Талдықорған: +26°C
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫНА КОТТЕДЖ БЕРІЛЕДІ

15.02.2019
КҮЛТӨБЕ
КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫНА КОТТЕДЖ БЕРІЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы өтіп, саяси ұйымның межеленген міндеттерді еңсеру жолы қарастырылды. «Нұр Отан» партиясы облыстық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсембінов, партияның аумақтық филиалдарының төрағалары, төрағалардың бірінші орынбасарлары, Саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысқан алқалы жиынды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ ашып, жүргізіп отырды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының іске асырылу барысы таныстырылып, партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелері, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы» Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» туралы, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезіне делегаттар сайлау мәселелері талқыланған конференция жұмысына партияның аудандық, қалалық филиалдарынан 130 делегат сайланды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңес мүшесі, облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев баяндама жасап, өңірде атқарылған ілкімді істердің нәтижесін таныстырды.

– Халық табысын өсіру бағыты бойынша облыстағы барлық кәсіпорын тарапынан жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көтеру жұмыстары жүргізілді. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру бойынша бүгінгі күні облыс күллі республика ауылшаруашылығындағы жалпы өнім көлемінің 16 пайызын беріп отыр. Қант қызылшасының алқабы 2800, жүгері 1453, жемшөп дақылдары 1215, көкөніс егістігі 707 гектарға ұлғайтылды. 11 200 гектарға себілген қант қызылшасы алқабынан 440  мың тонна тәтті түбір жиналды. Осыған орай келешекте тағы екі қант зауытын іске қосу жоспарлануда, – деген Ақан Жылқышыбайұлы аймақтағы оң өзгерістерге тоқталып, іске асып жатқан жұмыстарды сөз етті. Баяндамадан соң делегаттардың дауыс беруімен бірінші мәселе бойынша қаулы қабылданды.

Сөз тізгінін алған Амандық Ғаббасұлы Жолдауда көрсетілген тапсырмалардың тиянақты орындалып жатқанын айта келе биыл қолға алынатын жұмыстарды мысалға келтірді.

– Аудан, қала әкімдері көпбалалы, аз қамтылған отбасылармен жұмысты басты назарға алып, нақты шараларды іске асыруы керек. Облыс әкімдігі көпбалалы аналарға көмек ретінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз 1 миллион несие беру, Талдықорған қаласындағы шағын қалашыққа салынған коттедждерден үй бөлу, көпқабатты екі тұрғын үйді жобалау мәселесін қолға алды. Кәсіпкерлерден көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға көмек беруді сұраймын, – деп облыс әкімінің оқу гранты қосымша 100 грантқа көбейетінін, аз қамтылған отбасылардың тұрғын үйлерін газға қосу бағасын инвесторлар есебінен төмендету, жеке тұрғын үйлерге тегін газ датчиктерін орнату үшін қаржы бөлінетінін және студенттерге арналған 288 орынды жатақхана құрылысы басталатынын жеткізді. Сонымен қатар, күні кеше облыстық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер, Талғар ауданының Құрметті азаматы Асқар Сүлейменовтің демеушілігімен көпбалалы Жанболатовтар отбасының баспаналы болғанын тілге тиек етіп, кәсіпкерге алғыс білдірді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған Ғалиасқар Төлендіұлы: «Партия мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетумен ғана емес, сондай-ақ, барлық қазақстандықтардың лайықты өмір сүруі үшін жағдай жасауға бағытталатын тиімді және әділ әлеуметтік саясатты іске асыруды қолдайды», – деп партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелеріне тоқталды. Әрмен қарай Саяси кеңес мүшесі, облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов «Нұр Отан» партиясының тарихынан ақпарат берді. Ал, Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының директоры, «Ақпарат» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ляззат Есболова «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын басшылыққа алып ашылып жатқан IT орталықтар мен сыныптардың жұмысын сөз етті. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Ақболатов жастардың кәсіппен айналысуы, жұмысқа тұруы, білім алуы тұрғысындағы жетістіктерді назарға ұсынды. Саяси кеңес мүшесі, партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары  Гүлнәр Тойлыбаева партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайын баяндады.

Конференция соңында облыс әкімі Амандық Баталов биылғы жылдың 27 ақпанында Астана қаласында өтетін партияның кезекті XVIIІ съезіне «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының бекітілген квотасына сәйкес облыстан 93 делегат қатысатынын, сондай-ақ, съезге шақырылған 8 партия белсендісімен делегаттар санының 101 адамды құрағанын ерекше атап өтті.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда «Әкелер форумы» өтті

Талдықорғанда «Әкелер форумы» өтті

22.06.2026
Нобель иегерімен жүздесу

Нобель иегерімен жүздесу

22.06.2026
Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

22.06.2026
Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

22.06.2026
Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

22.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.