Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ұлы мамандық иесіне құрмет жоғары

14.10.2023
КҮЛТӨБЕ
Ұлы мамандық иесіне құрмет жоғары
WhatsAppTelegramFacebook

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп данышпан Абай айтқандай, ерінбей, жалықпай еткен еңбегінің арқасында шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген мұғалім ғана нағыз ұстаз бола алады. Көксу ауданы Талапты ауылдық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ирина Бітібаева дәл осындай білікті маман, нағыз еңбек адамы.  Ол саналы ғұмырының 30 жылын жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруге арнаған ұлағатты ұстаз.

Өзінің бақытын аямай, өзгенің уақытын бағалай білетін асыл мамандық иелеріне деген құрмет қашанда жоғары. Себебі ұрпақ тәрбиелеу, оларды білім көкжиегіне жетелеу – ең қиын әрі жауапты жұмыс. Ал біздің бүгінгі білімді, білікті, еңбекқор кейіпкеріміз Ирина Бексұлтанқызының өмірінің бір қызығы – мектеп, еңбегінің жемісі – өскен ұрпақ, қуанышы – үлкен өмір айдынына қанат қағып ұшқан түлектері.

Ұстаздар отбасында дүниеге келген Ирина Бексұлтанқызы жеті баланың кенжесі. Ұйғыр ауданы Сұңқар ауылында дүниеге келіп, Сұңқар орта мектебін 1989 жылы бітіріп, Қазақ қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жоғары білім алған. 1994 жылы оқуын тамамдаған жас маман алғашқы еңбек жолын Талдықорған қаласындағы №17 мектебінен бастаған.

Әкесі Бексұлтан Көншібаевтың жолын қуған қыздары Гүлнар мен Ирина бүгінде білімді де білікті маман атанып, әке сенімін ақтады. Ирина Бексұлтанқызының жолын туған қыздары да жалғап келеді. Айдана Астана қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінде тарих  пәні мұғалімі. Кіші қызы Гүлдана Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде ағылшын тілі мамандығы бойынша білім алуда. Шаңырақтың шаттығын еселеп отырған келіні Гүлім Құрманова да М. Құрманов атындағы №2 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ұрпақ тәрбиесіне үлес қосуда қыруар еңбек етіп келе жатқан отбасының бұл ісі баршаға үлгі-өнеге.

– Әкем – мықты ұстаз болды. Әдебиетке деген құштарлығымның сәулесін тұтатқан да сол кісі. Міне, әке салған сара жолмен жүріп, талай шәкірттің бағбаны болып, еңселі елдің ұландарын тәрбиелеп, білім беріп келемін. Мамандық таңдау мүмкіндігі қайта ұсынылса, тағы да ұстаздық жолды таңдар едім. Мерейімізді асырып, мәртебемізді биіктетіп, көңілімізге қуаныш сыйлап жатқан облыс, аудан әкімдеріне ерекше алғысымды білдіремін, – дейді  ұлағатты ұстаз Ирина Бітібаева.

Педагог-сарапшы Ирина Бексұлтанқызынан тәлім алған оқушылары аудандық, облыстық, республикалық деңгейде өткізілген түрлі байқаудан жақсы нәтиже көрсетіп, аудан, облыс атын шығаруда. Бұл ұстаз үшін үлкен жеңіспен пара-пар.

Кейіпкеріміз күні кеше ғана өткен аудандық Мұғалімдер мерекесінде аудан әкімі Марлен Көлбаевтың қолынан білім саласына сіңірген еңбегі, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Олай болса, тәрбие мен білім беруде тынымсыз, адал еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздың жұмысына сәттілік тілейміз.  

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Суретте: аудан әкімі Марлен КӨЛБАЕВ, ұлағатты ұстаз Ирина БІТІБАЕВА.
Суретті түсірген: Руслан ҚАДЫРОВ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Құрылтай – орталық пен өңір арасын жақындатқан жүйе

Құрылтай – орталық пен өңір арасын жақындатқан жүйе

08.08.2026
Сауатсыз бала неге көбейді?

Сауатсыз бала неге көбейді?

08.08.2026
Есеюдің жасы бар ма?

Есеюдің жасы бар ма?

08.08.2026
Алқапты сумен түлеткен

Алқапты сумен түлеткен

08.08.2026
Құрылысшыға құрмет

Құрылысшыға құрмет

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.