Талдықорған: -1°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ұлыстың Ұлы күні Жетісу жеріне шуағын төкті

27.03.2017
КҮЛТӨБЕ
Ұлыстың Ұлы күні Жетісу жеріне шуағын төкті
WhatsAppTelegramFacebook

Күн мен Түн теңеліп, Жер-ана бусанып, тіршілік қайта түлейтін, соған сай адамдардың да көңілі шадыман шаттыққа бөленетін тамаша мереке – Ұлыстың Ұлы күні!  Адамдардың аузы аққа, малдың аузы көкке тиіп, барша адамзат баласына қуаныш нұрын себетін бұл күні көпшілік ортақ тайқазаннан дәм татып, «елімізде молшылық, тоқшылық болсын» деген тілегін жеткізеді. Ұлттық киім киініп, бар өнерін паш етіп, Наурызды бар ықылас-ниетімен тойлауға ниетті көпшіліктің ізгі көңілінен жылдан-жылға Наурыз мерекесінің маңызы артып келе жатқандығы анық аңғарылады. Жыл басы Наурыз мерекесі облыс орталығында сән-салтанатымен атап өтілді. Облыс әкімі Амандық Баталов бастаған топ бірінші кезекте қала шетіндегі бұлақтың көзін ашып, бір-бір кесе мөлдір судан қанып ішті. 

Бұдан соң облыс басшысы бастаған ел ағалары Қонаев пен Балапанов көшелері қиылысынан Алматыға барар жолды бойлай, «Жастар» саябағына дейін жалғасып, атшаптырым аумақты ала тойланып жатқан мерекеге бет алды. Алқалы топты қарсы алғандар төс қағыстырып, «Ұлыс оң, ақ мол болсын!» – деген тілектерін жеткізді. Дәстүрлі әншілер Арафат Ысқақов, Бейбіт Мұсаев бастаған облыстық филармонияның әншілері жыр-шашуын тарту етті.
Көше бойлай тігілген ақшаңқан киіз үйлер, ақ кимешек киініп, ақ тілегін ағытып, наурызкөже, ірімшік, жент, құрт, майын тосқан әжелеріміз Наурыз нақыштарын анық аңғартты. Бұл күні ұлттық ойындар мен салт-дәстүрге ерекше көңіл бөлінді. Киіз үй тіккен әр мекеме ән-күйді шалқытып, салт-дәстүрден бір-бір көрініс көрсетті. Облыс әкімі Амандық Баталов көпшілікті ұлық мерекемен құттықтады.
– Құрметті жетісулықтар! Қадірлі қала қонақтары! 
Ұлыстың Ұлы күні, Жыл басы – Наурыз мерекесімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Әз Наурызда баршаңызға бақыт пен қуаныш, әр шаңыраққа шаттық пен ырыс тілеймін!
Наурыз мейрамы тәуелсіз елімізге, Жетісу жеріне құт-береке әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 
Бұл  Күн мен Түн теңелетін қасиетті күн. Адам баласы мен Табиғат-ана қайта жаңғырып, түлейтін ай. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен ынтымақтың мерекесі. Бұл күні өткен күнге ой жүгіртіп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеу жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.  
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Ұлы өркениетімізден тамыр тартқан Ұлыстың Ұлы күні – Ай мен Күндей, әлемге бірдей адамзаттың ортақ қазынасына айналды», – деген болатын.    
Көпті көрген дана қариялар: «Қасиетті көк тасты балқытатын Наурыз тойында  көктем шуағымен көңіл кірі шайылып, көкіректе реніш қалмауы керек», – дейді. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тапқан. 
Наурыз мерекесі қарсаңында облысымыздың екі миллионыншы тұрғыны дүниеге келіп, жақсы жаңалығымен қуантып отыр. Елдің береке-бірлігі арқасында біз бұдан да үлкен табысқа жетеміз деген сенімдеміз.  
Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген наным бар. Ендеше, Тәуелсіздігіміз баянды, ұрпағымыз ұлағатты болып,  ел абыройы арта берсін дегім келеді.
Қасиетті  Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бақыт пен молшылық сыйласын! Жер жаннаты Жетісу жайнап, гүлдене берсін! Наурыз тойы құтты болсын, ағайын! – деді өңір басшысы. 
Бұдан соң «Ана тілі сұлтаны», «Наурыз аруы» байқауларының жеңімпаздарын марапаттап, сый-сияпатын табыс етті. Барлық талаптан шығып, білімі мен өнерін паш еткен Ботагөз Төлеуханова «Наурыз аруы» атанса, Айбар Заханов, Думан Әбілбеков, Нұрсұлтан Қанатханұлы сынды жалынды жастар «Ана тілі сұлтаны» атағын жеңіп алды.
Бұл күні Жетісу жұртшылығының ортасынан табылған облыс басшысы мерекеге орай тігілген 24 киіз үйдің әрқайсысына бас сұғып, сурет, қолөнер көрмелерін тамашалады.
Ақшаңқан киіз үйлерді қатар тіккен Білім ауылы мен Жастар ауылының өнерлі жұрты көпшілікті тамсандырды. Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің директоры Әділхан Адырбаев өзінің «Шағала» атты әнін әуелете орындап, осы білім ошағының өнерлі өрендері күйден шашу шашты. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің білімді, дарынды жастары Алдаркөсенің әзілдерін алға тартып, ән-биін шалқытып, бар өнерін ортаға салды.
Облыстық ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері басқармасы, журналистер қауымы бірігіп, Жастар ауылының түңдігін көтерді. Мұнда 7 бірдей сәбидің тұсаукесер рәсімі өтіп, оны атқару облыс әкіміне тапсырылды. Сондай-ақ, өткен жылғы Наурызда Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы өткізген балаға ат қою рәсімінде Амандық деп есім берілген кішкентай өреннің де тұсаукесері биылғы Наурызғадәл келді. Өзімен аттас балдырғанға Амандық Ғаббасұлы батасын беріп, үлкен жігіт болып, ата-анасының мақтанышына айналсын деген тілегін жеткізді. 

Жастар ауылында тағы бір игілікті іс орын алды. Дәстүріміз бойынша бұл күні жиырма шақты мүгедек жанға наурыз дәмін таттырып, мүмкіндігінше қолдау көрсетілді. Облыс басшысы да осы ортадан табылып, оларға ізгі тілегін арнады. Осы ауылда арқан тарту, тоғызқұмалақ, қолкүрес, асық ату, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындарымызға кеңінен орын берілді.
Еркін, Өтенай ауылдық округтері де киіз үйін тігіп, дастарқанын жайып, ауыл ажарын айшықтай түссе, қаламыздағы «Азия электрик», Экс-сервис «Арман», «ТК Метокон», «JLC-сүт» ЖШС-тері өз өнімдерінің көрмесін ұсынды. Қолөнер көрмесі де көрген жанды бейжай қалдырмады. Мұндағы шеберлер мен ісмерлердің қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, құрақ, төр көрпелер әсемдігімен көз тартты. 
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы да Наурыз мерекесіне ерекше атсалысып, әр ұлт өзінің салт-дәстүрін паш етіп, әнін айтып, биін биледі. 
Халық ерекше шаттыққа бөленген бұл күні Жастар саябағында Ортақ тайқазаннан дәм татып, елдің татулығы мен бірлігін арттырған Наурыз мерекесі туралы театрландырылған көрініс сахналанды. Облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның, «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблі әншілерінің ән-жыры қалықтады. Наурыз мерекесіне арнайы келген елімізге танымал әншілер Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева да көпшілікке жылы лебізін жеткізіп, ән шашуларын тарту етті. Міне, осылайша ұлық мерекені Жетісу жұртшылығы бар ықылас-пейілімен тойлады.
***
Панфилов ауданы.   Ұлтымыз  Ұлыстың  ұлы  күні  деп  ұлықтайтын  Наурыз  мерекесі  жазиралы  Жаркент  өңірінде  де  үлкен  дүбірлі  дүрмекпен  атап  өтілді. Мереке  қарсаңында  аудандағы  барлық  елді  мекендер  күл-қоқыстан  тазартылып,  ауылдық  округтердің орталық  алаңдарында  ақшаңқан  киіз  үйлер  тігіліп, мемлекеттік  мекемелер маңы  айшықты  қанатты  сөздермен, түрлі  түсті  тулармен  безендірілді.
Осындай  тойға  дайындық  шараларынан  кейін  аудан  орталығы  Жаркент  қаласы  да  ерекше  кейіпке  еніп,  жайнап  кетті. Қаладағы  барлық  мекеме  мен  кәсіпорын  ұжымдары  әпсанадан  тойланатын  ұлық  мерекеге  үлкен  дайындық  жасапты. Аудан  орталығындағы  жалпыхалықтық  мерекелер  өткізілетін  алаңда  киіз  үйлер  тігіліп,  оңтүстік  қанатында  әдеттегідей  ұлттық  этномәдениет  орталықтарының  Наурыз  тойын  тойлау  дәстүрлерінен  хабар  беретін  көріністер  көрмесі  жасақталған.
   Наурыз  тойы  бастау алар  тұста  халық  алаңдағы  үлкен  сахна  маңына  топтасып,  салтанатты  жиын  өткізілді. Жиында  аудан  әкімі Бердәулет  Абдулдаев  тойға  жиналған  қауымды  Наурыз  мерекесімен  құттықтап,  сөз  сөйледі.
Бұдан  әрі   Жаркент  қаласындағы  көпсалалы кәсіптік  колледждің  студенттері мен  ұстаздары  халыққа  театрландырылған  көріністер  көрсетті. Тойға  жиналған  қауым  арасында  ұлттық  киім  киген  жандар  көп. Әсіресе  қазақтың  өрнекті  шапанын,  камзолын  киген  адамдар ұлттық  сезімнің  ұлықтала  бастағанын  айғақтағандай.
Салтанатты  шарадан  кейін  алаңға  жиналған  халыққа  аудан  өнерпаздары  үлкен  концерт  көрсетті. 
***
Кербұлақ ауданы. Қыстан бақуатты шыққан Күреңбел жұрты аудан орталығы Сарыөзекке жиналып, ұлық мейрамды атап өтті. Тойшыл қауым әуелі Жер-ананың тоңын жібітіп, малдың аузын көкке, адамның аузын аққа тигізетін Ұлыстың Ұлы күнін көргеніне шүкіршілік етті. Ал осы арқа-жарқа болысқан ағайынды аудан әкімі Бағдат Әлиев құттықтаса, мереке шырайын ауыл өнерпаздары асырды.  
Бұл тойда айтылмаған ән, биленбеген би қалмады. Аңыз бойынша даланы кезіп, ел-жұртқа ақ батасын беріп кететін Қыдыр ата да келді. Орта толтырып ауылдың сал-серілері мен сұлулары ән-жырдан шашу шашып, дәстүріміз дәріптелді. Жігіттер қой көтерісіп жарысып, мықтының мықтысын анықтаса, өзге түрлі спорттық бәсекелер де жұрттың назарын аударды. 
Қыс құрсауы босап, жер арқасы жібіген бұл күннің қадір-қасиетін жұрт жақсы біледі. Ел пейіліне күн де шуағын төгіп, жер-әлемді нұрға бөлеп тұр.  Амандық-саулық сұрасқан жұрт бір-біріне ақ тілектер айтумен болды. Мейрам күні  ұлттық киім кигендер көп. Әшекейін тағынып, үстеріне камзол киген бойжеткендер, оюлы шапан киіп, ақсақалдығын танытқан аталар да жүр. Кимешек киінген апалар мен ақ орамал салған келіндер де мереке сәнін асырды. 
Осы күні өңірдің өркендеуіне үлес қосқан тұрғындар Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы атағын кеудесіне тақты. Осылайша күреңбелдік ағайын біразға дейін айтып жүрер тойға куә боп тарасты.
***
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ. Ұзынағаштың бас көшелері бұл күні нағыз жалпыхалықтық мереке алаңына айналды. Қаз-қатар тізілген қазақтың керегелі киіз үйлері мен шатырларда ақ дастарқан жайылып, наурызкөже берілді. Мекеме-ұйымдармен қатар  орыс, түрік, ұйғыр этномәдени орталықтары да өз алдына жеке-жеке отау көтеріп, ұлттық өнерімен, ән-биімен думанды қыздыра түсті. Мерекенің салтанатты бөлігі Мәдениет үйінің алдында аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың құттықтауымен басталды. Халықтық салт-дәстүрлер мен Табиғат-ананың түлеуі театрландырылған қойылымда көрініс тапты. «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі ән мен жыр бұлағын ағытты.
Халықаралық Алматы-Бішкек күрежолының бойында жатқан Самсы ауылында Наурыз мейрамы жылдағыдан ерекше тойланды. Он бес киіз үйде мерекенің басты дәмі – наурызкөже ұсынылды. Халықтың көңілін көтеретін шараларға кезек беріліп, боз кілемде бала да, қария да, ақ самайлы апалар да белдесті.
Ежелден табиғатпен үндесіп, жыл басын қуана қарсы алған халқымыз даналық пен тәрбиеге, өнегелі ұрпақтар сабақтастығына ерекше мән берген. Осы ретте Қыдыр ата бейнесінде Дәуренқұл қария Жаратқаннан елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тіледі. Самсы, Тарғап және Қопа ауылдарынан Мұхтар Шынтеміров, Мұратбек Базарбаев және Мұқарам Дүтбаев аталар бата жарыстырды. Көпшілікті Самсы селолық округінің әкімі Әлімхан Қосбасаров, мереке қонақтары «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұмабек Шажабаев, аудандық мәслихат хатшысы Саят Жұрын құттықтады.
Мереке барысында баланы бесікке бөлеу, тұсау кесу, сүндет той, қыз ұзату, құда күту сияқты ұлтымыздың тәлім-тәрбиелік мәні терең 13 түрлі салт-дәстүрі мен ырымдары көрсетілді. Ат мінген азаматтар көкпар, теңге ілу, аударыспақта бағы мен бабын қатар сынады. Қыз қууда жігіттермен бірге арулар да ат үстіндегі ептілігін байқасты. Ұлттық ат спортынан еңбек сіңірген жаттықтырушы Орынтай Әмірғалиевтің төрелігімен тартысты өткен көкпарға 500 мың теңгенің бәйгесі тігілді. Дегерес, Сұңқар, Үмбетәлі, Ұзынағаш сияқты ауылдардан тақымы күшті жігіттер бәсекені барынша қыздырды. Нәтижесінде Жамбыл ауылының көкпаршылары жеңімпаз атанды. Айтыссүйер ағайын Перизат пен Әмір арасындағы қыз бен жігіттің сөз қағысын тамашалады. Алматыдан арнайы келген танымал әншілер әуелете ән шырқады. Жастар алтыбақанда тербелді. 

Алма Есенбаева

Қатысты жаңалықтар

47 секундта үш гол салды

47 секундта үш гол салды

03.03.2026
Ақхалатты абзал жандарға алғыс

Ақхалатты абзал жандарға алғыс

03.03.2026
Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

03.03.2026
Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

03.03.2026
Жертөледен басталған жол

Жертөледен басталған жол

03.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.