Талдықорған: +16°C
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ

30.11.2020
КҮЛТӨБЕ
ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қай елдің болсын алғашқы Президентінің сол мемлекеттің тарихында алар орны айрықша. Өйткені, Президент – мемлекеттің құрылуы мен алдағы дамуына тікелей қатысты тұлға. Сондықтан да әр халық тұңғыш Президентін құрмет тұтады. Біздің елімізде де солай. Осы орайда саяси аренада өзіндік орны бар әлем елдерінің Тұңғыш Президенттері жайында сөз қозғамақпыз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде ел Президенті болып сайланды және осы күннен еліміздің тәуелсіздік тарихы басталды. Отыз жылға жуық ел басқарған Нұрсұлтан Әбішұлының атқарған игі ісі жетерлік. Оның жетекшілігімен еліміз ешкімге ұқсамайтын экономикалық даму жолын құрды. Даму қарқыны жағынан Қазақстан ХХІ ғасырдағы көшбастаушы мемлекеттердің қатарына қосылды. Әлемде өзінің саяси орнын айқындады. Бейбіт саясат пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етті. Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Жаһандық ядролық сынақсыз аймақ құру жөнінде ұсыныс берді. Әлем халқы Қазақстан басшысының ұлы бастамасына қолдау көрсетті. Сындарлы саясаткер Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті экономикасы орнықты 50 елдің қатарына қосты.

АҚШ-тың Тұңғыш Президенті Джордж ВАШИНГТОН да тарихта аты қалған тұлға. Ол Құрама Штаттардың негізін қалаушылардың бірі. Америка Революциялық Соғысында Континентальді Армияның Ұлыбританияны жеңуіне жетекшілік еткен. Вашингтон 1788 жылы АҚШ Президенті болып сайланды. Президенттік қызметті екі мерзім атқарды. Американың Тәуелсіздік үшін күрес жылдарындағы Вашингтонның беделі мен абыройы ол қызметінен кеткеннен кейін де арта түсті. Америкалықтар оны «ұлттық батыр» мәртебесіне дейін көтерді. Оның атақ-даңқы халықаралық қауымдастыққа да белгілі болды. Ол әскери ұйымдастырушылық қабілетімен қатар дипломатиялық қырымен де танылды. Франциямен бірлесіп ағылшын метрополиясына қарсы коалиция құруға қол жеткізді. Джордж Вашингтонның туған күні – 22 ақпан Президент күні ретінде аталып келді. Бұл күн 1885 жылы ресми түрде жалпыұлттық мереке ретінде жарияланды. 1971 жылы АҚШ Конгресі мерекелерді дүйсенбіге ауыстыру туралы заң қабылдайды. Осыған орай Джордж Вашингтонның туған күнін, яғни, АҚШ-тағы Президент мерекесі ақпан айының үшінші аптасындағы дүйсенбі күні болып белгіленді. Тұңғыш Президенттің мұндай құрметке әбден лайықты екенін әрбір америкалық мойындап, оның рухына бас иеді.

Түркия Республикасының Тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал АТАТҮРІК 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылған күні президент болып сайланды. Ол Түркияны зайырлы, индустриялды ел етіп құрудың басында тұрды. Тегін бастауыш мектептер ашып, мыңдаған білім ошағын салдырды. Латын негізіндегі түрік әліппесін жасатты. Кейін Мұстафа Кемал Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформалар жасады.

Оңтүстік Кореяның Тұңғыш Президенті Ли Сың МАН айдаудағы Корея Республикасы уақытша үкіметінің бірінші басшысы, сонымен қатар Корея Республикасының алғашқы президенті болған. Ол өз саясатын 1948-1960 жылдар аралығында жүргізді. Оның билігінде Корея қос мемлекетке бөлінді: Оңтүстік және Солтүстік Корея.

Үндістанның Тұңғыш Президенті Раджендра ПРАСАД 1950-1962 жылдары билік басында болды. Ол әрі жазушы ретінде бірнеше кітап жазды. Индуизмнің белсенді жақтаушысы болды, бірақ Үндістандағы басқа діндерге де дұрыс көзқараспен қарады. Соның арқасында Раджендра Прасад тіпті, экстремалды индустар арасында да құрметке ие болды.

Италияның Тұңғыш Президенті Энрико де НИКОЛА бастапқыда заңгер, журналист, мемлекет қайраткері ретінде танылды. 1948 жылы Италия Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды. Бұған дейін ол 1946 жылғы 28 маусымнан 1947 жылғы 31 желтоқсан аралығында уақытша мемлекет басшысы болды. 1947 жылы 25 маусымда денсаулығының нашарлығына байланысты отставкаға кетті. Алайда Конституциялық ассамблея оны келесі күні уақытша Мемлекет басшысы етіп қайта сайлады. 1947 жылдың 31 шілдесіндегі Құрылтай жиналысында мақұлданған Италия мен одақтас державалар арасындағы бейбітшілік келісімін ратификациялау туралы құжатқа қол қоюдан біраз уақыт бас тартты, өйткені ол оның ережелерінің бір бөлігімен келіспеді. 1948 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Италия Конституциясы күшіне енгеннен кейін, ресми түрде Президент болды. Кейіннен ол 1948 жылы мамырда өткен келесі сайлауда президенттікке үміткер болу туралы ұсынысты қабылдамады. Солай өз еркімен отставкаға кетті.

Ресей Федерациясының Тұңғыш Президенті Борис ЕЛЬЦИН 1991- 1999 жылдар аралығында ел басқарды. 1991 жылы 12 маусымда өткен Ресейдегі тұңғыш президент сайлауында жеңіске жетті. Әйгілі тамыз бүлігінде шешуші рөл атқарып, Кеңес одағының ыдырауын, оны ұстап тұрған жетекші партия КОКП-ты биліктен аластауды жеделдетті. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының, Кеден одағының негізін қалауға үлес қосты. Ресей Президенті қызметін атқарған жылдары бірнеше рет ресми сапармен Қазақстанда болды. Екіжақты қарым-қатынасты дамытуға сіңірген еңбегі үшін 1998 жылы ол Қазақстанның ең жоғары наградасы “Алтын Қыран” орденімен марапатталды. Ресейде 1996 жылы 3 шілдеде өткен кезекті президент сайлауында қайта сайланды. 2000 жылы 1 қаңтардан биліктен өз еркімен бас тартты.

Осылайша әр елдің Тұңғыш Президенттері мемлекеттің негізін қалаушы, көшбасшы, саясаткер ретінде тарихта қалды. Халық ұлы тұлғалардың жарқын ісін ешқашан ұмытпайды.

Айгерім ЕСІМХАН,
№12 орта мектеп-гимназиясының оқушысы
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

25.05.2026
Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

25.05.2026
15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

25.05.2026
«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

25.05.2026
Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

25.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.