Талдықорған: +6°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Әлемнің жарығы

07.03.2017
КҮЛТӨБЕ
Әлемнің жарығы
WhatsAppTelegramFacebook

Күлімдеген көктеммен қатар келген Халықаралық әйелдер мерекесінде жетісулық аруларды Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат ТҰРЛАШОВ құттықтады. Салтанатты шараға тыл еңбеккерлері, қоғам қайраткерлері, көп балалы аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандар қатысты. 

Ұрпағын өрбітіп, қара қазанын қайнатып, отын маздатып, қысылғанда еріне демеу, еліне медеу болған АНА – ежелден шаңырақтың алтын қазығы. Алтын әріппен жазылған тарихымыздағы аумалы-төкпелі заманда өнегелі ісімен ел-жұртқа үлгі болған, Отан үшін от кешкен батыр қыздар есімі аңызға айналды. Бүгінде облыс халқының тең жартысын құрайтын әйелдер қауымы әр салада жемісті еңбек етуде. Мемлекеттік қызметте  7 мың 549 қызметкер болса, оның     48,7 пайызы нәзік жандылармен толыққан. 
Кездесуде сөз алған облыс әкімінің міндетін атқарушы аналарға ақжарма тілегін арнады:  
– Халқымыз қашанда ананы ардақтап, қыз баланы ерекше құрметтеген. «Ақ бесіктің иесі, туған жердің киесі», – деген бабалар тәмсілі соның дәлелі. Әйел, отбасы, қоғам – бұл үшеуі өзара тығыз байланысты. Әйел – ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, Отанымыздың болашағына жауапты тұлға. Тарих беттерінде асыл аналарымыздың салған сара жолымен біздің ұрпақ жүріп келеді. Бүгіннің өзінде қоғамдық өмірдің кез-келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Отбасы ошақ қасында білек сыбана іс тындырып қана қоймай, қоғамдағы ауыр жүкті арқалап келген асыл жандардың еңбегі ерен. Өңіріміздегі ауылшаруашылығын дамытып, өркендетуге лайықты үлес қосқан Еңбек Ерлері Зылиха Тамшыбаева, Күләш Айтжанова, Мәрия Аябаева, Күлдария Тоқсейітова, Адалят Зайнаудинова, Рахилям Сейітова, Вера Лютова, Зәкария Сейітова, Мәмилә Әлімбаева және облыстың Құрметті азаматшалары Бәтима Сақауова, Күләш Түменбаева, Күмісжан Өмірбаева, Қалима Жазылбекова, Марьян Байқанова, Дина Нұрғалиева, Ұлтуған Жаутікова сынды аналарымыз ел мақтанышына айналды. Осындай аналарымыз бар біз бақыттымыз. Ержүрек батыр да, қаламы жүйрік ақын да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де алтын құрсақты Ананың перзенті. Сұлулық пен нәзіктіктің иесіне айналған Сіздерді осынау мерекемен облыс әкімінің және барша жетісулықтың атынан шын жүректен құттықтаймын, – деді Лаззат Махатұлы. 
Құттықтау сөзден соң облыс әкімінің міндетін атқарушы сарқандық Аружан Нұрғазиеваға, кербұлақтық Жанар Шұғыловаға, Панфилов ауданының батыр анасы Бақытгүл Илиповаға «Алтын алқа», ал Қарасай ауданының тұрғыны Сәттігүл Мұсабекова мен райымбектік Өкіл Мирасқа «Күміс» алқа төсбелгілерін табыстап, бірқатар азаматшаларға облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын ұсынды.
Өз кезегінде жиынға қатысушы қонақтар тарапынан, атап айтсақ, Іле аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Нәдірбекова, облыстық «ЭЛЕФТЕРИЯ» гректер қоғамының мүшесі Наталья Тифанциди сөз алып, атқарылып жатқан игі істерге оң бағаларын беріп, облыс әкімдігіне аналар атынан өз ризашылықтарын жеткізді. Ал қазақ елінде дүниеге келіп, өмір сүргенін зор мақтаныш санайтын Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Карина Горичева еліміздің көк Туын әлемде желбіретіп, алтыннан алқа алып, елін қуантатынына уәде берді.
Жиын соңында өңіріміздің өнер жұлдыздары аналарға, әйелдер қауымына арнап ән шырқап, залда жиналған нәзік жандыларды өз өнерімен тәнті етті.

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Фотографиядағы айтулы жыл. Ең алғашқы

Фотографиядағы айтулы жыл. Ең алғашқы

04.03.2026
Жетісуда бақылаушылар тобы дайындықты бастады

Жетісуда бақылаушылар тобы дайындықты бастады

04.03.2026
Орталық Азиядағы климаттық қатер: Қазақстан сақтандыру саласында көш бастады

Орталық Азиядағы климаттық қатер: Қазақстан сақтандыру саласында көш бастады

04.03.2026
Президенттің экс-баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың отбасы қара жамылды

Президенттің экс-баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың отбасы қара жамылды

04.03.2026
Ақтөбе мен Жетісу облысында жол жабылды

Ақтөбе мен Жетісу облысында жол жабылды

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.