Талдықорған: -7°C
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Көрмеге 337 күн қалды

05.07.2016
КҮЛТӨБЕ
Көрмеге 337 күн қалды
WhatsAppTelegramFacebook

ЭКСПО тарихы техника атаулының те­тігін түгендеген тұңғыш Лондон көрмесіне ба­рып тіреледі. Бұл енді кешегі ақиқат дер­сіз. Одан бері де айтулы көрме өз ке­реметін талай рет танытты. Араға мезет салып кідіріссіз ұйым­дастырылып отыр­ды.

Ең қызығы сол – әлемдегі алпауыт ел­дер­дің алдыңғы легі бұл көрмені әрқай­сы­сы жеке-жеке он ретке жуық дүрілдете өт­кізіп үлгерсе де өз тараптарынан мұндай ірі шараға толған, тойған рай танытпапты әзір­ге. Бәрі де алдағы көрмелер көмбесіне таласып-тармасулы.

Мұның бәрін неге айтамыз? Өйткені, хақ­тың нұры түскен қазақ елі 2017 жылы жаз айын­да  өтетін әйгілі Халықаралық көрме – ЭКСПО-да өзінің барын, байлығын, бақуа­тын көрсетуге мүмкіндік алып отыр. Аталған шара  337 күннен соң болмақ. Әрине, үлкен міндет­тің үдесін ескерсеңіз, бұл тым қысқа уақыт. Біз бұған дейін өз топырағында ЭКСПО қызы­ғының «дәмін» татпаған елміз. Ке­шегі кезекті «ЭКСПО-2015» Миланға дейінгі аралықта  атақты көрменің дақпыр­тымен, аңыз-әфса­на­сымен ғана танысып өттік. Ендігі жерде ше? Біз­ді онда не күтеді? Бар қазақтың бұл көрмені кө­руге мүмкіндігі бар ма?.. Осындай сан сауалға жауап беру үшін негізгі-негізгі дүниелерді екшеп айт­қанды жөн көрдік.

Біріншіден, қазақ елі Ұлы Дала өркение­тінің алтын қамбасын жалпақ жаһанға  жар­қы­­рата ашады. Жалт-жұлт еткен жауһарлары көзбен қатар көңілді де арбары шүбәсіз. Алып тари­хына арқау болған Алтын адамынан тартып, түбін түркіге түгендеткен тастағы таң­балы жазуларға дейінгі таңғажайып экс­понаттардың туристердің таңдайын та­қыл­датары сөзсіз.  

Екіншіден, бүгінде он мыңдаған жұмысшы саусағының табы қалған, түрлі сала бойынша 30 мың қызметкердің басы біріктірілген Астана ЭКСПО кешені сізді қабылдайды. Сізбен қоса қазақ даласын бір көруге асық болған жүз­деген елдің азаматы ағылады. Сөйтіп, болашақтың жасыл энергиялы қала­шығы –  “ЭКСПО-2017” көрмесі өз кереметін паш етеді мұнда. Мәйегі бүтін мәдени мұ­ралар, тіпті кейінгі техникалық про­грес­тің по­шымын көз алдыңызға әкеле­тін соңғы үлгі­дегі озық технологиялар, заманауи тетіктер – бәрі-бәрі сіздің көз алдыңыздан өтеді. 

Үшіншіден, ұлы қазақ елін  бүкіл әлем боя­ма­сыз, жарнамасыз таниды. «ЭКСПО көрмесі әлем­дік деңгейдегі спектакль сияқты» деп кім айт­қанын қайдам, осы әлемдік деңгейдегі “театр сахнасында» Қазақстанның өз тұлғасын сәтті  сомдай­тыны  даусыз.  Оған се­беп, әуелі Бүкіл­әлемдік турис­тік ұйым (ВТООН) «ЭКСПО-2017» көр­месі ая­сын­да 2017 жылдың маусым айының аяғына таман «Туризм және Болашақ энер­гиясы» атты бірлес­кен конференция өткізбек. Мұндай ай­ту­лы шараға қазір­ге 150-ден астам мем­ле­кеттің туризм министрлері қатысады деп жос­пар­ланған. Осыдан-ақ, көп нәр­сені бай­қауға болар.  Бұған қоса, тағы бір айта кетерлік жайт – Халық­аралық көрме бюросы бекіткен негізгі бағдар­ламалық құжатқа сәйкес 147 млн. еуро демеу­шілік қаражат тарту жос­парланса,  қазіргі уақытта қазақ­стандық және шетелдік компа­ния­лар есебінен 100 млн.еуроға шарттар мен мемо­рандум­дар бекітіліпті. Бұдан бөлек, 244 млрд. теңге инвестиция тартылып отыр.

Осылайша «Болашақтың энергия­сын» өзіне тақырып етіп алған біздің «ЭКСПО – 2017» әлем­ге қазақ атын мәш­һүр етпек. Бү­гінде көрме би­­лет­тері сатыла баста­ды. Осы арада оқыр­ман­ның білгісі келген бір ақ­паратты ұсына кет­ке­німіз артық болмас. Ресми ақпа­раттар көр­меге кіру құны киноға билет құнынан аз ғана жоғары бола­тынын ай­туда. Демек, тұтас Қа­зақстан халқы еліміздің ертеңі болған алып «ЭКСПО-2017» аралап қайтуға мүм­кіндік алады.

Қозыбай Құрман

Қатысты жаңалықтар

Дайыров көшесіндегі заңсыз саудаға тосқауыл қойылады

Дайыров көшесіндегі заңсыз саудаға тосқауыл қойылады

28.02.2026
Жетісуда үш жедел әрекет ету нысаны қолданысқа берілді

Жетісуда үш жедел әрекет ету нысаны қолданысқа берілді

28.02.2026
Arrivederci, Italia! Тарихи алтын үшін алғыс

Arrivederci, Italia! Тарихи алтын үшін алғыс

28.02.2026
Тәтті түбір тамырына нәр берген

Тәтті түбір тамырына нәр берген

28.02.2026
Саяси партиялар халықтық Конституцияны қолдайтындарын мәлімдеді

Саяси партиялар халықтық Конституцияны қолдайтындарын мәлімдеді

28.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.