлдеу және ауыздың құрғауы, күніне 3-5 литрге дейін сұйықтық ішу. Тәбет жақсы бола тұра салмақ төмендейді. Зәр шығару жиілейді. Ашушаңдық, үнемі шаршау, әлсіздік және ұйқышылдық осы кеселдің белгісі болуы мүмкін. Аяқ-қолдың ұюы, саусақтардың шаншуы, жүрек айну және құсу да ағзаға қатер тудырады. Жараның тез жазылмауы, терінің қышуы, көру қабілетінің нашарлауы да қант диабеті сырқатынан сыр береді. Асқазан-ішек жолдары ауруларының белгілеріне іштің әртүрлі ауыруы, кекіру, жүрек айну және құсу жатады. Диареямен бірге жүретін ас қорытудың бұзылуына іш кебу және метеоризм жатады. Қауіпті қан қысымының белгілеріне бастың жиі ауыруы, жүректің қатты соғуы мен демігу жатады. Анда-санда сол жақ иық пен кеуде ауырады. Мұндай жағдайлар мазаласа сырқаттанудың белгілері екенін біліп, дәрігерге дереу қаралу керек.

Ерте ем алу – жазылудың алғышарттары. Емнің нәтижелі болуы науқас пен дәрігердің қарым-қатынасына да байланысты. Науқас дәрігерге сеніп, берген емді толығымен жасаса сырқатты жеңіп шығады. Ол психологиялықлық тұрғыдан дәлелденген. Денсаулықты сақтаудың ең негізгі қағидалары – скринигтен өту, уақытында екпе алу, созылмалы дерті болса есепке тұру. Сонымен қатар, дұрыс тамақтанып, түнде ұйықтап, спортпен айналысуға мән бергені жөн.

– Әңгімеңізге рахмет!

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.