Талдықорған: +15°C
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨРЕГЕН ТҰЛҒА

30.11.2020
КҮЛТӨБЕ
КӨРЕГЕН ТҰЛҒА
WhatsAppTelegramFacebook

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні болғандықтан Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ елі мен жері үшін жасаған ізгі істерінің бір парасын айта кетуді өзіме парыз санаймын. Себебі, біз замандаспыз. Бір дәуірдің ауасын жұтып, бір кезеңнің ауыртпалығы мен қиындығын бастан өткердік. Менің айтарым, халықаралық саясатқа түрен салған Елбасы көтерген ауыртпалықтың, қиындықтың салмағын ойша парықтау.

Иә, еліміздің тәуелсіздігі қолға тиген күннен бастап тынышсыз әлем жұртшылығына Қазақстан Республикасын таныстыру мақсатында көптеген іс атқарылды. Солардың қатарында ғасырлар бойы айтылар оқиға – талай адам мен жануардың өмірін қиған, көк өскіннің тамырын құртқан Семей ядролық полигонын жабу, ұшқан құстың қанаты талатын, шапқан аттың тұяғы қызатын кең-байтақ жеріміздің шегарасын шегендеу сынды істер оқ бойы озық тұрғаны рас. Өйткені, қылышынан қан тамған кеңестік идеологияның қысымымен салынған Семей сынақ полигонында жасалған 456 жарылыстың зардабы 1945 жылы Жапонияның Хиросима қаласына тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есеге артып кеткені белгілі. Ал қазіргідей әлемдік геосаяси жағдайда ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен сақтап қалған жалпы ұзындығы 13 394 шақырымға тең ұлан-байтақ алқаптың іргесін бұзбай, шаңырағын биіктетіп ұстау нар түйенің белін қайыстырар үлкен жауапкершілік еді. Осыншама ауқымды жердің 2000 шақырымнан астамы Каспий теңізінде жатса, солтүстік-батысында Ресеймен 7591 шақырымға шектеседі. Алтай тауынан Хантәңірі шыңына дейін созылып жатқан Қытай елімен арадағы мемлекеттік шегара 1782 шақырымға тең болса, оңтүстігімізде Қырғызстанмен 1241 шақырым шектеседі. Оңтүстікбатыста 2354 шақырым Өзбекстанмен арадағы аумақты анықтаса, батыстағы шегараның 426 шақырымы Түрікменстанмен түйіседі. Төрт тарапты алып жатқан шегарамыздың әрбір шақырымы осылайша хатқа түсіп, Біріккен Ұлттар Ұйымына нақты құжат ретінде ұсынылды. Бұл әлемдік саясатты жүргізіп отырған алпауыт мемлекеттерге Қазақстан Республикасының территориясын еріксіз мойындату деген сөз. Міне, осындай елеулі істерді атқаруды өз мойнына алған Нұрсұлтан Әбішұлының қайраткерлігі, азаматтығы қандай өлшемді де сөзсіз толтырады. Себебі, мен айтқан игілікті істер оның қайраткерлік жолы басталғаннан көкейінде жүргені анық. Сондықтан 1991 жылы 17 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында: «Бар жауапкершілігін мойныма аламын және өз өкілеттігімді пайдалана отырып, арнайы Жарлықпен Семей полигонын жабық деп жариялаймын» деген сөзді айтуы естігендердің санасында қалды. Бұны әрбір саналы азамат айта жүреді деп сенемін.

Одан кейінгі кезеңдер көпшіліктің көз алдында. Әсіресе, кейінгі ұрпақтың есінде қалар шешуші сәт – ҚР Президенттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізіп берер кездегі Үндеуі дер едім. Өйткені 2019 жылы 19 наурызда, кешкі сағат 19.00-де орталық телеарналардың тікелей эфирі арқылы республика жұртшылығын елең еткізген мәлімдемесі әділдіктің, адалдықтың, жанашырлықтың шынайы көрінісі болды. Міне, алысты болжай білген Елбасының көрегендігі кімді болса да тәнті етіп, алабұртқан жүректерді сабасына түсірді. Тағдыршешті сәттерді алдын ала болжай білген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлік тұлғасы осылайша биіктей бергені шындық.

Халқымыз: «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын, жаманның жамандығын айт – құты қашсын» дейді. Рас сөз. Жақсылық айтқан сайын артады. Ендеше, еліміздің жетістікке қол жеткізіп, өскелең ұрпақтың жақсы күндердің куәгеріне айналуы үшін жақсылықты молынан айтуымыз керек. Сонда ғана алдағы кезеңнің көрінісі айқын, жетістігі мол, табысы артық боларына сенім ұлғая түседі.

Әріпбай СЫБАНБАЕВ,
зейнеткер
Жалаңаш ауылы, Кеген ауданы

Қатысты жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

25.05.2026
Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

25.05.2026
15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

25.05.2026
«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

25.05.2026
Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

25.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.